Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет331/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
275
дайындығына қойылатын талаптары туралы көтерген мәселелері қарастырыған. Сол кездегі «Еңбекші 
қазақ» газеті бетіндегі Ә. Бөкейхановтың жазған ірі мақаласындағы бірі – университет ашылуы 
мәселелеріне назар аударылған.
Түйін сөздер: оқыту әдістері, тәрбиелеу, білім беру, педагогикалқ білім, тәжірибе.
Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының мұң-мұқтажын терең түсініп, бүкіл саналы ғұмырын 
халқының жарқын болашағы мен азаттығына арнаған жарқын тұлға. 
Оның көзқарастарындағы оқыту, білім беру мәселелері бойынша пікірлері қызығушылықты 
тудырады. Ағартушы өз мұрасында оқыту барысында нені ескеру керек, қандай нәтижеге қол 
жеткізу керек, жастарды білім алуға қалай ынталандыру керек, нені және қалай оқыту керек деген 
сұрақтарға жауап іздестіреді.
Әлихан Бекейханов халық ағарту мәселесін баспасөз бетінде көтеруге 
«Жаңа мектеп» журналы арқылы қатысты. «Жаңа мектеп» журналы 1925 жылы ашылды. Журнал 
беттерінде қазақ зиялыларының ағарту ісін реформалау мектеп ісін қайта құру, Қазақстанда оқу ісін 
дамыту сияқты көтерген мәселелері жарық көрді.
Әлихан Бөкейханов Кеңес өкіметінің ағарту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қызу 
қолдап, Халық Ағарту Комиссариатының оқу ісіндегі қызметіне араласып отырды. Автор Қазақстанда 
оқу-білімнің дамып келе жатқанын, қазақша жаңа жазылған кітаптардан, қазақша оқытудан, еңбек 
мектептері мен баулу мектептерінің ашылуынан, жаңа бағдарламалардың енгізілуінен көрінетінін 
жазады. Ә.Бөкейханов Қазақстан орыс елімен салыстырғанда артта қалғанын, бұл өлкеде көшіп-
қонған ел, мектеп пен мектептің арасы айшылық жол, қатынас құрал жоқтығын, баспасөз аздығын, 
оқу-білім мәселесінің болмауын, оқу мекемелерінің нұсқау қағаздарының мектептерге әлденеше 
айда әрең жететінін сынап, былай: «Сондықтан, бұл күйде қалуға болмайды, оны тарих көтермейді. 
Сол үшін Халық Ағарту Комиссариатымен оқушыларға шара іздеп, осы журналды шығармақшы» 
деп жазады[1, 1-6]. Әрі қарай Ә. Бөкейханов: «Жаңа мектептің» мақсаты пәлсапа соғу емес, 
қазақ мектебіне араласу, қазақ оқытушысының мектептегі күнбе-күндік жұмысына жәрдемші 
болу, оқытушылармен жүкті бірге көтеру. «Жаңа мектептің» пайдасы: барлық оқу мәселесі, оқу, 
мектептегі оқу бағдарламасы, оқытушының қал-жайы сөз болатындығында» [1] деп, журналдың 
болашақтағы жұмыс бағытын көрсетіп береді.
Ә.Бөкейхан жалпы қазақтардың бала оқытуға құлықсыз екендігін, ғылым-білімге деген 
талпыныстың жоқтығын ашына жазады: «Осы күнде біздің қазақта бала оқыту рәсім бе? Үйінде 
тамағы бар бала ер жетсе, қатын алмай ма, мұнан асатын мал болса, сайлау деп арам терге кірмей 
ме? Мұсылманша оқу іздеп, жанын жалдап, талап қылып жүрген қазақ балалары сыпыра кедей 
балалары емес пе? Мұның ішінде ілуде біреуі болмаса бай баласы.
Жаз болса тамақ үшін жұрт қыдырып, ел ақтайтыны шәкірттердің осы кедейлігі емес пе? 
Осылайша бейшара...біреуге қонақ болып жүріп, бұл шәкіртіне не үйретпек, үйде қолға су құйып, 
қонаққа саба пісіп, қымыз сапырып жүрген қызметші сөзін кім тыңдамақ? Өзі осындай қалде ғұмыр 
өткізген шәкірт мінезі бұзылмай тұрар ма? Осы көріп жүрген қиын жамандықтың бәрін аттап өтіп, 
жақсы шәкірт болған, бұл бір қазақ жұртының алтыны емес пе? Отқа-суға салса, тот баспайтын» 
(«Қазақ»,1913, №21). Осы мақаласында бала жақсы білім алу үшін оған дұрыс жағдай жасау қажет 
екендігін, басқа жұрттың баласы қыста оқып, жазда демалып, қуанышта, ойында болатынын, оқуға 
талпынысы бар жігерлі балаларды жүдетпей, оқуын бітіруге ақша жиып, әр ел өз шәкіртіне беретін 
жөні бар екендігін және бұл балаларды жаз қаңғыртпай, тамақ-ай деп көңілін бөлмей, жұрт пұлына 
оқытса, ел игілігіне жарайтын, қараңғы халықты алға сүйрейтін, өз елінің жоғын жоқтайтын нағыз 
азамат болып шығатынын айтады. 
Сол жылдардағы республикадағы ең үлкен газеттердің бірі «Еңбекші қазақ» газеті де Әлихан 
Нұрмұхамедұлының ағарту саласы бойынша мақалаларын жариялап тұрды. Ә. Бөкейханов Кеңес 
мектебінің патша кезіндегі мектептерден өзгере қоймағаннын, ал Орынбордағы Халық Ағарту 
Комиссариатының қызметкерлері ісінің жағдайын дұрыс жаза алмайтындықтарын сынады. Ә. 
Бөкейхановтың есептеуінше, сол кездегі оқу жұмысына арналған ақы былай реттелген: «жұмыс 
ақыға - 52 пайыз, балалар тамағына- 26 пайыз, киімге- 10 пайыз, мектеп үйін ондауға- 0 ,9[2]. Автор 
алдымен мектеп үйлерін жөндеуді өзекті мәселе етіп алуды, Халық Ағарту Комиссариатының 
міндетінде үш үлкен жұмыс барлығын, олар: «мектеп үйлерін жөндеу, оқуға керек кұралдарды 
табу, мектепте қай тілде оқитынын белгілеу» деген шешімге келді. Бұл мәселелерді шешуде Ә. 
Бөкейханов мынадай ұсыныстар жасады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет