3. Технологиялық жабдықтардың астындағы іргетастарын бұзу. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңғырту процесінде бұзылуы тиісқұрылыс құралымдары жұмыс өндірісінің жағдайы мен ерекшелігіне қарай жекелеген құралымдық элементтерін тиісті орындарына пайдалану үшін толық немесе жартылай бұзылатын құралымдарға бөлінеді.
Толық бұзылатын құралымдарға бетон іргетастар жатады. Бұл орайда іргетастардаы бөлшектеу мен бұзу қысылшың жағдайда да, бос алаңда да жүргізіле береді.
Тұтас құйма бетон іргетастарды бұзу үшін бетонды кесектерге, жарықшақтарға бөліп уататын бұзушы жабдықтар қолданылады.
Құрылыс құралымдарын бұзу және бөлшектеу процесі мынандай технологиялық операциялардан тұрады: бұзуға дайындықтан – топырақ пен қоқыстан тазартудан, жапсарлас құралымдардан босатудан, бұзу жұмыстары қамтитын шекаралар мен учаскелерді белгілеуден, шпурлар бұрғылаудан;
материалды бұзудан – жұмыс органын шпурға қосудан, материалға әсер етуден;
материалды бөлшектеуден – материалды уатудан, арматураны жалаңаштау мен одан кейін кесуден, бұзу аймағынан бетонды жинаудан.
4. Технологиялық жабдықтардың астына туннельдер мен іргетасты орнату. Жұмыстар құрамына мыналар кіреді: қалып орнату; арматура орнату; бетон қоспасын төсеу; жертөле қабырғаларының құрама темірбетон шығырларын құрастыру; туннель аралықтарының темірбетон тақталарын құрастыру.
Қалыптаушы машиналардың астына туннель мен іргетастарды орнату жөніндегі жұмыстар өндірісі басталғанға дейін мынандай дайындық жұмыстары орындалуы тиіс: технологиялық жабдықтарды бөлшектеу; жұмыс істеп тұрған кірпіш қабырғаларды, қоршауларды, іргетастарды, туннель қабырғаларын (бөлшектерін), рельс жолдарын бөлшектеу (бұзу), одан кейін оларды территориядан шығару; құрылыс машиналары мен механизмдері кіретін ойықтар орнату; жер асты жолдарын салу; құрылыс алаңының электр энергиясымен және сумен жабдықталуын қамтамасыз ету; туннель мен іргетастарды орнату үшін қазан шұңқыр қазу; құрылыс материалдары мен құралымдарын қалап орналастыру үшін алаңды тазарту және жоспарлау; алаңға уақытша электр жарығын, өтетін жолдар, т.б. орнату, тиісті белгілер қоя отырып, құрастыру аймағына қоршау орнату; құрамалы элементтерді жеткізу, қалау; құрастыру және такелаждық тетіктерді, жабдықтарды және бұйымдарды жеткілікті мөлшерде дайындау.
Жабдықтардың астына туннель мен іргетастар орнату жұмыстарының құрамында мамандандырылған звенолары бар кешенді бригадамен орындау ұсынылады.
Технологиялық жабдықтардың астына туннель мен іргетастар орнату үшін бірыңғай инвентарлық алмалы-салмалы ағаш металл қалып пайдалану тиімді.
Өндіріс объектілерін қайта жаңғырту кезінде бетондау жұмыстарын НИИСП құралымдары ірі және шағын қалқанды қалыптар пайдаланған тиімді. Оларды қабырға, іргетас, тіреуіш және басқа құралымдарды бетондауға арналған және бірлескен құрастырма ретінде де, бөлек те пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |