Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет326/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
271
Көріп отырғанымыздай, ежелгі гректер үшін бүтіндей әлем және табиғаттың ажырамас 
бөлшегі ретінде қарастырылатын адам заттардың табиғатын білдіретін космос (ғарыш), ұтымды 
қол жеткізу арқылы қарастырылады. Ақыл-парасат, ойлау, білуге және түсінуге ұмтылу адамның 
тіршілік әрекетінде неғұрлым маңызды және шешуші фактор болып есептелді. 
Адам мәселесі орта ғасырлық араб әлемінде: теологиялық, мистикалық және философиялық - 
жетекші үш идеялық бағыттың шеңберінде қойылып, талқыға салынды. Солардың бірі әл-Фараби 
тағылымындағы адамның өмірлік мақсаты ретінде қарастырылған бақыт туралы ілім оның ақыл-
парасат туралы ілімімен тығыз байланысты. Сонымен қатар әл-Фараби 
«Жүрек – басты мүше, мұны 
тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі 
біріншісі емес», - дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана 
сезімінің даму ерекшеліктерін алады.
Шындығында адам тіршілігінде жүрек пен мидың атқарар маңызы зор. Жүрек денені қанмен, 
«өмір нәрімен» қаматмасыз ететін болса, ми сана және санадан төменгі бөлік арқылы адамның 
рухани жан-дүниесін құрайды.
Әл-Фарабидің айтуынша, адам өз түйсігі арқылы ұмтылатын әлдебір кемелдік бар. Ол адам 
ұмтылатын ең игі және нағыз кемелденген мақсат болып табылады. «Бұл - адамның өзі үшін ізделіп 
отырған жақсылық; оған ешкім де, ешқашан да әлденеге қол жеткізу үшін ұмтылмайды және де 
бақыттың ар жағында адам қол жеткізе алмайтын ешнәрсе жоқ» [4, 289 б]. 
Осы мәселелер төңірегінде ой қозғаған шығыстың ұлы ойшылы Жүсіп Баласағұни - көне 
түркі тілінде жазылған бірінші энциклопедиялық шығарма «Құтадғу білік» поэмасының авторы. 
Ж.Баласағұни бұл поэмада жалпы философиялық сипаттағы, сол сияқты нақты өмірлік, этикалық 
және эстетикалық тұрғыдан ауқымды жүйе ұсынды. Ол өмірдің мәні, адамның жаратылысы, 
оның қоғамдық және табиғи орны мен рөлі туралы дүниетанымдық мәселелерді қарастырды[5]. 
Келесі шығыстың ойшылы М.Қашғари өз еңбегінде түркі халқының қоғамдық өмірінің 
мазмұнын, дала адамдары болмысының рухани-адамгершілік негізін: адам мен дүниенің, 
индивид пен әлемнің, ақыл, жан мен тәннің, рух пен жүректің біртұтастығын түсінуді 
жан-жақты қамтиды[6].
Осы еңбектерді оқып, талдау барысында, аса байқалатыны, адамдық кемелдену зандылығының 
Жақсы тілек, Жақсы сөз, Жақсы іспен өзара байланыста, бірлікте қарастыратындығы. Жағымды 
сипаттардың қалыптасуы бұл жерде, ең алдымен адамның жағымсыз сапаларға қарсы тұра алатын 
ішкі күштерін қолдау ретінде түсіндіріледі. Ж.Баласағұни, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын 
белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді – деген пікір 
айтады. Бұл құндылықтар мен олардың қарама-қарсылықтарының авторлық түсіндірмесі былай 
болып келеді:

біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;

екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;

үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;

төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін;

бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді[5]. 
Шығармада бүгінге дейін өзінің маңызын жоймай келетін мұндай ойлар көптеп кездеседі және 
ол сонысымен де құнды.
Қазақтың ұлы даласында XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ойшыл, ұлы 
ақын Абай Құнанбаев адамгершілік бастауы - махаббат пен әділдік деген тұжырым жасады. Ұлы 
ағартушы адамгершіліктің жоғарғы көрсеткіші - жақсылық жасау, сұлулыққа ұмтылу деген ойды 
үнемі қайталап отырды. Абайдың 
негізгі эстетикалық ұстанымы - «Адам бол!». Адам өзін-өзі 
тану және өздігінен кемелдену үдерісі кезінде өз мүмкіндіктері мен шығармашылық әлеуетін жүзеге 
асыра алады және оны жүзеге асыруға міндетті де. Абай өз пайымдауымен адамның жақсы және 
жаман қасиеттеріне қатысты нақты бағдар беретін адамгершілік мінез-құлық кодексін жасады. 
Ары 
қарай ақын: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық 
адамның қасиеттерін санамалап береді. Абай адамды тұтас тұлға ретінде түсінеді. Ақыл мен жанды 
«Менге» біріктіре отырып, «мен» басында тірі болғанмен, ақыл мен жан мәңгі, тек олардың жүзеге 
асулары әртүрлі дейді. «Менге» ақыл мен жанды біріктіру жеткіліксіз, «менікі» қосылар болса, 
өзгешелік пен қарым-қатынас жүйесі толыға түседі. «Ақыл мен ой – деген Мен, ал тән – Менікі» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет