Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарайжәне оларға сараланған тұрғыдан тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс;
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес.
Білім беру ұйымының зертханашысы
(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)
Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.
Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды. Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.
Білуге міндетті: «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік қүқықтық актілерді; тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін; пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды; зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын; дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді; еңбек туралы заңнамалар; қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары білімі;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологияларын, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және зертханашы лауазымында жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; шығармашылық семинарларды басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және зертханашы лауазымында жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білімі және бейіні бойынша зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және зертханашы лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ зертханашыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі; сонымен қатар, жеке оқыту мен тәрбие берудің технологияларын, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі; білім беру ұйымдары шеңберіндегі әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты зертханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі; сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жас ерекшелігіне және қарай тәрбие беру әдістемесін өз бетімен әзірлей білуі; шығармашылық семинарларды басқара білуі; диагностикалық жумыстардың ұйымдастырылған нысандарын білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес
біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі, тәрбие әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі; әдістемелік нұсқаулар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы озық педагогикалық тәжірибелерді таратуы; білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес.
Ескерту: Жалпы орта білімі бар зертханашы техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі бар санаты жоқ зертханашы лауазымынан бір санатқа төменге жатқызылады.
Біліктілікті арттыру институтының әдіскері (БАИ)
Лауазымдық міндеттері: Курстарды, семинарларды, конференцияларды, педагогикалық оқуларды, конкурстарды, көрмелерді саралап жинақтауды және өткізуді ұйымдастырады. Курстарға оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді. Тиісті санаттағы біліктілікті арттырудың (БА) өзекті проблемалары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, тренингтер, қызметтік ойындар дайындайды және жүргізеді. Жаңа тиімді технологияларды енгізу бойынша проблемалық мақсатты курстарды ұйымдастырады. БА курстары үшін жаңа оқу-тақырыптық жоспарлар, бағдарламалар әзірлейді. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің үздіксіз БА-ның әртүрлі звенодағы курстық даярлығының тиімділігін анықтаудың педагогикалық диагностикасын, түзеуді, педагогикалық инструментарияларды жүзеге асырудың әдістерін жетілдіру жөніндегі, әдістемелік жұмыстың нұсқасын әзірлеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Білім беру ұйымдарының аудиовизуалдық және интерактивтік оқу құралдарына қажеттіліктеріне және педагогикалық деректер банктерінің жай-күйіне талдау жасайды. БА курстарын әдістемелік және практикалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Біліктілікті арттыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді, кабинет бейіні бойынша педагогикалық кадрлардың сапалы құрамының мониторингін жүзеге асырады. Авторларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуге, авторлық курстарды, семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетеді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды. Білім беру ұйымдары педагогтерінің, әдіскерлерінің, басшыларының нәтижелі жұмыс тәжірибелерін зерделейді, қорытындылайды және таратады. Білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік кабинеттерге консультациялық, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді. Курсаралық жұмыстар және әртүрлі байқаулар, конкурстар, слеттер, олимпиадалар өткізеді. Педагогикалық және басқару инновациясын зерделейді және насихаттайды. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін, педагогикалық әдебиеттердің жаңалықтарын назарда ұстап отырады және олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік кабинеттерді хабардар етеді. БА жүйесіндегі маркетингтік зерттеулерді және баспа қызметін жүзеге асырады.
Өңірлік деңгейдегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін үйлестіреді. Педагогтердің, білім беру ұйымдарының және жеке (ізденіс) зерттеу қызметтерінің инновациялық, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау негізінде ғылым мен практиканы интеграциялау идеясын енгізу жөніндегі ұсынымдамаларды әзірлейді. Республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру проблемалары бойынша материалдар жариялайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, дидактиканың принциптерін; педагогиканың және жас ерекшеліктер психологиясының негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін; баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптерін және тәртібін; пән бойынша жаңа түпнұсқа және балама оқулықтардың мазмұнын, озық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар жөніндегі жұмыс тәжірибені қорытындылаудың және таратудың әдістемесін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ақпараттарды компьютерлік өңдеу технологиясын, педагогикалық талдау әдістерін меңгеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін қорытындылай және тарата білуі тиіс, жарияланған әдістемелік материалдары болуы тиіс
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғарьі педагогикальіқ білім және БА жүйесіндегі жұмыс өтілі 7 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік дағдыларды меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және БА жүйесіндегі жұмыс өтілінің 9 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы; алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша ақпарат таратуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, БА жүйесіндегі жұмыс өтілінің 10 жылдан кем болмауы және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.
Әдістемелік кабинеттің (ӘК) әдіскері
Лауазымдық міндеттері: Ауданның (қаланың) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді. Жетекшілік ететін мәселесі бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандығы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды. Педагогикалық қызметкерлердің оқу-әдістемелік қүжаттамаларын (дидактикалық материалдарын, құралдардың типтік тізбелерін), семинарларды, озық тәжірибелі мектептердің жиналыстарын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Білім беру үйымдары мен педагогтердің инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және тәрбие беру жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек береді. Педагогтерге библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасауға көмек береді, оны аудан (қала) педагогтерінің, білім беру ұйымдары әдістемелік кабинеттерінің назарына жеткізеді.
Оқыту мен тәрбие жұмысының озық технологиялары бойынша ақпаратты қорытындылайды және таратады. Білім беру ұйымдары педагогтерінің, басшыларының анағұрлым нәтижелі тәжірибесін зерделейді, жүйелейді, қорытындылайды, мониторинг жүргізеді және таратады. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізуге қажетті құжаттарды әзірлейді.
Білім беру ұйымдарының оқытудың аудиовизуалдық интерактивтік қүралдарына қажеттілігін және педагогикалық деректер банкінің жай-күйін талдайды. Қажетті есеп беруді дайындайды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік қүқықтық актілерді; мемлекеттік білім беру стандарттарын; педагогика және жасерекшелік психологиясының негіздерін; дидактиканың принциптерін; оқытудың жеке және жалпы әдістерін; білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін ұйымдастырудың жүйесін; білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері, педагогтері жұмыстарының тиімді нысандары мен әдістерін анықтаудың, жариялаудың және таратудың әдістемесін. Оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендірудің принциптерін. Еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман:
жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін пысықтауы және таратуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 8 жылдан кем болмауы тиіс немесе ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың дағдыларын меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 10 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің немесе 5 жылдан кем емес ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 15 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің немесе 7 жылдан кем емес ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман:
техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін пысықтай және тарата білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 8 жылдан кем емес, оның ішінде 5 жыл мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 3 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың дағдыларын меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 10 жылдан кем емес, оның ішінде 7 жыл мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 5 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар семинарлар, озық тәжірибелі мектептер отырыстарын, конкурстар, олимпиадалар өткізуі, мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжауы және жоспарлауы, оқу-әдістемелік құжаттарды (дидактикалық материалдарды, құрал-жабдықтардың типтік тізбесін және т.б) әзірлеуі тиіс, педагогикалық басылымдарда білім беру проблемалары жәнінде жарияланымдарының болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 15 жылдан кем емес, оның ішінде 10 жылдан кем емес мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 7 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.
Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі
ғылыми-практикалық орталықтың (ҒПО) аға әдіскері
Лауазымдық міндеттері: Ғылыми-зерттеу қызметі: Республикалық деңгейдегі іргелі және қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми проблемалар бойынша зерттеулердің жүргізілуіне ғылыми басшылықты жүзеге асырады және қатысады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады, оларды жүргізудің әдістері мен құралдарын анықтайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қалыптастыруға қатысады, басқа ұйымдардағы бірігіп орындаушылардың қызметін үйлестіреді. Алынған нәтежелерді пысықтайды, аяқталған зерттеулер мен әзірлемелерге ғылыми-зерттеу сараптамасын жүргізеді және осы нәтижелерді практикалық іске асыруға республикалық деңгейде басшылық етеді.
Ғылыми-әдістемелік қызметі: Интеллектуалды жарыстар өткізудің әдістемелері мен формаларына талдау жүргізеді, әзірлейді және оны ғылыми негіздеуді жүзеге асырады; дарынды балалар мен жастардың дамуын анықтау бойынша психикалық диагностикалық және түзету қызметінің технологияларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді. Қосымша білім беретін мектептер жұмысының оң тәжірибелерін қорытындылайды және таратады, семинарларды, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ғылыми-әдістемелік материалдардың жариялануын қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру-педагогикалық қызметі: Олимпиадаларды, республикалық және халықаралық деңгейдегі оқушылардың ғылыми жобаларының жарыстарын; ғылыми конференциялар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын; қосымша білім беретін мектептердегі сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |