№ 3 (106) 2015
407
пікірлерінше, оқушылардың іскерлік жағдайы жан-жақты, әртүрлі қабілеттер мен қажеттіліктерді
бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге
асырылатын үдеріс екенін баса айта отырып, олардың адамгершілік жолындағы ізденістер
білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес. Білім алушы жастар ұжымның болашақ
мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, адамгершілік мәдениеті,
ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленетіні айтылған.
С.Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» атты еңбегінде: «Жаңа кезеңдегі білім берудің
өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу,
рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген»Жалпы адамгершілік
құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану,
мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып,
қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы
адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сондықтанда
болар, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны,
жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырары анық. Еліміздегі
болып жатқан өзгерістер білім алушы жастардың мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті
қалыптастыруды талап етіп отыр.
Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны
ауқымдылығымен сипатталуында.
Мәселен, адамгершілік құндылықтарына бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын
алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі
болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда білім алушы жастарды жоғары адамгершілікке, ізгілікке, халықтың
мәдени мұрасын, халықтық педагогика құралдарын пайдалану арқылы тәрбиелеу мәселесін көрнекті
ғалымдар С. Қ. Әбілдина, А. Е. Дайрабаева, А.А.Данилов, А.Қ.Қисымова, З. М. Магомедова, Г. А.
Мұратбаева, Ж. Б. Сәдірмекова, Р. Ә Сқақова, Р. К.Төлеубекова, Ұ.Т.Төленова, А. Л. Шаалы және
т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырып тың нәтижелер алғандығы белгілі [2].
Этнопедагогиканың әдіснамалақ-теориялық негіздерін айқындау бойынша Р. М. Айтжанова, М. Х.
Балтабаев, Қ. Б. Бөлеев, Г. Н. Волков, Қ. Б. Жарықбаев, Е. Жұматаева, С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова,
Ш.Б.Құлманова, Ж.Ж. Наурызбай, Л.С.Сырымбетова, Ш.Т.Таубаева, С.А.Ұзақбаева, Қ. Меңлібаев,
Қ. Қ.Шалғынбаева т.б.зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы
мен дамуы, халықтық педагогика құралдарының білім алушы жастар тәрбиесіндегі атқаратын
рөлін, мүмкіндіктерін қарастырған.
О. С. Богданова, И. А. Каиров, И. С. Марьенко, И. Ф. Харламов, Н. Д. Хмель т.б. өз еңбектерінде
адамгершілікті әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде оқып-үйренуге болады деген болжамды
дәлелдейді.
Әр кездегі ғалым-педагогтардың қалыптастырған ғылыми идеяларын, пікірлерін, тұжырымдарын
салыстыра отырып, халқымыздың ұлттық сипат, ерекшелігіне сай келетінін, тұрмыс-тіршілігіне
жақынын, мәдениетіне сәйкес, салт-дәстүрмен байланысып жатқандарын байқадық. Ежелгі
мұралардағы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мемлекетті, елді басқарумен байланысып,
әлем философтарының толғамдарымен үндесіп те отырады.
Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет)- сүйіспеншілік және
рәсімдік әрекет. Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың әруағына құмет дегенді білдіретін. ата-
бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып,
құрмет көрсету керек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты.
Оның ойынша, әркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай құрметтеу керек.
Конфуций пікірінше, аштан өлу – кішкентай оқиға, ал моральдан айырылу - өте үлкен оқиға.
Конфуцийдің «... бес асыл қасиетті бойына жинаған адам кісілікті деп танылмақ.Сыпайылық,
кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық.Сыпайылық – сыйыңды арттырады.Кеңдік – құрмет
туғызады.Шыншылдық – сенімге жеткізеді.Зиялылық – табысқа бастайды.Мейірбандық – билікке
жол ашады.Тек шынайы рухани адамгершілігі бар адам жақсы мен жаманды айыра алады!- деп
адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалаған.
Қытай философиясы өзінің маңызын әлі күнге дейін жоймаған, қазіргі заманғы Қытай
мемлекетінің қалыптасып, дамуына ерекше әсер еткен, жалпы алғанда мемлекет мүддесін жеке
адам мүдесінен жоғары қойып, адамгершілік мәселелерін зерттеген философия болды деуге болады.
|