Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы



бет5/13
Дата03.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#174222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында және тұрғылықты орындары бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, тұлғалық дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың тұлғалық әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделейді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қиындықтары мен проблемаларын анықтап, оларға уақтылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жұмыстарын үйлестіреді және жоспарлайды. Ата-аналар комитетімен, қамқоршылық кеңесімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді. Оқушыларға уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсету мақсатында олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына талдау жасайды. Өткізіліп жатқан жобалар мен бағдарламалардың салдарларын болжайды.

Балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақымен және зейнетақымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.

Мектеп бітірушілерінің жұмысқа тұру мәселелері бойынша бақылауды қамтамасыз етеді. Жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін оқулықтар, тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді және үйлестіреді.

Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.



Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қаақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымдарында басшы лауазымында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.



Қосымша білім беру ұйымының директоры
Лауазымдық міндеттері. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, ұйым жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қосымша білім беру ұйымына басшылық етеді. Мәдени-демалыс қызметі, дене тәрбиесі мен спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беру, коммуникативтік қызметтерді көрсету жұмыстары мен құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттестігін ұйымдастырады. Қазіргі заманғы басқару әдістері негізінде жұмысты болжамдайды және жоспарлайды. Шағын ауданды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасына бақылауды жүзеге асырады, білім беру үрдісі кезінде ұйымдағы білім алушылар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық етеді.

Білім беру және тәрбие мәселелері жөніндегі жақын және алыс шетелдердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын айқындайды, қосымша білім беру ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады. Педагог қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Оқу материалдық базаның сақталуы мен толықтырылуына есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосымша қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 568 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2475 болып тіркелген «Балаларды сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының бейінін және оның ерекшеліктерін; жеткіншек және жасөспірім кезеңінің жас ерекшеліктерін; әртүрлі әлеуметтік ортадағы психологияны, әлеуметтануды және жұмыс ерекшеліктерін, жалпы және отбасылық педагогиканың негіздерін, экстремальды жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін ақыл-кеңес өткізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмыстарды ұйымдастыруды, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымының және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызметтер туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе басшылық лауазымдағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Қосымша білім беру ұйымы директорының орынбасары
Лауазымдық міндеттері. Педагогикалық ұжым қызметін ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы жөніндегі педагогикалық қызметкерлердің жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді. Ұйымдағы білім беру және тәрбие үрдістерінің сапасына білім алушылардың оқу дайындығы нәтижелерін, үйірмелер, секциялар, клубтар мен факультативтер жұмыстарын бағалау объективтілігіне бақылауды жүзеге асырады. Инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді. Емтихандарды, конкурстарды, жарыстарды дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.

Білім алушылар мен қызметкерлерге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу сабақтарының кестесін жасайды. Белгіленген есеп құжаттамаларын уақытылы жасауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Оқу кабинеттерін, бөлмелерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуіне басшылық жасайды. Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.



Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 568 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2475 болып тіркелген «Балаларды сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қосымша білім беру бағыттары мен перспективасын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, физиология мен гигиена негіздерін, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызметтер туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе басшылық қызметте еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Оқу кабинетінің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері. Біліктілікті арттыру (БА) курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және білім беру ұйымдары кадрларын курстық қайта даярлау мониторингісін жүзеге асырады. Курстар мен семинарларда білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басқа да қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу жоспарлары мен басқа да қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді. Әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының тәжірибелерін, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін зерделеуді, талдауды және таратуды ұйымдастырады.

Қажетті құжаттарды дайындайды және педагогикалық оқу, конкурс, байқау, слет, олимпиада, көрме өткізуге қатысады. Авторларға оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуге көмек көрсетеді. Мұғалімдер мен оқытушылардың курсаралық даярлығын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік, әдістемелік және басқару қызметін ұйымдастыруға консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді.

Біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметін көрсету бойынша маркетингтік зерттеу жүргізеді. Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың республикалық (облыстық) институты кабинетінің меңгерушісі үшін:

жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем болмауы, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.



аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушісі үшін:

жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.


Бөлімше (зертхана) басшысы
Лауазымдық міндеттері. Зертхананың және даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша мамандардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бөлімшедегі мамандардың лауазымдық міндеттерін бөледі. Жоспардағы тапсырмалардың жасалуы мен орындалуын үйлестіреді, мамандардың жұмыстарының нәтижелілігін талдайды, мамандардың уақытында есеп жасауын, құжаттамалардың қолданыстағы нормаға сай жүргізілуін қамтамасыз етеді. Жұмыстың белгіленген режимін орындауға бақылау жасайды. Кабинеттерді жабдықтау мен безендіруді ұйымдастырады, жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын, білім беру ұйымының бейіні бойынша жұмысты ұйымдастырады. Олимпиада, конкурс, көрме, жарыстардың өткізілуін қамтамасыз етеді. Зертхананың қызметі бойынша әдістемелік жинақтар әзірлеуді, нұсқаулар және басқа да жарияланымдарды дайындауды ұйымдастырады.

Белгіленген есеп беру құжаттамаларын уақытында жасауды қамтамасыз етеді.



Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, психологияны, дидактика принциптерін, инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивтік әдістерін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе ұйымның бейіндік қызметі бойынша жоғары білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Білім беру ұйымы бөлімшесінің басшысы
Лауазымдық міндеттері. Білім беру ұйымы бөлімшесінің қызметін басқарады, ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік, әдістемелік бағыттардың бірінде оқыту процесін ұйымдастырады. Жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуын қамтамасыз етеді. Оқыту процесі мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Әдістемелік материалдарды жүйелейді және ақпараттық анықтамаларды (бюллетеньдерді) құрастырады. Білім беру ұйымының эксперименттік жұмыстарының нәтижесін талдайды және қорытындылайды.

Конкурс, көрме, слет, жарыс, фестиваль өткізу жөнінде қажетті құжаттамаларды әзірлейді және ұйымдастырады. Білім алушылар контингентін сақтау шараларын қабылдайды. Оқу-материалдық базаны дамытуды және нығайтуды, құрал-жабдықтар мен мүліктерді сақтауды, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мен өрттен сақтану ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.



Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды; педагогика, психология негіздерін; оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивтік әдістерін; педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экстремальды жағдайларды анықтау әдістерін; жастар мен жасөспірімдер үшін консультациялар ұйымдастыру әдістерін; қиын жасөспірімдермен, жастармен жұмысты ұйымдастыруды; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымдарындағы басшылық қызметтегі еңбек өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.

қосымша білім беру ұйымдары бөлімшелерінің басшылары үшін: жоғары педагогикалық білім және білім беру мекемесінің бейініне сәйкес педагогикалық қызметтегі немесе ұйымдағы басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

оқу-кеңес беру орындарының басшылары үшін: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы басшылық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының басшысы (меңгерушісі)
Лауазымдық міндеттері. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық), мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; оқыту-тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.

Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамдық ұйымның және әдістемелік бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрларлың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады. МдОТҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.



Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының (МдОТҰ) әдіскері

(аға тәрбиешісі)
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (жасауға) қатысады; білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және топтар бойынша сабақтар ретін құрады. Алдыңғы қатарды практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды. Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша кеңестер, конкурстар мен көрмелер өткізеді; шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді; есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді. Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.

Балалардың білімдеріне, істерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды. Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу бойынша ұсынымдамалар енгізеді. Біліктілікті арттыру және педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы міндетті мемлекеттік стандартын; педагогика мен жас ерекшелік психологиясын; тәрбие мен оқытудың жалпы жеке әдістемесін; оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін; педагогикалық жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау, қорытындылау және енгізу әдістемесін; балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін және жүйкелік-психикалық қызметін; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін; оқытудың аудиовизуальды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбек қорғаудың, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және МдОТҰ-да тәрбиеші лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жүмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет