біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары бойынша сабақтар жүргізуге, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, әдістемелік жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуға тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық), және концертмейстер қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Жүзу және дене тәрбиесі нұсқаушысы
Лауазымдық міндеттері: Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Дене тәрбиесі бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес балаларды оқыту жұмысын жүргізеді. Балардың жас ерекшегілігін, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды. Оқушыларға дене жаттығуларын орындау дағдыларын үйретеді, олардың рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.
Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралар өткізу барысында оқушылардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетеді. Үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды. Дәрігерлермен бірлесе отырып, оқушылардың денсаулығын бақылайды және физикалық жүктемесін реттейді. Оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Салауатты өмір салтын насихаттайды. Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен тығыз байланыста болады. Белгіленген тәртіп бойынша құжат және есеп беруді жүргізеді.
Жүзу нұсқаушысы: Бағдарламаға сәйкес сабақ жүргізеді. Мектепке дейінгі жасы кішкентай балаларды көп мөлшерлі судан қорықпауға үйретеді (арнайы ойындар, сабақтар), ал орта мектепке дейінгі жастағы балаларға әр түрлі жүзу әдістерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»). Балалардың суда жүзу кезіндегі қауіпсіздігіне толық жауап береді. Медбикемен бірлесіп бассейіннің гигиеналық жағдайын бақылайды. Суға түсу кезінде және жүзудің алдында бассейнді тексеріп, білім алушылардың денсаулығына зиян келтіретін заттарды алып тастайды. Балаларды шешіндіру және душ қабылдау кезінде көмектеседі және оларды гигиена талаптарын қатаң сақтауға үйретеді.Алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалайды. Қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулық жүргізеді. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканың, психологияның негіздерін, жас ерекшеліктер физиологиясын, анатомияны, мектеп гигиенасын, спорттық ғимараттарда және снарядтарда сабақ өткізу әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, әр жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін, суда жүзу тәртібін, спорттық шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын; бағдарламалар мен оқулықтарды; оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылытын талаптар:
біліктілігі жоғарғы деңгейлі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім.
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдары мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғарғы деңгейлі бірінші санатты маман:
жоғары деңгейлі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, бала тәрбиесіне және балалармен спорттық шаралар өткізуге арналған өзінің әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
жоғары деңгейлі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәжірибелік жұмыс қабілеттерінің бар болуы, балалармен жұмыс істеудің жаңа бағдарламалары мен әдістерін жасауы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдары мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, бала тәрбиесіне және балалармен спорттық шаралар өткізуге арналған өзінің әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар эксперименттік жұмыстарды өткізу дағдысы болуы, балалармен сабақ өткізудің жаңа бағдарламасы мен әдістемесін құрастыра білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Еңбекке баулудан нұсқау беруші
Лауазымдық міндеттері: еңбекке баулу және тәрбиелеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен басқа да оқу материалдарын құрастырады.
Жазғы маусымда қоғамға пайдалы өнімді еңбекті және оқушылар бірлестігінің еңбек жұмыстарын ұйымдастырады. Оқушылардың техникалық шығармашылыққа, ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытады. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізеді.
Оқу шеберханаларын техникалық құрал-жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады; олардың сақталуына және үнемді пайдаланылуына жауап береді. Станоктарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, құрылғыларды жөндеуді жүзеге асырады немесе жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.
Білім алушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін орындауын қамтамасыз етеді, оқу процесі кезінде балалардың денсаулығы мен өміріне жауапты болады. Дәрігер келгенге дейінгі көмекті көрсетеді. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім және тәрбие беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның негізін; мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін; бағдарламалар мен оқулықтарды, құрал-жабдықтар, техникалар және олардың техникалық пайдаланудың қолданыстағы ережесін; оқу кабинетін (шеберхананы) жарақтандыру мен жабдықтауға қойылатын талаптарды білуі тиіс.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және педагогикалық еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар еңбеккке баулу мен тәрбиелеудің озық әдістері мен түрлерін қолдануы, эксперименттік жұмыс жүргізу дағдысы болуы керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар балаларды техникалық шығармашылыққа баулуға, оқытудың жаңа бағдарламаларын енгізуге, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің сапалы, пайдалы өнім шығару жұмысын ұйымдастыруға тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар еңбекке баулудан сабақ және іс-шаралар өткізудің өз әдістемесін әзірлеп, жаңа оқыту бағдарламаларын енгізуі, балаларды ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа баулуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман:
техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар еңбекке баулуды оқытудың және тәрбие берудің озық түрлері мен әдістерін қолдануы, зксперименттік жұмыс жүргізу дағдысы болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды техникалық шығармашылыққа баулуы, жаңа оқыту бағдарламаларын енгізуі, оқушылар мен тәрбиеленушілердің сапалы, қажетті өнім шығару жұмысын үйымдастыруы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар еңбекке баулудан сабақ және іс-шаралар өткізудің өз әдістемесін әзірлеп, жаңа оқыту бағдарламаларын енгізуі, балаларды ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа баулуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |