Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет325/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
270
емес, іс жүзінде де ұстана білген, олар ойы, сөзі және іс-әрекетінің бірлігімен тарихта қалған. 
Олардың тәжірибесі Рухани болмысты терең толғану, ажырату, іздену, интуиция, адам игілігі үшін, 
риясыз қызмет ету арқылы түсінуге болатындығын дәлелдеді. 
Өзін-өзі тану үдерісі адам бойындағы шынайы адамдық құндылықтарды: даналықты, 
адамгершілікті, сұлулықты, өзімен және қоршаған әлеммен үйлесімділікті пайымдауға 
бағытталған. Дүниетанымның ең ежелгі типі – мифология үшін бұрыннан бері әлемнің тұтастай 
үйлесімділігі бейнесі: яғни табиғаттың, адамның және тәңірдің мызғымас бірлігі тән болды. 
Қоғам дамуының бастапқы сатыларында адам «өзін басқа тірі табиғаттан бөліп қараған жоқ. Ол 
өзінің барлық басқа негізгі әлеммен генетикалық және берік байланысын терең сезінді» [1].
Бұл негізде қытай философиясына тоқталатын болсақ. Қытай философиясы үшін әлеуметтік 
(ұжымдық, туысқандық, отбасылық) сөзсіз үстемдік, адамның өз-өзін бүтіннің бөлшегі ретінде 
сезінуі тән болды. Кун-Цзыдың (Конфуций) айтуынша, данышпан адам ойлап таппайды, ойдан 
шығармайды, тек өзінің іштей естіген қазынасын зейін салып тыңдап, ол білімді басқаға береді. 
Оның өмір философиясын білдіретін негізгі сөз туралы шәкіртінің қойған сұрағына Конфуцийдің: 
«Ол - өзара байланыс (өзаралық). Өзіңе тілемегенді өзгеге жасама», - деген көрнекті жауабы оған 
дәлел. Конфуций пікірінше, «аштан өлу – кішкентай оқиға, ал моральдан айырылу - өте үлкен 
оқиға» - дей келе, бес асыл қасиетті бойына жинаған адам кісілікті деп танылмақ. Ол қандай 
қасиеттер? Оларға: сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық жатады.
Сыпайылық – сыйыңды арттырады.
Кеңдік – құрмет туғызады.
Шыншылдық – сенімге жеткізеді.
Зиялылық – табысқа бастайды
.
Мейірбандық – билікке жол ашады.
Конфуций ілімін қорытындылай келе, рухани бастау негізі адамгершілікті ол: «Өзімізге қалайтын 
нәрсені басқаларға да тілейік. Бұдан асқан адамгершілік жоқ»
[2]
- деген пікір айтады.
Адамды жаңаша түсіну қырларының қалыптасуын Ежелгі Грекия және Ежелгі Римнен табуға 
болады. Адами тұлғаның дамуындағы жаңа дәуір, қоғамның адамды жаңаша бағалауы Софоклдың 
«Антигона» трагедиясында: «Әлемде керемет көп, оның ішіндегі ең кереметі - Адам», - деп, антикалық 
шынайы қарапайымдылықпен және әсірешілдікпен берілген [3, 192 б.].
Антиктік дәуірде, Сократ, Платон және т.б. ойшылдар адам туралы, оның мәні мен танымдық 
қабілеттері жайындағы ойларға көп көңіл бөлді. Грек ойшылдарының адамға және оның ақыл-
парасатына назар аударуы бүкіл грек мәдениетінің адамды өзін-өзі тануға шақыруынан көрініс 
тапқан басты анықтамасымен тығыз байланысты болды. Осы тұрғыда 
«Өзін-өзі тану» пәні 
ойшыл-философ Сократтың есімімен тығыз байланысты. Сократ жалқыдан жалпыға қарай ой 
түзеп, индуктивтік тәсілді қолдану арқылы жалпы ұғымды қалыптастырмақ болады. Бұл ретте 
қарсыластары ол ұғымды қалай қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен, ол ұғымның не 
екенін әлі Сократтың өзі де білмегендіктен, ол: «Менін білетінім-менін ештене білмейтілігім, ал 
басқалары мұны да білмейді....» - деген қағиданы өз философиясының негізгі қағидаларының бірі 
етіп басшылыққа алды. Осыдан келіп, ол екінші қағиданы ұсынады, ол- «Өзіңді-өзің танып біл!». 
Сократ рухани саланы жеке бір шындық ретінде біріншілердің бірі болып тереңдете ашты, 
ол оны әлемнің қабылдап, түсініп жүргендегі ойынан анықтау етіп ашты. Сократтың арқасында, 
«рух» мағынасы адамгершіліктік және эстетикалық мәнге ие болды, өйткені рух ол үшін – бұл 
«Мен» мойындаушылық, жоғарғы интеллект, ар-намыс, мораль. Руханилыққа рухты игілікке және 
жетілгендікке ұмтылдыратын адамгершілік бастайды.
Сонымен Сократ, адамзат табиғатына билікке деген ықтияр емес, мәдениетке, жақсылыққа, 
әділдікке деген ықтияр тән болады. Бұл тұрғыда заманауи болып Сократтын мына ойы қалады: 
« әділеттіліктен және басқа адамгершіліктен бөліктеніп қалған барлық ақыл даналық емес, 
алдаушылық болып табылады». 
Платон адам жанының құрылымы: саналы-парасаттылық, шабытты-қайсарлық, түйсікті-
күйзелістік қабілеттіліктерді қамтитынын айтады. Адамның тағдыры, өмірінің мағынасы және 
іс-әрекетінің бағыттылығы адам жанының қай бөлігі үстем екендігіне байланысты белгіленеді. 
Адамдардың көпшілігі эмоциялар мен құштарлықтар жетегінде болады, өз мінез-құлықтарында 
шынайы
әділдік пен парасаттылық емес, өзімшіл түрткілерді басшылыққа
алады [1]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет