№ 3 (106) 2015
441
Сурет терапиясына қысқаша тоқталар болсам, мұнда жоғарыда арттерапия мүмкіндіктерін айтып
кеткендегідей, сурет салу арқылы адам өзін-өзі бос ұстап, арман-тілектері мен өз мүмкіндіктеріне
еркіндік береді.Сонымен қатар, сурет салу барысында адам күшті уайымдаулары мен даулы
жағдайларда туындаған өз ойларын, сезімдерін сыртқа шығарып бейнелеп отырады. Бұл оның
санасында жүрген қоршаған ортадағы шындықтың бейнесі ғана емес, оған деген қатынасы мен өзі
жасап алған модельдерінің көрінісі болады.
Сурет салып отырған адам жағымсыз, жаралы бейнелерді есіне түсіреді. Сол уақытта туындаған
қорқынышты, ауыр жағдайларды қайта басынан өткізе отырып, сол кезде пайда болған сезімдер
мен арман-тілектерін сыртқа шығарып отырады. Сол себепті, көптеген стресстік жағдайларда,
қорқыныш сезімін бастан кешу кезеңінде, невроздарда коррекциялық жұмыстар жүргізу барысында
және психологиялық қысымды төмендету үшін сурет салдыруды пайдаланады [7,75].
Ертегімен терапия жүгізу - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең бір көне
әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістердің бірі болып
табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора,
адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең
әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік
ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара
қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.
Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі – клиент пен терапевттің жоғары
деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани
құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады.
Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді
деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады.
Психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем
шектелмейді.
Ертегі терапиясының жетекші идеялары болып:
- өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;
- оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;
- қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;
- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;
- үндестік пен күшті сезіну.
Жасөспірімдер мен ересектер ертегіге ене отырып, нақты жағдайда творчестволық конструктивті
өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинайды. Жасөспірімдер мен ересектер
өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, аз-маз басқаша ойлай бастайды
және оның конструктивті әлеуметтік моделіне кіріседі.
Жасөспірімдер мен ересектерге ертегі терапиясының когнитивті және творчестволық аспектілер
ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды,
күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың
творчестволық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау
(творчестволық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін
конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.
Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік,
дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайда, әрбір
кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады.
Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде
ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет
салу, ойындар, медитация және т.б[8,68].
Ертегімен психологиялық қызмет көрсетудің әдістемелік ерекшеліктері бар. Психологиялық
тәжірибеде ұлттық және белгілі авторлардың (Х.К.Андрсен, К.С.Льюс, Е.Шварц) ертегілерін
және психотерапияға арналып арнайы жазылған ертегілерді қолдануға болады.Ертегінің әрбір
түрінің өзіндік жетістігі мен өзіндік кем жақтары болады. Ұлттық ертегілерді қолданудың негізгі
жетістіктеріне тоқталып кетер болсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:
- ертегінің метафоралығы және бейнелігі жекелік проекцияның мүмкіндіктерін қамтамасыз
етеді;
|