Дүниетану
Барлығы 68 сағат
Аптасына 2 сағат
Қ.А.Айтмағамбетова,Т.С.Идилова,Б.Л.Хаджиева
(Алматыкітап баспасы 2011)
І. ТҮСІНІК ХАТ
«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.
Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
-
білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың
біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым
түсініктер қалыптастыру;
-
білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез–
-
құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;
-
білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың
-
келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын іріктеуде бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлы тәсілі қарастырылды.
Пән бойынша оқу жүктемесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүниетану» оқу пәнінің апталық жүктеме сағаты:
3 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігіБілім мазмұнының вариативті бөлігі білім алушылардың тұлғалық сипатын қамтамасыз ете отырып, балалар мен ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз етеді. «Дүниетану» оқу пәні бойынша келесідей қосымша оқу бағдарламаларын жасау ұсынылады. Мысалы, «Өзіңді тани біл», «Табиғат және адамдар», «Әлем және адам», «Табиғатта қонақта», «Жасыл дәріхана», «Туған ел», «Туған өлкенің табиғи байлықтары» және т.б.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3-сынып оқушылары:
-
салауатты өмір салтының құрылымын (дұрыс тамақтану, дене белсенділігінің, дұрыс ұйқы мен тынығудың, күн тәртібін сақтауды, шынығуды, жаман әдеттің алдын-алу);
-
дәрумендердің адам өмірі үшін тигізетін маңызын;
-
дұрыс тамақтанудың маңызын;
-
су жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын;
-
орман жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын;
-
шалғындық жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын;
-
тұщы суды және топырақты қорғаудың маңызын;
-
жануарлардан жұғатын аурулардың алдын-алу шараларын және улы жануарлармен кездескенде өмір қауіпсіздік ережелерін;
-
сынып бөлмесінің, жергілікті жердің суретте, сұлбада кескінін;
-
қарым-қатынас жасауда топтың басқа мүшелерінің көзқарастарымен санасудың қажеттілігін;
-
туыстық қатынастар мен ата-баба шежіресін;
-
Қазақстанның қалаларын, туған өлкесінің ауыл/қаласының тарихи жерлерін бейнеленуін білуі тиіс.
Оқушылар:
-
дене және ақыл-ой еңбегінің ерекшеліктерін сипаттай алуы;
-
дене белсенділігінің аздығы, дұрыс тамақтанбау, ұйқы мен күн тәртібін сақтамау салдарынан адам денсаулығының нашарлау себебін түсіндіре алуы;
-
суда және күннің көзінде болған кезде өзін-өзі ұстаудың қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы;
-
табиғат қауымдастығындағы жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін түсіндіре алуы;
-
улы жануарлардың 3-4 өкілін ажырата алуы;
-
біржылдық, көпжылдық, жабайы, мәдени, дәнді-дақылды, дәрілік және улы өсімдіктердің 3-4 түрін ажырата алуы;
-
табиғат белгілері бойынша жергілікті жерде бағдарлау үшін тірі және өлі табиғат құбылыстарын бақылай алуы;
-
табиғаттағы су айналымының жүру барысын сипаттай алуы;
-
топырақ пен су көздерін шаруашылық іс-әрекетке пайдалану жолдары бойынша мысалдар келтіре алуы;
-
өлшегіш құралдарды (компас, флюгерді) пайдалана алуы;
-
флюгердің көмегімен желдің бағытын анықтай алуы;
-
компастың көмегімен көкжиектің негізгі тұстарын айқындай алуы;
-
жергілікті жердегі бір нысанның келесі нысанға қатысты орналасқан жерін анықтай алуы;
-
сынып бөлмесінің сұлбасын суреттен ажырата алуы;
-
сынып бөлмесінің сұлбасын құрастыра алуы;
-
сыныптағы өзін-өзі басқару шеңберінде өз ұсынысын және іс-әрекетін дәлелдей алуы;
-
табиғат белгілері бойынша жергілікті жерде бағдарлау үшін тірі және өлі табиғат құбылыстарын бақылай алуы.
-
адамдар арасындағы өзара байланыс түрлерін: отбасылық, туыстық қатынастарды ажырата алуы;
-
Қазақстанның қалаларын, туған өлкесінің ауыл/қаласының тарихи жерлерін сипаттай алуы тиіс;
3 сынып
Адам (8 сағат)
Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Адам ағзасының құрылысы туралы жалпы түсініктер. Қаңқа және бұлшық еттер. Қимыл-қозғалыс. Дем алу мүшелері. Өкпе және оның қызметі. Ас қорыту мүшелері. Қан айналымы. Жүрек және оның қызметі. Жүйке жүйесі. Дене мүшелерінің өзара байланысы.
Дене шынықтырудың қимыл-қозғалыс еңбектерінің бұлшық еттерді қатайту үшін маңызы. Тамақтану гигиенасы. Таза ауада демалу.
Көрнекі құралдар: Қаңқаның моделі, адам жүрегінің үлгі түріндегі көшірмесі (муляж), кестелер, секундомер, спидометр.
Көрсетілімдер: Адам ағзасы мүшелері, олардың қызметтері туралы әртүрлі диафильмдер.
Практикалық жұмыстар: Қалыпты күйдегі және әртүрлі дене жаттығуларынан кейінгі адам пульсінің соғуын өлшеу және салыстыру.
Табиғат (34 сағат)
Табиғатты оқып-үйрену әдістері (4 сағат)
Тірі және өлі табиғат денелеріне бақылау жасау. Бақылау және тәжірибе – табиғатты танып-білудегі негізгі әдістер. Тәжірибе жүргізуді жоспарлау, оның жүргізілуіне бақылау жасау, алынған нәтижелерді қорытындылау.
Көлем және оны өлшеу (уақыт, температура, ұзындық және т.б.), олардың табиғат объектілері мен құбылыстарын оқып-үйренудегі маңызы.
Көрнекі құралдар: Күнтізбе, сағат, термометр, сызғыш және т.б.
Көрсетілімдер: Көлемді өлшеуіш құралдар. Бөлме өсімдіктері жапырақтарының жарыққа қарағандағы жағдайына бақылау жасау.
Практикалық жұмыстар: Көлемді өлшеуіш құралдарымен жұмыс жасау, олардың көмегімен көлемді анықтау.
Дене. Заттар. Құбылыс (4 сағат)
Дене туралы алғашқы түсінік. Табиғи және жасанды денелер. Заттар. Заттың агрегаттық күйі. Табиғаттағы құбылыс.
Көрнекі құралдар. Түрлі заттардың үлгісі.
Практикалық жұмыстар. Табиғи және адам қолымен жасалған денелермен танысу.
Ауа. Су. Ауа райы (4 сағат)
Ауа: жылы және суық ауа. Жел – ауаның қозғалысы. Табиғаттағы су. «Жер асыты сулары», «өзен», «көл», «теңіз», «мұхит» ұғымдары. Бұлт, оның түрлері. Жауын-шашын. Тұман. Ауа райы. Ауаның тазалығын сақтау. Ауа мен судың маңызы.
Көрнекі құралдар: Өзен, көл, теңіздің суреттері. Шыны түбіртек, химиялық колба және т.б.
Көрсетілімдер: Есікті ашып екі бөлме арасындағы ауаның қозғалысына бақылау жасау.
Практикалық жұмыстар: Қазақстандағы және дүние жүзі бойынша ең ірі өзен, көлдердің аттарын дәптерге жаздырту.
Тау жыныстары және пайдалы қазбалар (10 сағат)
Тау жыныстары туралы алғашқы түсінік. Олардың түрлері, қасиеті. Қатты тау жыныстары: гранит, мрамор. Пайдалы қазбалар. Мұнай. Табиғи газ.
Топырақ. Топырақтың түзілуі. Топырақтың қасиеті.
Көрнекі құралдар: Пайдалы қазбалар коллекциясы. «Көмір өндіру», «Мұнай өндіру» - кестелер мен суреттер.
Көрсетілімдер: Пайдалы қазбалар, оларды өндіру туралы диафильмдер.
Практикалық жұмыстар: Пайдалы қазбалар үлгісімен таныстыру.
Топсеруен. Жергілікті жердегі топырақ түрлерімен танысу.
Өсімдіктер (6 сағат)
Құрлық және су өсімдіктері. Мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер. Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер. Дәнді дақылдар. Дәрілік және улы өсімдіктер.
Көрнекі құралдар: Гербарий. Әртүрлі өсімдіктердің суреттері.
Топсеруен. Жергілікті жердің өсімдіктерімен танысу.
Жануарлар (6 сағат)
Құрлық және су жануарлары. Хайуанаттар мен улы жыландар кездескен жағдайда қауіпсіздік ережесін сақтау. Адамдарға жануарлардан жұғатын аурулардың алдын алу шаралары.
Көрнекі құралдар: Жануарлардың муляжы. Әртүрлі жануарлардың суреттері.
Қоғам (26 сағат)
Отбасы (4 сағат)
Адамдардың өзара қарым-қатынастары. Туыстық байланыстар. Ата-баба шежіресі.
Мектеп (4 сағат)
Мектеп ұжымы. Мектептегі мінез-құлық ережесі. Мектеп және оның айналасы. Табиғат нысандары және адам қолымен жасалған заттар.
Туған қала облыс (облыс/аудан) (8 сағат)
Қазақстан қалалары және туған өлкенің тарихи жерлері. Туған қала/облыс орталығының таңбасы.
Біздің Отан (10 сағат)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері. Қазақстан – көп ұлтты ел. Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мерекелері мен салт-дәстүрлері: Наурыз, Ораза айт, Кұрбан айт, Рождество, Пасха, Сабан той.
Көрнекі құралдар: Астананың суреттері. Мемелекеттік тудың, ел таңбаның макеттері. Қоғам қайраткерлерінің суреттері.
Көрсетілімдер. «Тәуелсіз Қазақстан» туралы диафильм.
Практикалық жұмыстар. «Мәдениет және қоғам қайраткерлері» танымдық ойын ұйымдастыру.
Топсеруен. Қаланың/ауылдың көрнекі жерлеріне саяхат жасау.
Пән
|
Оқулықтың
авторы
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Жылдық
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Дүниетану
|
Қ.А.Айтмағамбетова,
Т.С.Идилова,Б.Л.
Хаджиева
(Алматыкітап)
|
18 сағат
|
14 сағат
|
20 сағат
|
16 сағат
|
68 сағат
|
Достарыңызбен бөлісу: |