Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы



бет7/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#141212
1   2   3   4   5   6   7   8

Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымының таңдауы бойынша пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ - кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультациялар; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығына 204-қосымша
1119000 – Тоңазытқыш компрессорлық машиналар және қондырғылар мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғары деңгей)

Циклдің индексі (пән)

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар

Қалыптаса

тын құзырет коды



ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

кәсіби тілдің рөлі; мамандық терминологиясы; кәсіби бағытталған мәтіндерді оқу және аудару техникасы (сөздікпен); кәсіби қарым-қатынасқа түсу; мәтіндер бойынша мамандыққа бағытталған әңгімелер мен диалогтар құрастыру.



Білімдер:

- мемлекеттік тіл мен мамандыққа бағытталған мәтіндерді оқуға және аударуға (сөздікпен) қажетті лексикалық (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимум;

Іскерліктер:

- кәсіби лексиканы қолдана білу, қазақ тілі бюойынша қалыптасқан білімін өзінің кәсіби іс-ірекетінде пайдалану



БҚ 6, 7, 8

ЖГП 02

Кәсіби шетел тілі:

кәсіби қарым-қатынасқа қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал;

тілдің түрлі формалары мен іс-әрекет түрлері (ауызша, жазбаша, монолог, диалог); мамандыққа бағытталған мәтіндерді аудару техникасы.


Білімдер:

- кәсіби қарым-қатынасқа қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал;

Іскерліктер:

- тілдің түрлі формалары мен іс-әрекет түрлері (ауызша, жазбаша, монолог, диалог); мамандыққа бағытталған мәтіндерді аудару техникасы



БҚ 6, 7, 8

ЖГП 03

Қазақстан тарихы:

негізгі мектеп курсы бойынша жалпылама білімдер; қазақ халқының тұрақтануында мәдени және тарихи даму жолдары; көшпенділердіі өркениеті; көшпенді мемлекеттің пайда болу жолдары; көшпенділердің рухани мәдениеті; Ресейге қосылу алдында және қосылғанда Қазақстанның ішкі саяси жағдайы; ұлттық көтерілістер мен қозғалыстар; XX ғасырдың басындағы партиялар мен ағындар мәні; XX ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы; Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында этнодемографиялық жағдай; коммунистік партия және комсомол;

қазақ диаспорасының қалыптасуы;

Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейін Қазақстан рөлі; 50-80 жылдарда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайы; дағдарыс пен КСРО-ның ыдырауы кезінде Қазақстан; тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында саяси және қоғамдық өзгерістер.



Білімдер:

- Қазақстан тарихы;

- қазақ халқының қалыптасуы;

- көшпенді өркениеттің пайда болуы;

- Жібек жолы және оның тарихи мәні;

- Қазақстанның Ресей құрамына енуі;

-XVII-XVII ғасырларда жоңғарларға қарсы ұлттық күрес;

- XX ғасырлардың 20-80 жылдары көтерілістер мен қозғалыстар;

- XX ғасырлардың 20-80 жылдары Қазақстан мәдениеті;

- қазақтардың дүние жүзілік құрылтайы ;

- 1986 жылдардағы Алматыдағы оқиғалар;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі.

Іскерліктер:

- қысқаша тарихи-археологиялық әңгіме құрастыру;

- көшпенді мал шаруашылығының пайда болу себептерін ашу;

- алғашқы мемлекеттік ұйымдарға сипаттама беру;

- көшіру саястының негізгі себептерін анықтау;

- көтерілістер мен жеңілістердің себептерін талдау;

- ЖЭС, ұжымдастырудың мәнін ашу;

- картамен жұмыс жасау;

- қазақ диаспоорасының пайда болу себептерін ашу;

- Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңдерде Қазақстан рөлін ашу



БҚ 4, 7

ЖГП 04

Дене тәрбиесі:

маман даярлауда дене тәрбиесінің рөлі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру; дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері, дене және спорттық өздігінен жетілу негіздері



Білімдер:

- дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері;

- дене және спорттық өздігінен жетілу негіздері;

Іскерліктер:

- дене тәрбиесі сабағынан алған білімдерін денсаулығын сақтау және күшейту үшін қолдану


БК 8

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Сызу

Сызуды кестелік безендіру. Геометриялық сызу және жобамен сызудың негіздері. Техникалық сурет салудың элементтері. Машина жасау сызуы. Сызуды орындаудың жалпы ережесі. Оймалардың кескіні және белгiленуі. Бөлшектер және нобайлар сызбасы. Бөлшектердi жалғау. Берiлістер. Ажырамайтын қосқыштар. Тұтас көрiнiстiң сызбалары. Құрастырушы сызба. Құрастыру сызбаларын сызу. Мамандық бойынша сызбалар және схемалар.



Білімдер:

- сызу геометриясы мен проекциялық сызудың негіздері;

- конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі;

- схема мен сызбалар құрылымының негізгі ережелері;

Іскерліктер:

- сызба мен техникалық суреттің көмегімен ойды дұрыс жеткізе білу;

- эскиздерді және орта деңгейдегі қиын бөлімдерді орындай алу;


КҚ 2.1.4

КҚ 2.2.4


КҚ 3.5.3

ЖКП 02

Электротехника

Жалпы электротехника. Трансформаторлар. Электр машиналары. Электроника негіздері. Жартылай өткізгіш аспаптардың физикасы. Электр вакуум аспаптары. Фотоэлектр және оптоэлектронды аспаптар. Күшейткіштер. Электронды генераторлар. Электронды есептеу машиналары мен микропроцессорлардың электр құрылғылары. Электронды аппаратураны электр қоректендіру құралдары. Салада электр энергиясын қолдану.



Білімдер:

- тұрақты және айнымалы тоқ электр тізбегінің негізгі сипаттамалары, өлшеу аспаптарының, электр машиналары трансформаторларының, жартылай өткізгіш аспаптарының типтері мен сипаттамалары.

Іскерліктер:

- электр тізбегінің негізгі сипаттамаларын, электр машиналарының типтері мен параметрлерін, олардың маркіленуін анықтау.



КҚ 2.1.5

КҚ 2.3.6


КҚ 3.5.4

ЖКП 03

Нарықтық экономика негіздері

Негізгі өндірістік қорлар, ұғымы, жіктелуі мен көрсеткіштері. НӨҚ тозуы мен амортизациясы. Жалақыны ұйымдастыру. Жалақының түрлері мен формалары. Өнімнің өзіндік құны мен кәсіпорындар пайдасы. Нарықтық экономика негіздері. Кәсіпорын туралы заң. Кәсіпорындардың өндірістік құрылымы. Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру. Бағаның құрылуы және салық жүйесі. Салық түрлері және салық салу. Өндірістік тиімділік. Жаңа техниканы енгізу тиімділігі.



Білімдер:

- қазіргі экономика мен экономикалық реформалар бағытының негіздері, кәсіпорындарды қаржыландыру мәселелері, негізгі және айнымалы қорлардың құрамы мен қолдану көрсеткіштері, кәсіпорындағы менеджмент қағидалары.

Іскерліктер:

- өнім бірлігін өндіруге кететін шығындарды анықтау.



БҚ 7

КҚ 3.5.12






111901 2 - Тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын құрастырушы*

ЖКП 01

Суық және жылу техника негіздері

Техникалық термодинамиканың теориялық негіздері. Идеал газ заңдары. Термодинамиканың I және II заңы. Газдардағы термодинамикалық процестер. Іштен жану қозғалтқыштарындағы, компрессорлық машиналардағы циклдер мен жұмысшы процестер.

Жылу беріліс негіздері: жылу алмасу, оның түрлері, жылу тасымалдау тәсілдері. Гидравлика негіздері. Гидростатика мен гидродинамиканың негізгі ұғымдары мен заңдары. Насостар және желдеткіштер.


Білімдер:

- идеал газ заңы, негізгі термодинамикалық процес­тер, термодинамиканың негізгі заңдары;

- жылу беріліс түрлері, жылу тасымалдау түрлері; -сұйықтықтың физикалық заңдары, Паскаль заңы.

Іскерліктер:

- диаграммалармен жұмыс жасау және циклдер мен жұмысшы процестерді құрастыруды;

- диаграммалар және формулалар бойынша жұмысшы заттың параметрлерін анықтауды;

- қарапайым құбырларды есептеу;

- жылу алмасу процесінде бастапқы және соңғы температураны анықтауды,

- насостар мен желдеткіштерді есептеу мен таңдауды.


КҚ 2.1.2

ЖКП 01

Информатика және өндiрiстi автоматтандыру негіздері.

Қауіпсіздік техникасы. Ақпараттар. Ақпараттарды кодтау. Санау жүйесi. Бiр жүйеден екiншiсiне ауысу. Екiлiктi арифметика; логика – пән ретiнде. Үлгiлiк; математикалық логика. Моделдеу. Модель туралы түсiнiк. Модель түрлерi. OC WINDOWS түрлерi. WOR мәтiндiк процессоры. EXCEL электронды кестелерi. CORL DRAW векторлық редакторы. Вирустардан қорғану. WinZip архивтары. Norton Commander бағдарламасы. Ойындар. Алгоритм түсiнiгi. Көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерi. Алгоритм түрлерi. Есеп шығару кезеңдерi. Бағдарлама тiлi. Бағдарлама және оның құрылымы. Командалар мен операторлар. Шартты операторлар. Цикл операторлары. Берiлген шарт түрлерi. Сызықты бағдарламаны жобалау. Тармақты бағдарламаны жобалау. Циклдiк бағдарламаны жобалау. Массивтер. Графиктiк бағдарламалар. Шығармашылық жобаларды жобалау. Автоматтық реттеу туралы түсiнiк, анықтама, реттемелi параметр, нысаны /объектiсi/, олардың қасиеттерi мен схемалары. Автоматты ретеуiштердiң атқаратын қызметi, жiктелуi, құрылысы, жұмыс iстеу приципi, функциональдық және құрылымдық схемалары, реттеу мүшелерi. Автоматтық басқару жүйесiнiң қосалқы құралдары; панельдер, станциялар, басқару блоктары, жағдайларды көрсеткiштер мен сезгiштер, бағдарламалық құрылғылар. Процестердi автоматтық басқару жүйесiнен қолмен басқаруға ауыстыру және керiсiнше.



Білімдер:

-ақпаратты кодпен хабарлау ережелерi;

- есептеу жүйелерi;

- екiлiк арифметика;

- формалды, математикалық логикалар;

- WINDOWS ОЖ, WinZip архиваторын, DOS ОЖ-нің түрлері;

- алгоритмдер түсiнiгi;

- көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерi;

- алгоритм түрлерi;

- бағдарлама тiлi;

- сызықты бағдарлама жобалаудың тәсілдері;

- тармақты бағдарламаны жобалау;

- графиктiк бағдарламалар;

- автоматтық басқару жүйесiнен процестердi қолмен және керiсiнше ауыстыру реті;

Іскерліктер:

- бiр жүйеден басқасына ауыстыру;

- WORD-тың мәтiндiк процессорымен, EXCEL-дің электронды кестесiмен, Corel DRAW-тың векторлық редакторымен жұмыс iстеу;

- вирустардан қорғауды құру;

- творчестволық жобаларды әзірлеу;

- автоматты реттеуді қолдану;

- автоматты жүйемен басқарудың қосалқы құралдарын пайдалану;

- қауіпсіздік техникасын сақтау;



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 8

АП 00

Арнайы пәндер




111901 2 - Тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын құрастырушы*




АП 01

Кәсіпорындардың тоңазытқыш жабдықтары және ауаны кондиционерлеу жүйелері

Жүк көтеру және тасымалдау көлігінің жіктелуі және конструкциялық ерекшеліктері. Тоңазытқыштардың тиеу –түсіру жұмыстарын механикаландыру. Тиеу-түсіру жұмыстарының түрлері. Тоңазытқыш технологиялық жабдықтар. Ауалы, конвейерлі мұздатқыш аппараттар. Контактілі және контактісіз мұздату аппараттары. Ауаны кондиционерлеу жүйелері. Ауаны кондиционерлеу жүйелерінің жіктелуі мен құрылымдық схемасы.



Білімдер:

-жүк көтеру машиналардың тағайындалуын, жіктелуін және конструкциясы; мұздату аппаратарының конструкциясы мен жұмыс істеу принципі; -өнімдерді жылу-ылғалды өңдеу процестері;

-ауаны кондиционерлеу жүйелерінің жіктелуі;

-кондиционерлердің құрылымы мен жұмыс істеу принципі.

Іскерліктер:

- жүк көтеру және тасымалдау машиналарының түйіндері мен механизмдерін есептеу және таңдау. Жүк көтеру және тасымалдау жабдықтары мен тараның қажетті мөлшерін есептеу;

- суытудың ең оңтайлы тәсілдерін таңдау;

- ылғалды ауа диаграммасымен жұмыс жасау;

- кондиционерленетін бөлмедегі жылу-ылғалдылық жүктемелерді есептеу


КҚ.2.1.3

КҚ 2.1.8


АП 02

Слесарлық және электромонтаждау жұмыстарының негіздері

Слесардың жұмыс орнының ұйымдастырылуы мен жабдықталуын. Жұмысшы және бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандары. Негізгі слесарлық операциялар. Белгі салу. Металлды шабу. Түзету және иу. Материалдарды кесу. Бұрғылау. Зенковкалау және зенкерлеу, разверткалау. Бұранда салу. Шегендеу. Үйкелеу. Шаберлеу. Электр қозғалтқыштарын орнату. Электр қозғалтқыштардың ақауларын анықтау. Электр өткізгішін орнату. Электр өткізгіштері мен электр жабдықтарын аса жүктемеден қорғау. Электр өткізгіштерін механикалық зақымданудан қорғау. Электр жүргізуші аппаратураны орнату.



Білімдер:

- слесарлық операцияларды жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, өңдеу процестеріне қойылатын негізгі талаптар;

- кесу, өлшеу және тексеру құрал-саймандарын таңдау ережелерін;

- бұйымдардың сенімділік және сапа талаптар;

- техникалық құжаттамамен жұмыс жасау ережелерін, орындау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін,электромонтаж-

дау құрал-саймандарымен жұмыс жасау ережелерін;

- Электр тогының негізгі сипаттамаларын, электр тізбектеріндегі негізгі белгіленулерді.

Іскерліктер:

- қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап, слесарлық жұмыстарды орындау;

- слесарлық жұмыстарды орындауға арналған барлық құрал-саймандарды дұрыс қолдану;

- технологиялық процеске сәйкес слесарлық саймандарды таңдауды және пайдалану;

- жұмысшы сывбалармен және технологиялық карталармен жұмыс жасау;

- электр қозғалтқыштарын, электр өткізгіштері мен электр жүргізуші аппаратураны орнату;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтарының жұмыс параметрлерін бақылау



КҚ 2.1.7

КҚ 2.1.8


КҚ 2.1.10

КҚ 2.1.13

КҚ 2.1.15


АП 03

Тоңазытқыш жабдықтарын орнату, пайдалану және жөндеу

Орнату жұмыстарын ұйымдастыру. Машиналар мен аппараттардың фундаменттері. Тоңазытқыш қондырғының оңтайлы режимі. Оңтайлы режимнен ауытқу және оны жою тәсілдері. Сұйық тоңазыту агентін буландыру жүйесіне беруді реттеу. Тоңазытқыш қондырғыға техникалық қызмет көрсету. Жабдықтың тозу түрлері және оны анықтау әдістері. Жоспарлық алдын-ала жөндеу жұмыстары.Жөндеу жұмыстарының жіктелуі. Жөндеу циклі, жөндеу циклінің құрылымы.



Білімдер:

- орнату жұмыстарының мазмұны мен өткізу тәсілдерін;

- тоңазытқыш қондырғылары жұмысының негізгі параметрлерін және осы параметрлердің оңтайлы шамаларын сақтау тәсілдерін;

- жабдықтың тозу түрлерін және оны айқындау тәсілдерін;

- жабдықты бөлшектеу, жөндеу және жинау ережелері мен тәртібін.

Іскерліктер:

-фундаментті есептеуді;

-тоңазытқыш қондырғыны іске қосуды;

-жүйені тоңазыту агентімен толтыруды;

- ақауларды анықтау және тозған бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыруды.



КҚ 2.1.2

КҚ 2.1.8


КҚ 2.1.11

КҚ 2.1.16



АП 04

Тоңазытқыш-компрессорлы машиналар мен қондырғылар

Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық негіздері. Тоңазыту агенттері және суық тасымалдағыштар. Жылулық диаграммалар. Бір және көп сатылы қысу схемалары мен циклдері. Тоңазыту жабдықтары: компрессорлар, жылу алмасу аппараттары, көмекші жабдық арматура, құбырлар. Тоңазытқыштарды өнеркәсіпте жасау негіздері. Тоңазытқыш қондырғылардың жылулық есебі.



Білімдер:

-төмен температураларды алу тәсілдері;

- тоңазытқыш жабдықтардың техникалық сипаттамалары мен аппараттардың құрылымы;

-тоңазытқыштардың құрылыс-изоляциялық конструкциялары;

- бөлмелерді салқындату тәсілдері;

- тоңазытқыш қондырғылардың схемаларын, тоңазытқыш көліктің тағайындалуы мен конструкциясы.

Іскерліктер:

- тоңазытқыш жабдықтар бойынша нормативтік және техникалық құжаттамамен жұмыс жасау;

-тоңазытқыштардың жылулық есебін жасау;

- тоңазытқыш қондырғының циклін диаграммаларда көрсетуді және түйіндік нүктелерде параметрлерді анықтау



КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.3


КҚ 2.1.9


АП 05

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері. Кәсіпорында еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру. Өндірістік жарақаттанушылық және кәсіптік аурулар. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария. Тоңазытқыш жабдықтарды орнату кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Өрт қауіпсіздігі негіздері.



Білімдер:

- Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау заңнамасын

- жабдықты орнату кезінде Мест-тер, санитариялық ережелер, қауіпсіздік техникасы ережелері;

- жүк көтеру - тасымалдау жабдығының құрылымы жұмыс істеу тәртібі;

Іскерліктер:

- өндірістегі жазатайым жағдайларды зерттеуді және Н-1, Н-2 формалары бойынша актілер жасау;

- жәбірленушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету;

- қалыпты еңбек жағдайларын ұйымдастыру;

- орнату жұмыстарын қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап өткізу;

- өрт сөндіру құралдарын пайдалануды.



КҚ 2.1.6

КҚ 2.1.15






111902 2 – Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жабдығын құрастырушы

АП 01

Кәсіпорындардың тоңазытқыш жабдықтары және ауаны кондиционерлеу жүйелері

Жүк көтеру және тасымалдау көлігінің жіктелуі және конструкциялық ерекшеліктері. Тоңазытқыштардағы тиеу –түсіру жұмыстарын механикаландыру. Тиеу-түсіру жұмыстарының түрлері. Тоңазытқыш технологиялық жабдықтар. Ауалы, конвейерлі мұздатқыш аппараттар. Контактілі және контактісіз мұздату аппараттары. Ауаны кондиционерлеу жүйелері. Ауаны кондиционерлеу жүйелерінің жіктелуі мен құрылымдық схемасы



Білімдер:

- жүк көтеру машиналардың тағайындалуын, жіктелуін және конструкциясы; мұздату аппаратарының конструкциясы мен жұмыс істеу принципі;

- өнімдерді жылу-ылғалды өңдеу процестері;

- ауаны кондиционерлеу жүйелерінің жіктелуі; -кондиционерлердің құрылымы мен жұмыс істеу принципі.

Іскерліктер:

- жүк көтеру және тасымалдау машиналарының түйіндері мен механизмдерін есептеу және таңдау;

- жүк көтеру және тасымалдау жабдықтары мен тараның қажетті мөлшерін есептеу;

- суытудың ең оңтайлы тәсілдерін таңдау;

- ылғалды ауа диаграммасымен жұмыс жасау;

-кондиционерленетін бөлмедегі жылу-ылғалдылық жүктемелерді есептеу



КҚ 2.2.9

КҚ 2.2.10

КҚ 2.2.7


АП 02

Слесарлық және электромонтаждау жұмыстарының негіздері

Слесардың жұмыс орнының ұйымдастырылуы мен жабдықталуын. Жұмысшы және бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандары. Негізгі слесарлық операциялар. Белгі салу. Металлды шабу. Түзету және иу. Материалдарды кесу. Бұрғылау. Зенковкалау және зенкерлеу, разверткалау. Бұранда салу. Шегендеу. Үйкелеу. Шаберлеу. Электр қозғалтқыштарын орнату. Электр қозғалтқыштардың ақауларын анықтау. Электр өткізгішін орнату. Электр өткізгіштері мен электр жабдықтарын аса жүктемеден қорғау. Электр өткізгіштерін механикалық зақымданудан қорғау. Электр жүргізуші аппаратураны орнату.




Білімдер:

- Слесарлық операцияларды жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, өңдеу процестеріне қойылатын негізгі талаптарды;

- кесу, өлшеу және тексеру құрал-саймандарын таңдау ережелерін;

- бұйымдардың сенімділік және сапа талаптарын;

- техникалық құжаттамамен жұмыс жасау ережелерін, орындау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін,электромонтаж-

дау құрал-саймандарымен жұмыс жасау ережелерін;

- Электр тогының негізгі сипаттамаларын, электр тізбектеріндегі негізгі белгіленулерді.

Іскерліктер:

- қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап, слесарлық жұмыстарды орындау;

- слесарлық жұмыстарды орындауға арналған барлық құрал-саймандарды дұрыс қолдану;

- технологиялық процеске сәйкес слесарлық саймандарды таңдауды және пайдалану;

- жұмысшы сывбалармен және технологиялық карталармен жұмыс жасау;

- электр қозғалтқыштарын, электр өткізгіштері мен электр жүргізуші аппаратураны орнату;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтарының жұмыс параметрлерін бақылау



КҚ 2.2.8

КҚ 2.2.12

КҚ 2.2.14

КҚ 2.2.19



АП 03

Тоңазытқыш жабдықтарды орнату, пайдалану және жөндеу

Орнату жұмыстарын ұйымдастыру. Компрессорларды және компрессорлық агрегаттарды орнату. Жылу алмастырғыш және көмекші жабдықтарды орнату. Тоңазытқыш жабдыққа техникалық қызмет көрсету. Құбырларды орнату. Кіші тоңазытқыш қондырғыларды орнату. Тоңазытқыш жабдыққа техникалық қызмет көрсету. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Компрессорларды жөндеу. Тоңазытқыш қондырғының аппараттарын жөндеу. Кіші фреонды тоңазытқыш қондырғыларын жөндеу.



Білімдер:

- Орнату жұмыстарын үйымдастыру мәселелері;

- қажетті құжаттар тізімі;

- орнату жұмыстарын өткізу тәсілдері;

- жабдықтың тозу түрлерін және оны анықтау тәсілдері;

- тозған бөлшектерді негізгі қалпына келтіру тәсілдері.

Іскерліктер:

- тоңазытқыш жабдықтарды орнату;

- орнату жұмыстарын орындау барысында саймандарды және арнайы құралдарды қолдану;

- сызбаларды оқуды, оқу және анықтамалық өдебиетті қолдану;

- жабдық жұмысындағы ақауларды тауып, оларды жою;

- жабдықты бөлшектеу, жинау және сынау



КҚ 2.2.7

КҚ 2.2.8


КҚ 2.2.10

КҚ 2.2.12

КҚ 2.2.14

КҚ 2.2.15

КҚ 2.2.16


АП 04

Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғылар

Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық негіздері. Тоңазыту агенттері және суық тасымалдағыштар. Тоңазыту циклдері. Жылу пайдаланатын тоңазытқыш машиналар: компрессорлар, конденсаторлар, буландырғыштар, көмекші жабдықтар, схемаға қосылу схемасы. Кіші тоңазытқыш қондырғылар. Тоңазытқыш қондырғылардың схемалары. Өнеркәсіптік ғимараттардың құрылыс конструкциялары.



Білімдер:

– Тоңазыту агенттерінің қасиеттерін және қоршаған ортаға әсерін;

- Тоңазытқыш қондырғының тағайындалуы мен құрылымын;

- тоңазытқыштардың құрылыс-изоляциялық материалдарын;

- тоңазытқыш қондырғының схемаларын.

Іскерліктер:

- жылулық диаграммалармен жұмыс жасауды;

- тоңазытқыш қондырғының циклдерін құрып, кестелер мен диаграммалар бойынша параметрлерін анықтауды;

- тоңазытқыш жабдықтарды бөлшектер мен түйіндерге бөлшектеу


КҚ 2.2.1

КҚ 2.2.2


КҚ 2.2.3

КҚ 2.2.13




АП 05

Тоңазыту технологиясы

Салқындатылған өнімдердің физика-химиялық қасиеттері. Салқындатушы орталар. Өнімдерді салқындату мен мұздату тәсілдері. Салқындатылған және мұздатылған өнімдерді сақтау мерзімдері. Жылыту және еріту. Суықты көлікте қолдану. Суықты өнеркәсіптің түрлі салаларында қолдану.



Білімдер:

–тоңазытып өңдеу кезінде тамақ өнімдерінің жылу-физикалық қасиеттерінің өзгеруі;

- салқындату мен мұздату тәсілдерінің жіктелуі;

- өнімдердің кебуін төмендету тәсілдері;

- еріту тәсілдері;

- тамақ өнімдерін сақтау режимдері.

Іскерліктер:

- i-d диаграммасы бойынша ылғал ауаның параметрлерін анықтау;

- салқындату мен мұздату процестерін жылулық есептеу


КҚ 2.2.2

КҚ 2.2.13






111903 2 – Жабдықтарды жөндеу шебері (өндірісте)




Арнайы пәндер

АП 01

Тоңазыту өндірісінің жабдықтары

Жүк көтеру және тасымалдау көлігінің жіктелуі және конструкциялық ерекшеліктері. Тоңазытқыштардағы тиеу –түсіру жұмыстарын механикаландыру. Тиеу-түсіру жұмыстарының түрлері. Тоңазытқыш технологиялық жабдықтар. Ауалы, конвейерлі мұздатқыш аппараттар. Контактілі және контактісіз мұздату аппараттары.



Білімдер:

- жүк көтеру машиналардың тағайындалуын, жіктелуін және конструкциясы; мұздату аппаратарының конструкциясы мен жұмыс істеу принципі; -өнімдерді жылу-ылғалды өңдеу процестері;

.

Іскерліктер:



- жүк көтеру және тасымалдау машиналарының түйіндері мен механизмдерін есептеу және таңдау;

- жүк көтеру және тасымалдау жабдықтары мен тараның қажетті мөлшерін есептеу;

- суытудың ең оңтайлы тәсілдерін таңдау;

- ылғалды ауа диаграммасымен жұмыс жасау



КҚ 2.3.1

КҚ 2.3.5


КҚ 2.3.10

АП 02

Слесарлық жұмыстардың негіздері

Слесардың жұмыс орнының ұйымдастырылуы мен жабдықталуы. Жұмысшы және бақылау-өлшеу аспаптары мен құалдары. Негізгі слесарлық операциялар. Белгі салу. Металлды шабу. Түзету және иу. Материалдарды кесу. Бұрғылау. Зенковкалау және зенкерлеу, разверткалау. Бұранда салу. Шегендеу. Үйкелеу. Шаберлеу.



Білімдер:

- слесарлық операцияларды орындау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін;

- технологиялық өңдеу процестеріне қойылатын негізгі талаптарды;

- кесу, өлшеу және тексеру аспаптары мен құралдарын таңдау тәртібін;

- бұйымдардың сапа мен сенімділік талаптарын, техникалық құжаттамамен жұмыс жасау ережелерін.

Іскерліктер:

- қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, слесарлық операцияларды орындауды, барлық слесарлық қол және электр құралдарын пайдалануды;

- технологиялық процееске сәйкес слесарлық саймандарды таңдау мен пайдалануды;

- жұмысшы сызбалармен және технологиялық карталармен жұмыс жасауды.


КҚ 2.3.5.

КҚ 2.3.12

КҚ 2.3.15


АП 03

Тоңазытқыш жабдықтарды орнату, пайдалану және жөндеу.

Орнату жұмыстарын ұйымдастыру. Тоңазытқыш- компрессорлы агрегаттарды орнату. Құбырлар мен көмекші аппараттарды орнату. Тоңазытқыш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету. Жүйені тоңазыту агентімен және маймен толтыру. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Тоңазытқыш қондырғыны жөндеуден кейін іске қосуға дайындау. Орнату және жөндеу жұмыстары кезінде құжаттаманы рәсімдеу.



Білімдер:

- орнату жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін;

- қажетті құжаттама тізімін;

- тоңазытқыш қондырғының негізгі элементтеріні тағайындалуы мен құрылымын;

- құбырларды орнату технологиясын;

- тоңазытқыш-компрессорлы жабдықты пайдалану мен жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуын;

- тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін.

Іскерліктер:

- тоңазытқыш жабдықты орнатуды;

- сызбалар мен схемаларды оқуды;

- жабдықты орнату мен жөндеу кезінде өндірістік процестерді ұйымдастыруды;

- алдын-ала жоспарлы жөндеу графиктерін құрастыруды, жабдықты жинау, бөлшектеу және сынауды.



КҚ 2.3.2

КҚ 2.3.3


КҚ 2.3.4

КҚ 2.3.5


КҚ 2.3.8

КҚ2.3.11


КҚ 2.3.13

КҚ 2.3.17



АП 04

Тоңазытқыш-компрессорлы машиналар мен қондырғылар

Тоңазыту машиналарының термодинамикалық негіздері. Тоңазыту агенттері және суық тасымалдағыштар. Жылу пайдаланатын тоңазытқыш машиналар: компрессорлар, конденсаторлар, буландырғыштар, көмекші жабдық, схемаға қосылу конструкциясы. Кіші тоңазытқыш қондырғылары. Тоңазытқыш қондырғыларының схемалары.



Білімдер:

- тоңазытқыш агенттердің қасиеттерін және қоршаған ортаға әсері;

- тоңазытқыш қондырғы аппараттарының тағайындалуы мен құрылымы;

- тоңазытқыштардың құрылыс-изоляциялық конструкцияларын;

- тоңазытқыш қондырғыларының схемалары;

Іскерліктер:

- жылулық диаграммалармен жұмыс жасау;

- тоңазытқыш қондырғыларының циклдерін құрып, кестелер мен диаграммалар бойынша параметрлерін анықтау;

- тоңазытқыш жабдықты бөлшектер мен түйіндерге бөлшектеу


КҚ 2.3.1

КҚ 2.3.6


КҚ 2.3.8.

АП 05

Еңбекті қорғау

Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және еңбекті қорғау заңнамасы. Кәсіпорында еңбекті қорғаудың сақталуын қадағалау мен бақылау. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария негіздері. Өндірістік жарақаттанушылық. Тоңазытқыштарда орнату, жөндеу және құрылыс жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік техникасы. Өрт қауіпсіздігінің негіздері. Техникалық өрт сөндіру құралдары.



Білімдер:

- еңбекті қорғау Заңнамасын;

- жабдықты орнату кезінде МеСт-тер, санитариялық ережелер, қауіпсіздік техникасы ережелерін;

- жүк көтеру және тасымалдау жабдықтары мен машиналардың құрылымы мен жұмыс істеу тәртібі

- өрт қауіпсіздігі ережелері.

Іскерліктер:

- өндірісте болған жазатайым оқиғаны зерттеу туралы Н-1 және Н-2 актілер жасау;

- орнату жұмыстарын ұйымдастыру;

- орнату барысында оңтайлы еңбек жағдайларын ұйымдастыру;

- апаттық жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;

- өрт сөндіру құралдарын қолдану.


КҚ 2.3.5

КҚ 2.3.7


КҚ 2.3.16




111904 2 –Тоңазытқыш қондырғыларының машинисі*




Арнайы пәндер

АП 01

Тоңазыту өндірісінің жабдықтары

Жүк көтеру-тасымалдау машиналары мен қондырғыларының конструкциялық ерекшеліктері мен жіктелуі. . Тасымалдау машиналары. Тоңазытқытағы тиеу-түсіру және қойма жұмыстары. Тоңазытқышта жүк тасымалдау жұмыстарын механикаландыру. Тара түрлері, жүкті тасымалдлау мен жинап салу тәсілдері. Тоңазытқыш технологиялық жабдықтар: ауалы мұздатқыш аппараттар, контактілі және контактісіз мұздату тәсілдері. Арнайы тоңазытқыш жабдықтар. Ылғал ауаның термодинамикалық негіздері. Ауаны ылғал-жылулық өңдеу негіздері. Ауаны кондиционерлеу жүйелері.



Білімдер:

- орнату жұмыстарының тәсілдерін;

- тоңазытқыш жабдықтарды орнату технологиясын;

- құбырларды орнату технологиясын;

- машиналар мен механизмдерді майлауды;

- техникалық қызмет көрсету тәртібі мен құрамы;

- тоңазытқыш жабдықтарға тән ақаулар мен оларды жою тәсілдері.

Іскерліктер:

- жұмысқа қажетті саймандарды таңдауды;

- тоңазытқыш жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша құжаттаманы рәсімдеуді;

- тоңазытқыш жабдықтың ақауларын айқындап, жөндеу тәсілдерін анықтауды.


КҚ 2.4.1

КҚ 2.4.4


КҚ 2.4.5

КҚ 2.4.8


КҚ 2.4.10

КҚ 2.4.12

КҚ 2.4.11


АП 02

Тоңазытқыш жабдықтарды орнату, пайдалану және жөндеу.

Тоңазытқыш жабдықтарды орнату ненгіздері. Технологиялық және санитария-техникалық құбырларды орнату негіздері. Машина мен механизмдерді майлау. Жабдықты пайдалану барысында техникалық күйін анықтау мен бақылау. Тоңазытқыш жабдықтарды іске қосу. Компрессорлық цехтың құжаттамасы.



Білімдер:

- тоңазыту агенттерінің қасиеттерін және Жердің озон қабатына әсерін;

- бір сатылы және көп сатылы тоңазытқыш қондырғыларының схемаларын;

- тоңазытқыш жабдықтың құрылымын;

- оңтайлы режимнен ауытқуларын және оларды жою шараларын;

- жылу және бу изоляциялық материалдардың қасиеттерін;

- тоңазытқыш сауда-технологиялық жабдықтың конструкциясын.

Іскерліктер:

- тоңазытқыш қондырғының циклін құруды;

- тоңазытқыш машинасының схемасын құрастыруды;

- жабдықтың істен шыққан жерін айқындап, оны жоюды;

- цехтың техникалық құжаттамасын жүргізуді (тәуліктік журнал)



КҚ 2.4.2

КҚ 2.4.3


КҚ 2.4.6

КҚ 2.4.7


КҚ 2.4.8

КҚ 2.4.9



АП 03

Тоңазытқыш-компрессорлы қондырғылар мен машиналар.

Төмен температураларды алу тәсілдері. Тоңазыту агенттері және суық тасымалдағыштар. Тоңазыту циклдері. Тоңазытқыш қондырғының негізгі және қосымша жабдықтарының: компрессорлар, конденсаторлар, буландырғыштар, ресиверлер, насостар, құбырлар және т.б. тағайындалуы, конструкциясы және жұмыс істеу тәртібі. Тоңазытқыштардың құрылыс-изоляциялық конструкциялары. Тоңазытқыш қондырғыларының схемалары: насосты-циркуляциялық, насоссыз, компаундты. Хладонда жұмыс жасайтын тоңазытқыш қондырғылары схемаларының ерекшеліктері. Кіші тоңазытқыш қондырғылары: тоңазытқыш прилавоктары, витриналар, шкафтар. Тұрмыстық тоңазытқыштың құрылымы. Тоңазытқыш көлік: темір жол, автомобиль, су



Білімдер:

- тоңазыту агенттерінің қасиеттерін және Жердің озон қабатына әсерін;

- бір сатылы және көп сатылы тоңазытқыш қондырғыларының схемаларын;

- тоңазытқыш жабдықтың құрылымын;

- оңтайлы режимнен ауытқуларын және оларды жою шараларын;

- жылу және бу изоляциялық материалдардың қасиеттерін;

- тоңазытқыш сауда-технологиялық жабдықтың конструкциясын.

Іскерліктер

- тоңазытқыш қондырғының циклін құруды;

- тоңазытқыш машинасының схемасын құрастыруды;

- жабдықтың істен шыққан жерін айқындап, оны жоюды;

- цехтың техникалық құжаттамасын жүргізуді (тәуліктік журнал)




КҚ 2.4.4

КҚ 2.4.10

КҚ 2.4.11

КҚ 2.4.16

КҚ 2.4.17

КҚ 2.4.18



АП 04

Еңбекті қорғау

Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және еңбекті қорғау заңнамасы. Кәсіпорында еңбекті қорғаудың сақталуын қадағалау мен бақылау. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария негіздері. Өндірістік жарақаттанушылық және әсіптік аурулар. Жазатайым жағдайларды зерттеу және есепке алу. Еңбек ету процесінде адамның жұмыс істеу қабілетіне өндірістік ортаның әсері. Тоңазытқыш жабдықтардағы электр қауіпсіздігі. Тоңазытқыштарда орнату, жөндеу және құрылыс жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік техникасы. Өрт қауіпсіздігінің негіздері. Техникалық өрт сөндіру құралдары.



Білімдер:

–еңбекті қорғау Заңнамасын;

–Жабдықты орнату кезінде Месттер, санитариялық ережелер, қауіпсіздік техникасы ережелерін;

–жүк көтеру және тасымалдау жабдықтары мен машиналардың құрылымы мен жұмыс істеу тәртібін

– өрт қауіпсіздігі ережелерін.

Іскерліктер

-өндірісте болған жазатайым оқиғаны зерттеу туралы Н-1 және Н-2 актілер жасауды;

-орнату жұмыстарын ұйымдастыруды;

-орнату барысында оңтайлы еңбек жағдайларын ұйымдастыруды;

-апаттық жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

өрт сөндіру құралдарын қолдануды.


КҚ 2.4.19

КҚ 2.4.20

КҚ 2.4.21


АП 05

Тоңазыту технологиясы.

Салқындатылған өнімдердің физика-химиялық қасиеттері. Салқындатушы орталар. Өнімдерді салқындату мен мұздату тәсілдері. Салқындатылған және мұздатылған өнімдерді сақтау мерзімдері. Жылыту және еріту. Суықты көлікте қолдану. Суықты өнеркәсіптің түрлі салаларында қолдану



Білімдер:

- тоңазытып өңдеу кезінде тамақ өнімдерінің жылу-физикалық қасиеттерінің өзгеруі;

– салқындату мен мұздату тәсілдерінің жіктелу;

– өнімдердің кебуін төмендету тәсілдері;

– еріту тәсілдері;

– тамақ өнімдерін сақтау режимдері.

Іскерліктер

–i-d диаграммасы бойынша ылғал ауаның параметрлерін анықтау;

салқындату мен мұздату процестерін жылулық есептеу.


КҚ 2.4.1

КҚ 2.4.4


КҚ 2.4.10

КҚ 2.4.17

КҚ 2.4.18


ӨО және КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика


ӨО 01

Өндірістік оқыту

Слесарлық жұмыстар. Еңбек қауіпсіздігі. Слесарлық жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын жабдықтар, құрал-саймандар мен бақылау-өлшеу аспаптары





Іскерліктер:

- тоңазытқыщ жабдықтардға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде слесарлық жұмыстарды орыендау;

- слесарлық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықты, саймандар мен бақылау өлшеу аспаптарын қолдан,

- еңбек қауіпсіздігі бойынша Нұсқама жүргізу

дағдылар:

- тоңазыту жабдықтарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету кезінде слесарлық жұмыстарды жүргізу;

- слесарлық және орнату жұмыстарды жүргізу кезінде құрал-жабдықтар, саймандар мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану;

еңбек қауіпсіздігі бойынша Нұсқама жүргізуі.



КҚ 2.1.6

КҚ 2.1.7

КҚ 2.1.8

КҚ 2.2.5

КҚ 2.2.6

КҚ 2.2.7

КҚ 2.2.8

КҚ 2.2.12

КҚ 2.3.2

КҚ 2.3.3


КҚ 2.3.4

КҚ 2.3.5


КҚ 2.3.7

ӨО 02

Кәсіптік практика

Кіріспе сабақ Еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі бойынша Нұсқама. Кәсіпорынмен танысу. Бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс. Оқу шеберханаларында оқыту. Оқу шеберханаларындағы еңбек қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі. Біліктілік талаптарына сәйкес тоңазытқыш жабдықтың машинисі, шебері мен монтажшысы міндетіне кіретін барлық жұмыстарды орындау. Бітіру біліктілік емтхандары



Іскерліктер:

- бақылау-өлшеу аспаптарын, слесарлық жұмыстарды орындауға арналған саймандарды пайдалану;

- біліктілігіне сәйкес тоңазытқыш жабдықты жөндеу;

- улану, күйіп қалу, жылулық соққылар және басқа да жаракаттар алған кезде жәбірленушілерге алғашқы көмек көрсету .

- -тиеу-түсіру жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын пайдалану;

дағдылар:

- слесарлық құрал-саймандармен жұмыс жасау;

- теориялық білімін практикада қолдану;

- бригадада жұмыс жасау


КҚ 2.1.9

КҚ 2.1.10

КҚ 2.1.11

КҚ 2.1.12

КҚ 2.1.13

КҚ 2.1.14

КҚ 2.1.15

КҚ 2.1.16

КҚ 2.1.17

КҚ 2.2.19

КҚ 2.2.20

КҚ 2.2.21

КҚ 2.2.22

КҚ 2.3.9

КҚ 2.3.11

КҚ 2.3.12

КҚ 2.3.13

КҚ 2.3.14

КҚ 2.3.15

КҚ 2.3.16

КҚ 2.3.17


Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)



Циклдің индексі (пән)

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар

Қалыптаса-

тын құзырет коды



ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

кәсіби тілдің рөлі; мамандық терминологиясы; кәсіби бағытталған мәтіндерді оқу және аудару техникасы (сөздікпен); кәсіби қарым-қатынасқа түсу; мәтіндер бойынша мамандыққа бағытталған әңгімелер мен диалогтар құрастыру.



Білімдер:

- мемлекеттік тіл мен мамандыққа бағытталған мәтіндерді оқуға және аударуға (сөздікпен) қажетті лексикалық (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимум;

Іскерліктер:

- кәсіби лексиканы қолдана білу, қазақ тілі бюойынша қалыптасқан білімін өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалану



БҚ 6, 7, 8

ЖГП 02

Кәсіби шетел тілі:

кәсіби қарым-қатынасқа қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал;

тілдің түрлі формалары мен іс-әрекет түрлері (ауызша, жазбаша, монолог, диалог); мамандыққа бағытталған мәтіндерді аудару техникасы.


Білімдер:

- кәсіби қарым-қатынасқа қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал;

Іскерліктер:

- тілдің түрлі формалары мен іс-әрекет түрлері (ауызша, жазбаша, монолог, диалог); мамандыққа бағытталған мәтіндерді аудару техникасы



БҚ 6, 7, 8

ЖГП 03

Қазақстан тарихы:

негізгі мектеп курсы бойынша жалпылама білімдер; қазақ халқының тұрақтануында мәдени және тарихи даму жолдары; көшпенділердіі өркениеті; көшпенді мемлекеттің пайда болу жолдары; көшпенділердің рухани мәдениеті; Ресейге қосылу алдында және қосылғанда Қазақстанның ішкі саяси жағдайы; ұлттық көтерілістер мен қозғалыстар; XX ғасырдың басындағы партиялар мен ағындар мәні; XX ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы; Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында этнодемографиялық жағдай; коммунистік партия және комсомол;

қазақ диаспорасының қалыптасуы;

Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейін Қазақстан рөлі; 50-80 жылдарда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайы; дағдарыс пен КСРО-ның ыдырауы кезінде Қазақстан; тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында саяси және қоғамдық өзгерістер.



Білімдер:

- Қазақстан тарихы;

- қазақ халқының қалыптасуы;

- көшпенді өркениеттің пайда болуы;

- Жібек жолы және оның тарихи мәні;

- Қазақстанның Ресей құрамына енуі;

-XVII-XVII ғасырларда жоңғарларға қарсы ұлттық күрес;

- XX ғасырлардың 20-80 жылдары көтерілістер мен қозғалыстар;

- XX ғасырлардың 20-80 жылдары Қазақстан мәдениеті;

- қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы ;

- 1986 жылдардағы Алматыдағы оқиғалар;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі.

