Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет81/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
66
жағы ондай үміт ақталмай, толықтыруды жүзеге асыра алмай құлдырау пайда болады. Осындай 
екі түрлі қиыншылық толықтыруды төменен жоғары қарай сатысы аралығында ауытқуы екендігін
аңғартады. Адам бойындағы кемістікті діни наным тұрғысынан уағыздап, оны тәңірдің ісі 
деп мойындамау керек дейді. Егер осы қағиданы басшылыққа алсақ онда кемістікті жеңу үшін
күресудің қажеті жоқ. Басқа түскен азапқа көніп, төзе де білу керек. Осы ретте ғалым-психолог 
Адлердің пікірі Ницше пікірімен үйлесім тауып, адамның жеке басының психологиялық күш-
жігері тағдыр тағлымына бас имей, оны жетілдірудің түбегейлі мәні адам әлеуметтік ортада өмір 
сүруші ақыл-ой иесі екендігін атап көрсеткен. 
Кемістіктің орнын толтыруда жеке мүшелердің атқаратын қызметі жайында ертеден қалыптасқан
биологиялық теріс түсініктерден арылу. Мұдай түсініктер жекелеген сезім мүшелері кеміс 
мүшелердің қызметімен қатар атқарып кетеді деген уағыз айтады. Мысалы сипау сезімі мен есту 
сезімі көрмей қалған көздің қызметін атқарып оны толықтырады дейді. Мұндай жағдай шындыққа 
сай емес екендігі зерттеу нәтижелері арқылы анықталған. Зағиптар психологиясын зерттеген А. 
Пецельд адамның көре алмайтын мүшелерінің қызметін байыптап қарағанда оның әлеуметтік
тәжірибесіне орай неғұрлым сөйлеу әрекетін дамытуына байланысты екендігін көрсетеді. 
Көптеген авторлар соқыр мен саңырауды оқытып, зерттеу нәтижесінде соқыр бала көзі көретін
бала тәрбиесі арасында алшақ жатқан айырмашылық жоқ, олар кез келген талдағыш арқылы 
жаңа шартты байланыстар жасай алады. Сөйтіп сыртқы ортаға бейімделуі оның өзіне деген сезімі
мен күш-қуатын И. А. Соколянский басқаратын үлкен бір мектеп кереңдер мен саңырауларды
сөйлеуге үйретудің жаңа әдістерін жетілдіріп, зерттеу негізінде айтарлықтай практикалық және 
теориялық табыстарға қол жеткізді. Сөйтіп сурдопедагогика іліміндегі батыс зертеушілерінің
іздестірген мәселесінің саңырау балалармен дені сау балалар тәрбиесінде теориалық жағынан
алғанда елеулі айырмашылықтар жоқ екендігін анықтады.
Дегенмен олардың алға қойған мақсатының жолында өзіндік сипаты мен тәсілі болады. Сурдо 
және тифло педагогика тарихы осындай ерекшеліктерден тұрады. Сондықтан ауытқуы бар балалар
даму ерекшелігімен үнемі санасып отыру қажет. Зағип, саңырау балаларды дені сау балараға теңеу 
дұрыс, бұл шындық. Алайда оларды тәбиелеу басқа жолмен басқа тәсілмен іске асырылады. Шын 
мәнінде кемтар баланың психологиялық жүйесінде олардың болашаққа деген ынтасы мен жігерін 
бағдарлап отыру күнделікті тәрбие істерінен айқын көрінеді. Сонымен қатар И. А. Соколянский 
мынадай ерекше тұжырымға тоқталады. Зағип әрі мылқауды тәрбиелеу, саңырау-мылқауды
тәрбиелеуден оңай, саңырау мылқауды тәрбиелеуден, соқырды тәрбиелеу оңай , соқырды 
тәрбиелеуден дені сауды тәрбиелеу оңай деді. Педагогикалық және псхологиялық процестердің
күрделілігі мен қиыншылығына қарай осы ретпен тізбектеліп көрсетіледі. Осы ретпен ол адамның
бойындағы кемістігін анықтауға рефлексологияны қалай қолдану керектін түсіндіреді [2-14].
Дамуында ауытқуы бар бала кемістігін толықтыру екі түрлі ерекшелігі бар. Оның бір 
бала психикасының даму шарасына орай тәрбие талаптары, екінші олардың кемістіктерінен
толықтырудағы өз бойындағы мүмкіншіліктері. Осы жағдай ескеріліп, санасып отырғанда оған
ауытқуы бар балалардың бойындағы ауытқуларды толықтыруды негізгі мақсат етіп қоямыз. Бірақ 
баланың бойындағы компенсаторлық қоры жеткіліксіз және даму жолы да қиын. 
Пецельд айтқандай соқыр баланың біліп алу мүмкіндігі және өз танымын жан – жақты дамытуы 
кеміс баланың белгілі шеңберде тұйықталып қалмай өзінің психологиялық ерекшеліктерін
барынша дамытуына ынталануына, сөйлеуге жаттығып жеке басын өрістету әрекетіне
байланысты. Осындай екі түрлі қозғаушы әсер кеміс баланың жеке басындағы ерекшеліетері 
мен азматтық қасиеттерін қалыптастырады. Жалпы дамуында ауытқуы бар баланың бойындағы
мүмкіншіліктерді толық пайдалана алмайды. Алайда бұл факті болып табылады. Жалпы бала 
тәрбиесі үнемі мақсатты міндеттерді көздеуге тиіс [3-150]. 
Мылқау баланы оқыту оның жаратылысына қарама-қарсы, соған қарамастан баланы тілге 
үйрету үшін оның табиғатын үйрету керек. Мылқауды сөйлеуге үйрету мәселесі арнаулы әдіс қана 
емес, сонымен бірге бұл әдіс сурдопедагогикадағы басты принциптердің бірі және өзекті мәлелелер 
қатарына жатады. 
Ақыл-есі кем арнаулы психо-физиологиялық күрделі және екі ұшты ұғым. Бала ақылының 
кемістік дәрежесін біз осы кезге дейін ғылыми тұрғыдан айқындадық. Ақыл-есі кем қазіргі таңда 
балалардың әрқилы кемістіктерін білдіретін ұғым. Мұндай түсініктер ауруға ұшырау салдары-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет