Жјне лингвистік топтарєа жататындыєы, олардыѕ ќайсысы тїркі, моѕєол немесе тўнєўстар болєаны туралы сїраќтыѕ ґзі даулы болып



бет1/4
Дата18.02.2023
өлшемі75.5 Kb.
#469727
  1   2   3   4
stud.kz-75805 (1)


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Түркілердің шығу тегі

  2. Түркілердің діні

  3. Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениеті



ІІІ. Қорытынды
Түркі халықтарының жазба ескерткіштер

Түркілердің шығу тегі.
Түркі халықтарының тұрмыс белгілері, этнографиялық шығу тегі осы күнге дейін анықталмады. Тарихта алғаш рет еске алынатын көшпелі халықтар қандай этнографиялық және лингвистік топтарға жататындығы, олардың қайсысы түркі, моңғол немесе тұнғұстар болғаны туралы сұрақтың өзі даулы болып, шешілмей келеді.
V—VI ғасырларда түркілер далалы аймақтарды мекеңдеді және оларды қытайлықтар "жужаньдар", еуропалықтар "аварлар" деп атаған.
Түркі" сөзі (қытайша «тукюе») б. з. VI ғасырында бірінші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан үлы көшпелі империяның негізін қалады. Қытайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумин) империяның негізін қалаушы түлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Истеми (қытайша Шедеми) батысты жаулап алған, 576 жылга дейін өмір сүрген. Бастапқыда ағалы-інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған, қытайлар осыған сәйкес көшпелі империяларды солтүстік түркілердің мемлекеті және батыс түркілердің мемлекеті деп атаған. 581 жылы сол кезде қытай династиясының билігін қолына алған. Суйдың ықпалымен екі империяның арасы біржолата бөлінді. Келесі ғасырда екі империя да қытайдың Тань династиясына бағынышты болып, қытай басшылығын мойындауларына тура келді. Солтүстік түркілер 830 жылдың, батыс түркілер 659 жылдың шамасында елу жылдай жат жұрттықтардың билеп-төстеуінде болғаннан кейін, солтүстік түркілер 682 жылы өздерінің тәуелсіздігі мен қуаттылығын қалпына келтіруге мүмкіндік алды. 682 — 744 жылдар арасында өмір сүрген бұл жаңа мемлекетке түркі тілінің көне ескерткіші Орхон жазбалары тән. Жазбада 699 және 711 жылдары олар батыс түркілерді өзіне тәуелді ету мүмкіндігі туғанын, бірақ мүңдай билеп-төстеушілік ұзаққа созылмаганы айтылған. Батыс түркі тайпаларының арасында түркеш тайпасы ілгері шығып, VII ғасырдың соңында хаңдық билікті толық қолына алады. Түргеш мемлекетін 739 жылы арабтар әлсіретгі.
Көне түркі тайпалары, олардың басшылары, батыстағы және шығыстағы көшпелі халықтар туралы әр түрлі пікірлер айтылады.
Батыс ғалымдары түркілер сақтарға туыс немесе осы халықтың бір бөлігі деп жорамалдады. Курцийда (улы Александр тарихында) Яксарттың сыртында тұратын скифтердің патшасының ағасы Картазис аталды. Қытайлар түркілерді суюннулардың (хуңдар) ұрпақтары деп есептейді.
Хундардын шығыс көршісі ретінде қытай ескерткіш-терінде б. з.
I ғасырының соңында Монғолиядан хундарды ығыстырып шығарған сәнбилер аталады. Осыдан сәл кейін сәнбилер хундар сияқты қытайда бірнеше династияның негізін қалаған; сәнбилер династиясының ішінде Солтүстік Бэй династиясы (386—534 ж.) ерекше кезге түсті. Әдетге сәнбилер тунгус халқы ретінде қарастырылады. Бірақ, белгілі француз ғалымы Пеллио 1925 жылы күзде Ленинградта оқыған өзінің бір лекциясында қытай әдебиеттерінде сәнбилердің түркі тілді халық екендігін аңғаруға болатын сәнбилер сөздігі сақталғандығын хабарлайды. Бұл сөздік туралы баспада ешнәрсе жарияланбаған; мұндай ескерткіш табылса, бұл халықтардың шығу тегі, пайда болуы туралы мәселе өз шешімін табар еді. Егерде хундар, сәнбилер түркілер болғандығы дәлелденген болса, онда бұдан мынадай, қорытынды келіп шығады: өте ерте уақыттарда түркілер монғолдардың шығысын мекен еткен. Сәнби халқы Византия сөздігі мен Армян ескерткіштерінде бірінші рет 463 жылы, соңғы рет 558 жылы кездеседі. Алайда сәнбилердің батысқа қоныс аударуы туралы еш мәлімет жоқ.
Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеу негізінде түркілердің шығу тегі, кене тарихы туралы мәселе қарастырылуда. Алтай ата тілінің бар екендігі растайды, оған түркі ата тілі, монғол тілі, тунгус ата тілі барып тіреледі (барлығы да алтай тіліне кіреді). Орхон жазбаларының тілі дамудың қандай сатысында түрса, түркі ата тілі дамудың сондай сатысында тұр.
Түркі халқының шығуы туралы ешқандай айғақты деректер болмағанымен, Хун империясы ежелгі туркі мемлекеті болып саналады.
Орыс ғалымы Н. А. Аристовтың айтуынша б. з. б. III ғасырда хундар түркіше сөйлеген. "Кун замандастарына канғойлар, үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар (қытайша сэ) жатады. Сол кездегі Енисейде тұрған қырғыздар қытай деректеріндегі хундар дәуірін (б. з. б. 201 жыл) еске түсіреді. Ежелгі қытай транскрипциясында қырғыз" деген сөз — гяньгунь.
VII ғасырдағы қырғыздарды тану үшін қытай транскрипциясы "хягас" қолданылды, түркі тектес халықтардың бір түрі кейін хакас деген атқа ие болды. Шығыстағы түркі қағандығынан басқа, қытайлардың айтуынша, солтүстікте тағы бір түркі қағандығы бізше — батыстағы түркеш қағандығы болған. Онда Невакет қаласы аталады. Оның орналасқан жері Қытай ескерткіштері бойынша Шу өзенінде болғанын білеміз. Оның халқы рудың саны бойынша "он оқ" деп аталған. Тағы бір үшінші түркі қағандығы — Енисейдегі қырғыздардың қағандығы болған. Орхон жазбаларында хан қырғыз князіне қаған лауазымын өзі бергендігі айтылады.
Батыс түркілерінің шығысындағы, Алтай мен Ертістің жоғарғы ағысының аралығында сөзсіз түркі тегінен шыққан қарлүқ халқы өмір сүрді. 766 жылдары олардың қол астына батыс түркілер орналасқан аумақ көштуі олардың князі Сырдариядағы оғыздардың князі сияқты орхон жазбаларында патша лауазымы тәрізді аталатын ябғу лауазымын иеленді.
Монғолиядан түркі-оғыздарды, содан кейін ұйғырларды ығыстыру Шығыс Түркістанда түркі элементгерінің кебеюіне әкеліп соқты.
Турфан және Гучэнь жерлерінің жанында қытайлықтар "шатоң ("дала") деп атаған тайпа қоныстанды, Бұл түркі-шатолар түркі тегінен яғни оғыздардан шыққан, VIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында олар өздері алып жатқан аймақтарынан ығыстырылып, әрі қарай шығысқа кетті. Қытайдағы саяси толқуларға қатысты IX ғасырда жаңа бірнеше династия құрылды. Арабтар бұл түркілерді тоғуз-оғуз деп, яғни тоғыз-оғыз деп атаған.
Ұйғырлар қырғыздардан 840 жылы жеңілгеннен кейін Монғолияда және Орта Азиядан кетіп, Шығыс Түркістанға (Турфан) барып отырықшы халық болып қалыптасты, бірақ басқа мемлекеттермен соғыс жүргізбеді және қытайлықтармен, тибеттіктермен, арабтармен бейбіт сауда қатынастарын үзбей жүргізді. X ғасыр басында монғол тегінен шыққан қытай (қарақытай) халқы Монғолиядан оларды ығыстырды. Қытайды басып алып, XII ғасырға дейін монғолдар, орыстар және мұсылмандар пайдаланатын қазіргі Қытай деген атқа ие болды. Орта ғасырларда бұл терминді батыс еуропалықтар да пайдаланатын.
821 жылы дүние салған ұйғыр қағанының атынан жазылған қытай мәтінінде (қарабаласұғындық қолжазбада) ұйғырлардың манихей дінін қабылдағаны туралы хабарланады Ұйғырлар 762 жылғы Қытайға жорығы кезінде Лояна қаласында (Хэннань маңында) манихейлікпен танысады және ол жақтан өз еліне (Шығыс Түркістан) манихей дінін уағыздаушы төрт кісіні алып кетеді. Бұл уақытта буддизм және сириялық христиан діні Қытайдағы секілді түркілердің арасында да қарқынды түрде өрістеп, көптеген түркі шығармаларының жойылуына себепкер болды. Түркі басшысының осы діндердің бірін қабылдағаны туралы бірден-бір мәліметті бізге жетісізген қарабаласұғындық қолжазба. Манихей дінін түркілердің арасына Қытайдағы секілді, әсіресе, соғдилықтар таратса керек. Мұны Қытайдан табылған соғды тілінде семит алфавитімен жазылған деректер анықтап отыр. Бұл жазбаның тілі соғды тілінің өте көне және тұрақты дәстүрін көрсетеді. Соғды жазбасынан кейініректе (бөлкім, IX ғасырда) кене түркі алфавитін — орхон жазбаларының алфавитін ығыстырып шығарған ұйғыр жазуы дамыды. Ұйғыр жазуын XIII ғасырда монғолдардың қабылдағаны белгілі. Монғолдардың билік жүргізген дәуірінде монғолиядан Оңтүстік Ресей мен Персияға дейінгі балтық елдер ұйғыр алфавитімен жазды.
840 жылдар шамасында ұйғырлардың мемлекетін қырғыздар жойды дедік. Монғолиядан қуылған ұйғырлар IX ғасырдың ортасында екі жаңа князьдіктің негізін қалады: бірі Ганьсуда, ал екіншісі Бешбалық пен Қара-Ходжада.
Шындығында қытайдың қырғыздарды жеңуі Монғолияда түркілердің билік жүргізуінің соңын және монғолдардың үстемдік етуінің басын білдіреді. Қырғыздар Монғолияда өмір сүрген ең соңғы түркі халқы болды. Мұны айғақтайтын естеліктер онда осы күнге дейін сақталған. Монғолиядағы монғолдарға дейінгі қабір үстіндегі ескерткіштер, сонымен бірге ұйғыр ескерткіштері "қырғыз қабірлері" деп аталады (хырғыз-ур).
Кейінгі уақытқа жататын түркі халықтары туралы мәліметтердің үлкен бөлігі мұсылман қолжазбаларында бар. Тіпті ерте уақыттардағы түркі жазбалары және қытай шежірелері туралы мәліметтерді батыс қолжазбалары жай ғана толықтырып отырады. Византия жазба ескерткіші материалдарынан біз 576 жылы түркілер тавриялық Босфорды жаулап алғандығын білеміз. 581 жылы олар Херсонес қабырғасында болды, алайда олардың Таврия түбегінде билік жүргізуі ұзаққа бармады, 590 жылға қарай онда Византия билігі қалпына келді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет