қазақ тілі
3–сыныпта – аптасына 4 сағат
Жылына - 136 сағат
Авторлары: Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова
(Алматыкітап баспасы 2011)
І. Түсінік хат
«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.
Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
-
дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
-
тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
-
сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
-
алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
-
тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;
-
оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-
диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
-
өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
-
оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
-
қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Тілдік материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік фактілерді байқату, салыстыру, жаттығу және көрнекілік әдістері арқылы түсіндіріледі. Бұл әдістер қазіргі дамыта оқыту талабына сай қолданылады. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аудартылады:
-
сабақ құрылымының икемділігі;
-
түсіндірілетін жаңа ұғым бойынша проблема қою;
-
оқушылардың жаңа ұғымды меңгерудегі интенсивті өзіндік әрекетін ұйымдастыру;
-
тақырыпқа қатысты пікірталастың болуы;
-
дидактикалық ойындар;
-
тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді ұйымдастыру;
-
білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттар құру.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылған сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады:
-
мотивациялық-бағдарлау кезең;
-
операционалдық-орындаушылық кезең;
-
рефлексиялық-бағалау кезең.
Мотивациялық-бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.
Операционалдық-орындаушылық кезеңде нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді.
Ал рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаттығулардың алатын орны ерекше. Қазіргі талапқа орай тілдік-грамматикалық жаттығулар, ойын жаттығулары, сөйлеу жаттығулары, рефлексиялық жаттығулар орындатылады.
Ойын жаттығулары оқушылардың оқу-танымдық қызметін ойын (пәндік, пәнаралық, сюжеттік, рөлдік ойындар) арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына, стандартты емес жағдайда өз білімін қолдана білуіне ықпал етеді. Ойын және сөйлеу жаттығулары арқылы қатысымдық және ақпараттық дағдыларды қалыптастыру міндеті шешіледі. Сонымен бірге мақсат қою, технологияларды қолдану, іс-әрекеттің нәтижесін бағалау аспектілерін сабақта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тірек сызбалардың проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.
Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.
Оқу жылындағы барлық сағат саны:
3-сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат;
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:
3-сынып «Қызықты грамматика», «Грамматика еліне саяхат».
Пән
|
Оқулықтың
авторы
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Жылдық
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Қазақ тілі
|
Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,
Ф.С.Лекерова
(Алматыкітап)
|
36 сағат
|
28 сағат
|
40 сағат
|
32 сағат
|
136 сағат
|
3-сынып
2-сыныпта өткенді қайталау – 14 сағат.
Тіл және сөйлеу – 2 сағат.
Сөйлеу туралы берілген ұғымды кеңейту. Сөйлеу мәнерлігі.
Дауыс ырғағының сөйлесу жағдайына сәйкес болуы. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері.
Фонетика – 10 сағат.
2-сыныпта өтілген материалды қайталау: и, у дыбыстары; я, ю әріптері; дауыссыз дыбыстардың түрлері, емлесі.
Э, ф, в, ц дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері, салыстыру.
Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері.
X, һ дыбыстары мен әріптері, олардың айтылу ерекшеліктері.
X, һ қатысты сөздердің емлесі.
Мәтін – 8 сағат.
Мәтін туралы түсінікті бекітіп, кеңейту. Ойды жеткізуде ерекше мәні бар сөзді табу және оны дұрыс дауыс ырғағы арқылы ерекшелей айту.
Мәтін құрастырудың сызбасы (басқы, ортаңғы, соңғы бөліктері).
Мәтінді логикалық аяқталған бөліктерге бөлу (жоспар және жоспарсыз). Жоспар құру.
Әралуан мәтін түрлерін құрастыру: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау, олардың бір-бірінен ерекшеліктері.
Мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Сөйлемдердің байланысу тәсілдерін байқату: жіктеу есімдіктерінің, лексикалық қайталаулардың, мәңдес сөздердің қолданылуы.
Берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.
Сөйлеу ортасына, сөйлеу мақсаты мен сөйлеу тақырыбына сәйкес диалог құру.
Бірлесіп жасалған жоспар бойынша 50-70 сөзден құралған қысқаша мазмұндама жазу.
Мәтінді ықшамдау және жалпылау арқылы қысқарту.
Терме баяндау (тандап баяндау).
Синтаксис - 20 сағат.
Сөйлем туралы 2-сыныпта берілген білімді тиянақтап бекіту.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) есту бойынша ажырата алу машығын жетідіру.
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері.
Сөйлем түрлерін пайдалануға қолайлы жағдай (ситуация) жасау.
Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің түрлаулы жөне тұрлаусыз мүшелері.
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыш, олардың байланысы. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Жалаң және жайылма сәйлем. Үлгі, сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау. Екі жай сөйлемнен тұратын құрмалас сөйлемдермен таныстыру, тыныс белгісіне көңіл аудару. Қаратпа сөз, оның тыныс белгісі.
Лексика - 18 сағат.
Сөз туралы берілген білімді еске түсіру. Сөз мағыналарымен жұмыс: сөздің өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатынын және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқату. Оқушылардың ұғымына лайық кейбір сөз тіркестерімен таныстыру. Мәтіннен сирек қолданылатын таныс емес сөздерді тауып, мағынасын түсіндіру.
Сөзжасам - 14 сағат.
Сөз құрамы жайында 2-сыныпта берілген ұғымдарды жинақтау, бекіту: түбірден қосымшаның айырмашылығын айту, қосымшалы сөздің түбірін табу, түбірге қосылып тұрған қосымшаның түрін айту.
Түбір сөз және туынды сөз.
Негізгі түбірге жұрнақтар қосылу арқылы туынды сөз жасалатыны. Туыңды сөз жасайтын жұрнақтар. Туынды сөз бен түбір сөзді салыстыру. Түбірлес сөздер.
Бір түбірден жасалған сөздердің түбірлес сөз деп аталатыны. Түбір сөзге әр алуан жұрнақ қосқызып, түбірлес сөздер жасату. Бір түбірден тараған сөздердің түбірін тапқызу, жұрнақ қосылғаннан кейінгі мағынасына назар аударту.
Қосымшалардың емлесі: қосымша жалғанғанда түбір сөздің көбінесе өзгермеуі; қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғануы; қосымша жалғанғанда кейбір сөз түрлерінің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік (п, қ, ы ,і).
Морфология - 30 сағат.
Зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру.
Негізгі және туынды зат есім.
Негізгі зат есім, оның анықтамасы. Туынды зат есім, оның анықтамасы. Туынды зат есім жасайтын жүрнақтар.
Заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздерге жұрнақтар жалғап, олардан туынды зат есімдер жасау; туынды зат есімдерді сөз құрамына талдау.
Зат есімнің тәуелденуі. Тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлері. Зат есімді тәуелдеуге арналған жаттығулар. Тәуелдік жалғаудың емлесі.
Етістік туралы берілген білімді еске түсіру.
Негізгі және туынды етістік. Негізгі етістік, оның анықтамасы. Туынды етістік,оның анықтамасы.
Болымды және болымсыз етістік.
Сын есім жайында берілген білімді еске түсіру.
Негізгі және туынды сын есімдер. Олардың анықтамалары.
Заттың атын, қимылын бідціретін создерге тиісті жұрнақтар жалғап, туынды сын есім жасау. Туынды сын есімдерді сөз құрамына талдау. Негізгі, туынды сын есімдерді меңгеруге арналған жаттығулар.
Салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру. Заттарды әралуан белгісіне, сапасына және т.б. қарай салыстыру.
Сан есім туралы берілген білімді еске түсіру.
Есептік және реттік сан есімдер. Есептік сан есім, оның анықтамасы, сұрақтары. Реттік сан есім, оның анықтамасы, сұрақтары. Реттік сан есімнің жұрнақтары және олардың жазылуы.
Сөйлеу мәдениеті - 6 сағат.
Танысу, өтіну, тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалану.
Ауызекі және жазба тілде шақыру, құттықтау.
Жыл бойы өтілген материалдарды қайталау - 14 сағат.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3-сынып оқушылары:
-
э, в, ф, ц, ч, щ, х, һ әріптерінің емлесін;
-
мәтін түрлерін;
-
сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін;
-
жай сөйлемнің жалаң және жайылма түрлерін;
-
түбір сөз бен туынды сөзді;
-
түбір мен қосымшаның емлесін;
-
негізгі және туынды зат есімді;
-
зат есімнің тәуелденуін;
-
негізгі және туынды, болымды, болымсыз етістікті;
-
сын есім мен сан есімді біледі.
-
Сөзге дыбыстық талдау жасайды;
-
сөйлемді сөйлем мүшесіне талдай алады;
-
мәтіннен қаратпа сөздерді таба алады;
-
сөздің лексикалық мағыналарын (мәндес, қарама-қарсы мағыналы,
көп мағыналы) ажыратады;
-
туынды сөздерді ажыратады;
-
сөз құрамына және сөз тұлғасына талдай алады;
-
сөз таптарын өтілген белгілері бойынша талдай алады;
-
оқылған мәтін түрлерін (әңгімелейді, сипаттайды, пайымдайды)
ажыратады;
-
мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауға дағдыланған.
-
Тұрақты сөз тіркестерін өз тәжірибесінде пайдалана алады;
-
мәтіндегі тірек сөздерді табады және олармен мәтін құрай алады;
-
қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;
-
өтілген орфографиялық және пунктуациялық нормаларға сай қатесіз
жазады;
-
өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;
-
өз ойларын еркін, дәлелді түрде айтады.
оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктері бар. Әсіресе, 2 сыныптың әдістемелік ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Өйткені бұл сыныпта алғашқы тілдік грамматикалық ұғымдар қоса меңгертіледі.
Сондықтан оқыту үдерісінің өзіндік ерекшеліктері болуы шарт. Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту үдерісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет.
3-4 сыныптарда тілдік ұғымдар біртіндеп күрделене түседі. Тілдік материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік фактілерді байқату, салыстыру, жаттығу және көрнекілік әдістері арқылы түсіндіріледі. Бұл әдістер қазіргі дамыта оқыту талабына сай қолданылады. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аудартылады:
-
сабақ құрылымының икемділігі;
-
түсіндірілетін жаңа ұғым бойынша проблема қою;
-
оқушылардың жаңа ұғымды меңгерудегі интенсивті өзіндік әрекетін ұйымдастыру;
-
тақырыпқа қатысты пікірталастың болуы;
-
дидактикалық ойындар;
-
тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді ұйымдастыру;
-
білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттар құру.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылған сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады:
-
мотивациялық-бағдарлау кезең;
-
операционалдық-орындаушылық кезең;
-
рефлексиялық-бағалау кезең.
Мотивациялық-бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.
Операционалдық-орындаушылық кезеңде нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді.
Ал рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаттығулардың алатын орны ерекше. Қазіргі талапқа орай тілдік-грамматикалық жаттығулар, ойын жаттығулары, сөйлеу жаттығулары, рефлексиялық жаттығулар орындатылады.
Ойын жаттығулары оқушылардың оқу-танымдық қызметін ойын (пәндік, пәнаралық, сюжеттік, рөлдік ойындар) арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына, стандартты емес жағдайда өз білімін қолдана білуіне ықпал етеді. Ойын және сөйлеу жаттығулары арқылы қатысымдық және ақпараттық дағдыларды қалыптастыру міндеті шешіледі. Сонымен бірге мақсат қою, технологияларды қолдану, іс-әрекеттің нәтижесін бағалау аспектілерін сабақта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тірек сызбалардың проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.
Мұғалім дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:
Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.
2-4 сыныптарда жазылуы қиын сөздерді, сейлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз әрі каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.
Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары -көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.
Диктант
Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырылады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр сыныпта шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.
Бақылау диктанты 3 сыныпта шамамен 5 рет (әр оқу тоқсаны сайын - 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша - 1 рет) алынады.
Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгілеңді.
Сөздік диктанты:
3-сыныпта 12-15 сөз.
.
Бақылау диктанты:
3-сынып - I жартыжылдықта 40-50 сөз, жыл аяғында 50-65 сөз.
Мазмұндама және шығарма.
Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмүндау, шығарма жүмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері жөне т.б. бойынша жүргізіледі.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 2-3-4 сыныптарда жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.
Мазмұңдамаға арналған сөз саны:
3-сыныпта 50-70 сөз.
Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 3 сыныпта I жартыжылдықта - 1 рет, II жартыжылдықта - 2 рет алынады.
Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы
Сынып
|
I тоқсан
|
II тоқсан
|
III тоқсан
|
IV тоқсан
|
Қорытынды бақылау диктанты
|
Бақылау диктанты
|
|
3
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
|
Сауаттылығын тексеруге арналған диктант
|
|
1
|
1
|
1
|
1
|
|
Мазмұндама
|
|
|
Үйрету мақсатымен
|
Үйрету мақсатымен
|
Үйрету мақсатымен
|
3
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Шығарма
|
|
|
|
Үйрету мақсатымен
|
Үйрету мақсатымен
|
3
|
|
1
|
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |