Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Жоспар: 1. Жер қазу жұмыстары



бет15/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

Жоспар:
1. Жер қазу жұмыстары. 
2. Қазан шұңқыр мен орлар қазу.
3. Технологиялық жабдықтардың астындағы іргетастарын бұзу.
4. Технологиялық жабдықтардың астына туннельдер мен іргетасты орнату. 


1. Жер қазу жұмыстары. Қайта жаңғырту жағдайында жер қазу жұмыстарын орындаудың техънологиясын, ұйымдастырылуын және механикаландырылуын таңдау кезінде мыналарды ескеру керек:
жұмыс істеп тұрған өндірістің алмасулығы жұмыс кезіндегі тәртібін, көліктер және жүк көтеру құралдарының тиеу мен оларды құрылыс қажеттеріне пайдалану мүмкіндіктерін, тоқтату кезеңінің болуын;
өндірістік орта жағдайын (былғануын, шаңдануын, шу мен тербелістің шектелу мүмкіндіктерін) ;
кәсіпорындағы жерасты инженерлік жол қатынастарының жеткіліктілігін;
салмақ түсіп тұрған іргетастарға жақын тұста шпунт қағу мен топырақты ауыр тегістегішпен тығыздау, қазан шұңқыр мен оларды қазу кезінде жұмыс істеп тұрған үймереттер құралымдарының бүтіндігін қамтамасыз ету қажеттілігін;
жер асты суларының деңгейін төмендету немесе тартып шығарылатын суды зауыттың жалпы су ағатын және селдік канализациясына қосылар алдында тұтандырғышқа құятын уақытша су құбырларын немесе науалар төсеу қажеттігін;
жер қазу жұмыстарын орындау мен технологиясының техника қауіпсіздігін қамтамасыз етумен алдын ала келістірілген қосымша талаптарын.
2. Қазан шұңқыр мен орлар қазу. Жұмыс істеп тұрған цехтарда жер асты құралымдары мен ғимараттарын тұрғызу кезінде қазан шұңқырлар мен олардың қабырғаларын бекіту мен олардың беріктігіне баса назар аудару керек, өйткені жақын маңдағы салмақ түскен еден учаскелері мен іргетастарға бүтіндігі соған байланысты.
Сулы топырақтан шұңқыр жасаған кезде жер асты суының деңгейін жасанды әдіспен төмендеткен жөн. Су деңгейін төмендету әдісі құрғатылатын қазан шұңқырлардың немесе олардың тереңдігіне және топырақтың сүзгіштік құрамына байланысты таңдалады.
Таршылық жағдайда қабырғаларды бекітуді қазан шұңқырлар мен оларды көлбете қазып, қосымша жұмыстар көлемін қысқарту үшін шығарылған топырақты орнына қайта төгу және еден қабаттарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырған жөн.
Қолданыстағы үймереттер мен ғимараттарға жұмыс іргетасынан төмен деңгейге орлар мен қазан шұңқырлар қазу аталмыш үймереттер мен ғимараттардың қалпы өзгермеуін және толық сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер қарастырылған жұмыс өндірісі жобасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Экскавациялық жабық түрлері қазан шұңқырлар мен орлардың тереңдігіне, шығарылатын топырақтың көлемі мен тобына, қазан шұңқырлар мен орлардың қабырғаларын бекіткіштердің жеткіліктілігіне және жаңғыртылатын үймереттер мен ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдеріне байланысты таңдалады.
Қайта жаңғырту учаскесінде жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын қолданыстағы барлық көлік жолдарын бөлшектеу, технологиялық жабдықтарды, үйлердің кірпіш қабырғалары мен аралықтарын бұзу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет