Объектінің жаңғыртудың жұмыс өндірісін жобалау
Қайта жаңғырту кезінде жұмыс өндірісінің жобалар құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындаудың, олардың сапасын жақсартуға, өзіндік құны мен еңбекті көп қажет етуін төмендетуге, объектілерді қайта жаңғырту ұзақтығын қысқартуға, құрылыс машиналары мен жабдықтарын пайдалану деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін барынша тиімді әдістерін анықтау үшін жасалады.
Жұмыс өндірісінің жобалары әдетте объектіні қайта жаңғыртуға, жекелеген барынша күрделі жұмыс түрлеріне, дай-ындық кезеңіндегі жұмыстарға арналып жасалады.
Өндіріс кәсіпорындарын қайта жаңғырту кезіндегі жұмыстар өндіріс жобасының құрамына мыналар кіреді: жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары; құрылыстың бас жоспары; күрделі жұмыстардың технологиялық карталары; жалпы құрылыстық жұмыстар (жер қазу, бетон дайындау, құрастыру және басқа), мамандандырылған жұмыстар (электр құрастыру, санитарлық-техникалық, технологиялық жабдықтарды құрастыру тағы басқалар), сондай-ақ дайындық кезеңіндегі жұмыстар; жұмыс істеп тұрған үймереттер мен ғимараттарды бөлшектеу; инженерлік жүйелер мен электр кабельдерін құрылыс жүретін учаскеден шығару, уақытша жолдар салу; уақытша үймереттер мен ғимараттар құрылысы (оның ішінде инженерлік жүйелерді салу бар). Жоба құрамына сондай-ақ түсіндірме, ресурстардың түсуі мен пайдалану тізімі мен кестесі, жұмыс өндірісі қауіпсіздігінің жобалық-технологиялық құжаты қосылады.
Қайта жаңғырту жұмыстары өндірісінің жобасын құруға қажетті негізгі деректер қайта жаңғыртуды ұйымдастыру жобасы, қайта жаңғыртылатын объектіні жобалау алдындағы зерттеу деректері, жұмыс жобасы, сметалар, әртүрлі ресурстармен (жеткізу түрлері, мерзімдер, көлік, жиынтықтау, зауыттың дайындық деңгейі) қамтамасыз ету шарттары.
Түсіндірмеде жайластыру элементтерінің сақталуы туралы шаралар; жұмыс аймағында көліктер мен құрылыс машиналарының қозғалыс тәртібі; құрылыс материалдарының, құралымдардың, жабдықтардың орналастырылуы, өсіп тұрған ағаштарды көшіріп отырғызу, жұмыстың басталар алдында оларды қоршау, топырақтың құнарлы қабатын сақтау тәртіптері, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын қорғау шаралары және басқалар көрсетілуі тиіс.
Құрылыс құралымдарын бөлектеу және бөлшектеу жұмыстары өндірісінің жобасын жасауда ауыстырылатын және қайта жаңғырту кезінде сақталатын үймереттер мен ғимараттар құралымдарының техникалық куәландыру актілері негізге алынады.
Құрылыс құралымдарын бөлшектеу кезінде ағаш қондырғылар мен тіреуіштердің үлгілері жасалуы, сондай-ақ корғау және қоршау төсемелері қарастырылуы қажет.
Үймереттің қондырмасын салу жөніндегі жұмыс өндірісінің жобасында жұмыс істеп тұрған үймереттерге жақын тұста құрылыс жүргізу жағдайы сондай-ақ үймереттің қондырма бөлігінің төзімділігі мен беріктігін қадағалау шаралары ескерілген жұмыстың орындалу әдісі мен жүйелілігі көрсетілуі тиіс. Бұл орайда түсіндірмеде құралымдар элементтерінің қабілеттілігі көрсетілген тексеру есептері келтірілуі қажет.
Жұмыс істеп тұрған үймереттерге жапсарлас құрылыс салынатын жағдайда жұмыс өндірісі жобасында басты назарды үймереттің жаңа бөлігінің бұрынғысымен түйісетін тұсындағы жұмыс өндірісінің әдістеріне аудару керек.
Қайта жаңғырту цех ішінде технологиялық жабдықтар тоқтатылып барып (толық немесе ішінара) жүргізілетін болса, жұмыс өндірісінің жобасы тоқтатылғанға дейінгі және тоқтатылған кезендерге арналып жасалады. Өндірістің тоқтатылу ұзақтығы мен қайта жаңғыртудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері осы кезеңдердегі жұмыс көлемі мен құрамының дұрыс айқындалуына тікелей байланысты.
Тоқтатылғанға дейінгі кезеңдегі жұмыстың елеулі бөлігі өндірістің жұмыс істеп тұрған жағдайында жүргізіледі, сон-дықтан жобада жұмыс өндірісінің технологиялары мен жұмыс қауіпсіз жүргізу әдістерін таңдауға баса назар аударылуы тиіс.
Құрылыс-құрастыру жұмыстарын тоқтатылган кезінде жүргізу барынша шапшаң және қысқа мерзіммен сипатталады. Сондықтан жобада жұмыстарды үйлестіру, материалдар мен құралымдарды орналастыру, цехтық кран жабдықтары мен құрылыс машиналарын пайдалану мәселелері айырықша мұкияттылықпен қаралуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |