Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет327/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
272
деп Абай анықтай айтады. Адам тірі тұрғанда тән мен жан бірге, адам ғұмыры біткенде ғана бір-
бірінен ажырайды. Олар бөлектенсе, өмір біткені. Абайдың айтуынша, адам өлмейді, өлетін табиғат 
немесе онда тұрѓан зат.
Ақыл мен жан мен – өзім, тән мекені, 
«Мені» мен «менікінің» мағынасы- екі. 
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, 
«Менікі» өлсе өлсін оған бекі. 
Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес 
Ол бірақ та қайтып келіп, ойнап күлмес. 
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын, 
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес, - деп адам рухының мәңгілік екеніне тоқталған.
Абайдың ойынша, «адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі. мейірімділік, ізгілік, өзгені 
өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіңе тілейтін игілік тілеу - мұның барлығы жүректің қалауы. 
Махаббат та - жүректің қалауы» [Он төртінші қара сөз, 23 б.].
«Адамшылықтың алды - махаббат, ғаделет (әділет) сезім. Бұлардың керек емес жері де жоқ, 
кіріспейтін де жері жоқ» [Қырық бесінші қара сөз, 121 б.]. [7]
Көріп отырғанымыздай, қазақтың данышпан ақынының шығармашылық мұрасы күні бүгінге 
дейін өз маңызын жойған жоқ және ол жойылмайды да. Өйткені қай заманда болмасын әлемді, 
табиғатты, адамгершілікті, рухани бастауларды сақтап қалу өзекті мәселе болып қала бермек. 
Бұл мәселелер қазақ халқының көрнекті ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының 
негізгі тақырыбы - мораль философиясы мен ар ілім. Шәкәрімнің рухани ізденістерінде көне сақ-
түркі дәуірінен қалыптасқан космостық дүниетаным ерекше орын алады, олардың киелі ұғымдары 
- Тәңірі, Әлем, Күн және Табиғат. Шәкәрімнің пайымдауынша, моральдың негізгі мәселелері - 
ар-ұждан, намыс, сенім туралы ілім. Осы ұғымдар адам жанының тірегі болып табылады. 
Шәкәрімнің ойынша, адам жаны мәңгі бақи өлмейді, ол кемелденуге және өркендеуге қабілетті. 
Төзімділік, әділеттілік, қайырымдылық ретінде түсінілетін ар-ұят адам жанының өрге жылжып, 
дамуының негізі болады. Шәкәрімнің адамгершілік туралы пайымдаулары оның «Үш анық» 
атты еңбегінде айқын көрінеді. Шәкәрімнің көзқарасы бойынша, бірінші анық - Жаратқанды, 
жанның мәңгілік екендігін мойындайтын сенім ақиқаты. Анық сенімге мән бергенмен, қандай 
да бір ғылыми негіздемесі болмағандықтан, адамдардың негізгі бөлігі оны қабылдай алмады. 
Екінші анық - сезіммен қабылдауға, және ұтымды ойлауға негізделген. Алайда ғылымның 
дәлелдемелері әр бағытта болып шықты және өмір мен білімнің одан әрі даму шамасы бойынша 
жоққа шығарылды. Сондықтан да олар адам жанының игілікті бастамасын қалыптастыруға негіз 
бола алмады.
Ақыр соңында үшінші анық - ар-ұждан субстанционалдық негізін кұрайтын жан анығы. Ар-
ұждан жанның негізгі қажеттілігі ретінде зұлымдықтан арылтып, игі өмір жолына түсіреді. 
Сондықтан да Шәкәрім жанның мәңгілік екендігін негіздеу және оның жаңа түрге енуге 
қабілеттілігі - адамның бақытқа қол жеткізуінің негізгі шарты деп есептейді. 
Шәкәрім адамзатты күнәдан арылту жолдарын іздей отырып, кем дегенде маңызды екі талапты 
сақтау керек деп есептейді.
Біріншісі: «Мемлекетті басқаруға адал, ақылды, риясыз адамдарды 
сайлау керек. Қызметке әділ, ізгі заңдар жасап, олардың орындалуын қадағалап отыратын 
адамдарды тағайындау керек» [8, 77 б].
Екіншісі: «адамдарды міндетті түрде еңбек етуге үйрету керек, оларға міндетті түрде білім беру 
керек, бірақ оның барлығы адам бойындағы сұрқиялықты құртуға жеткіліксіз. Адамды тәрбиелеу 
үдерісінде ар-ұждан ілімін енгізу қажет. Ол жөнінде ғалымдар ойлануы керек. Олар бұл қағиданы 
барлығына міндетті пән ретінде әзірлеуі керек». «Адамның қарапайымдылығы, әділдігі. ізгілігі 
біріккен кезде мен оны «ұждан» деген мұсылман сөзімен атаймын». Шәкәрім «ар-ұждан адам 
жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды, азғыруға көнбейді, әр кез 
кемелдене түседі, сондықтан да ол өзі үшін оның шарықтауын жылдамдататын себептерді міндетті 
етеді». Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік категориясы ретінде емес, өлмес адам жанының 
мәңгілік қажеттіліктері және өзіндік ерекшелігі бар субстанционалдық негіз ретінде түсіндірді. 
Шәкәрімнің философиясында Ар-ұждан - адам жанының негізгі қажеттілігі, адамды зұлымдықтан 
арылтатын және оны дұрыс жолға түсіретін анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет