№ 3 (106) 2015
71
баланың таңертең топқа келу кезінде;
тәрбиешінің балаға назар аудару реакциясы арқылы;
баланың сабақ үстіндегі қиын жайлары.
Баланың ересектермен сөйлескісі келетіні мен келмейтіні ескеріледі. Ересектерге деген
баланың эмоционалдық қатынасын зерттеу үшін проективтік вербальды әдіс қолданылады. Оның
мақсаты - баланың тәрбиешіден күткен жеке мінезін айқындау. С. П. Пищенко балаларға индивиду-
альды түрдегі әңгіме арқылы зерттеу жүргізіп, баланың әңгімесімен тәрбиешілерге деген жағымды
және жағымсыз эмоциональдық көріністерді аңғара алды.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық
түзеу арқылы қолдау мәселесі бүгінгі күнге ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі,
олар ерекше қамқорлықты қажет етеді. Сондықтан әрбір өңірлерде психикалық дамуы кешеуілдеген
балаларды оңалтудың бағдарламасы жасалып, бекітілген.
Бағдарламаның психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы олардың тұрмыс-тіршілігіндегі шектеуді жою және оның орнын
толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне
қатынасу жағдайларын жасау [3].
Бағдарламаны орындау мақсатында психикалық дамудың кешеуілдеу түрлері мен ерекшеліктерін
ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшеліктері мен ойынға қабілетін, білім алу
мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіншіліктерін анықтай отырып, іс- шаралар жасалынған
болатын.
Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар
мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - комплексті түсінік. Ол
психикалық
дамудың кешеуілдеуі
мен физикалық ауытқудың болмауын білдіреді, сонымен катар, тұрғылықты
жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік
көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысына байланысты [4].
Бала ми шарының күрделі функциясы, оның психофизиологиялық дамуы ойлау жүйесінің
ерекшелігімен, моторика жағдайымен байланыстылығын педагогика мен психология саласын
зерттеуші көптеген ғалымдар көрсетіп кетті. Көбіне мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы
балалардың бағдарлау әрекеттерінің жеткілікті дәрежеде дамымауынан олардың физикалық дамуына
көп зақым келеді. Бұл әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар мен ақыл-есі кем оқушылардағы
бұзылыстардан көрініс береді. Бұл көптеген ғалымдармен зерттелген, әсіресе Р. И. Лалаева, В.
Г. Петрова, А. К. Аксенова, В. В. Воронково және тағы басқалар. Моториканың дамымай қалуы
жазу қабілетінің баяулауына және бұзылуына алып келеді. Ақыл-есі кем балаларда бұл дамымай
қалушылық өздігінен қалыпқа келмейді, яғни арнайы жағдайларда оқытудың арнайы әдістері мен
тәсілдеріне қолдануды талап етеді.
Демек барлық тапсырмаларды орындау нәтижелерінің жоғары көрсеткішке ие болуы алдағы
уақытта жазуға үйретуде бала қолдарының ұсақ моторикасының қалыптасуына алғышарт бола
алады.
Жазуға үйретуге балаларды даярлау қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған арнайы
жаттығулар сериясы пайдаланылады. Яғни, біздің жүргізген экспериментіміздің нәтижелері арқылы
ақыл-есі кем балаларда оның қалыптаспағандығы олардағы қозғалыс дамуының әлсіздігін, т.б.
жайлы қорытынды шығаруға болады. Үйрету барысында біз нақты осы балаларда қол бұлшықеттері
алдағы жазуға үйренуге дайын не қалыптасып бітті деп айта алмаймыз. өйткені, бұл мақсатқа
бағытталған ұзақ уақытты жұмыс [5].
Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс. Атап көрсетілгенде,
баланың психикалық дамуының әрбір кезені оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен
сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл
жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын
анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға
беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының
бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады [6].
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады.
Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үнмен немесе
балабакшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірденелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана
|