Іскерліктер:

- қысқаша тарихи-археологиялық әңгіме құрастыру;

- көшпенді мал шаруашылығының пайда болу себептерін ашу;

- алғашқы мемлекеттік ұйымдарға сипаттама беру;

- көшіру саястының негізгі себептерін анықтау;

- көтерілістер мен жеңілістердің себептерін талдау;

- ЖЭС, ұжымдастырудың мәнін ашу;

- картамен жұмыс жасау;

- қазақ диаспоорасының пайда болу себептерін ашу;

- Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңдерде Қазақстан рөлін ашу



БҚ 4, 7

ЖГП 04

Дене тәрбиесі:

маман даярлауда дене тәрбиесінің рөлі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру; дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері, дене және спорттық өздігінен жетілу негіздері



Білімдер:

- дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері;

- дене және спорттық өздігінен жетілу негіздері;

Іскерліктер:

- дене тәрбиесі сабағынан алған білімдерін денсаулығын сақтау және күшейту үшін қолдану


БК 8

ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану:

Мәдениет теориясы Ежелгі дәуір мәдениеті

(Үндістан, Қытай, Месопотамия, Грекия, Рим).

Ортағасыр мәдениеті (Ортағасырлық Шығыс. Ортағасырлық Батыс).

Жаңа дәуір мәдениеті (ХҮІІ–Х ІХ ғ.ғ.) ХХ ғ. мәдениеті. Мәдениет және дін.


Білімдер:

–алғашқы қауымдық мәдениет кезеңдері;

–Ежелгі Үндістан, Қытай, Месопотамия, Грекия, Рим мәдениетінің негізгі кезеңдері;

– Ортағасырлық Шығыс елдерінің ұлы ғалымдарының, ақындарының, Қайта өрлеу дәуірі ғұламаларының әлем мәдениетіне қосқан үлесі;

–реализм, символизм, натурализм және импрессионизм бағыттарының ерекшеліктері;

– ХХ ғ. мәдениеті;

Іскерліктер:

– мәдениеттану пәнінің ғылым ретіндегі мәнін ашу;

– Беғазы-Дәндібай мәдениеті ерекшеліктерін көрсету;

– Ежелгі Үндістан, Вавилон, Ассирия, Иран, Ежелгі Грекия, Рим елдерінің ең ірі мәдени ошақтарының тарихи құндылығын талдау;

– Ортағасырлық Батыс Европа және Қазақстанның сәулет өнерін, Қайта өрлеу дәуірі өкілдерінің еңбектерін сипаттау;

– Ортағасырлық Шығыс по’

зиясын сараптау;

– ХVІІ, ХVІІІ-ХІХ ғ. ғ. өнер стильдерін салыстыру;

– ХХ ғ. мәдениетін сипаттау;

– мәдениет пен діннің арақатынасын ашу.



БҚ 1,2,4,5,

ӘЭП 02

Философия негіздері:

Философия пәні, оның қалыптасуы және даму тарихы.

Философия – теория мен методологияның бірлігі.

Әлеуметтік философия мәселелері.




Білімдер:

ғылыми-философиялық үрдістің қалыптасу;

материя ұғымы және оның негізгі формалары;

диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары;

қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сфералары;

Іскерліктер:

философияның басқа ғылымдар жүйесіндегі алатын орнын айыру;

философияның басты мәселесінің мәнін ашу;

философиялық ойдың даму тарихын сипаттау;

дүниенің болмысын және оның түрлерін сипаттау;

диалектиканы әрі жеке ғылым, әрі философияның таным үрдісінде қолданатын әдісі ретінде сипаттау;

философиядағы гносеологияның даму заңдылықтарын ашу;

қоғамның экономикалық базисі мен идеологиялық қондырмасын және олардың қарым-қатынасын сараптау;

ғылыми-техникалық революцияның адамзатқа әкелген табыстары мен зиянды жақтарын сараптау;

ғаламдық проблемаларды талдау.


БҚ 1,2,4,5,6,7

ӘЭП 03

Экономика негіздері:

Экономикалық теорияға кіріспе. МикроЭкономика. МакроЭкономика. Дүниежүзілік Экономика.

Өтпелі Экономиканың теориялық негіздері.


Білімдер:

Экономикалық теория пәні, қоғамдағы Экономиканың рөлі;

Экономикалық ойдың даму тарихы және қазіргі бағыттары, мектептері;

тауар және қызметке сұраныс және ұсыныс түсінігінің айырмашылығы және бағаның тепе-теңдігі;

дүниежүзілік экономика дамуының бағыттары;

өтпелі кезеңде макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі;

Іскерліктер:

Экономикаға ғылым ретінде толық анықтама беру;

Экономикалық жүйенің типтері мен модельдерін талдау;

нарықтың мәнін, негізгі факторларын, қызметін және түрлерін түсіндіру;

биржаның қалыптасу себебін және қазіргі экономикадағы мәнін ашу;

Экономикалық өсудің негізгі факторларын, деңгейлері мен түрлерін сипаттау;

қазіргі ғалам проблемаларының экономикалық аспектілерін түсіндіру;

нарықтың әлеуметтік- экономикалық теорияның мәнін талдау.



БҚ 1,2,3,4,5

ӘЭП 04

Саясаттану және әлеуметтану негіздері:

Саяси ой тарихы және қазіргі саяси мектептер.

Қазақстандағы қоғамдық ой. Саясат түсінігі. Саяси билік. Саяси жүйе. Мемлекет. Саяси партиялар. Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар. Саяси процестер және саяси өзгерістер. Әлеуметтану пәні, оның қоғамдағы орны мен рөлі.


Білімдер:

саясаттанудың ғылымның дербес пәні ретінде пайда болуы мен дамуы;

саясат объектісі мен субъектісін және атқаратын қызметтері;

саяси жүйе ұғымы, құрылымы, қызметі;

саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуы;

қоғам ұғымы, құрылымы, қызметі;

қоғамдық ойдың даму тарихы;

Іскерліктер:

ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі саяси ой тарихы кезеңдерін сипаттау;

Қазақстандағы саяси ахуалға өз көзқарасын білдіру;

саяси режимдердің (тотаритарлық, авторитарлық, демократиялық) мәнін ашу;

мемлекеттің пайда болуы, белгілері мен қызметтерін, себептерін ашу;

Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстары мен саяси партияларының қоғам өміріндегі атқарып жатқан іс - әрекеттерін бағалау;

саяси процестердің мәні мен құрылымын сипаттау;

социология ғылымының қалыптасу үрдісіне үлес қосқан ойшылдардың өмірі мен көзқарастарын сипаттау.


БҚ 1,2,5,6,7



ӘЕП 05

Құқық негіздері

Мемлекет және құқық негiздерi. Конституциялық құқық негіздері. Азаматтық құқық, меншік құқығы, отбасы құқығы, әкімшілік құқық, қылмыс құқығы, еңбек құқығы негіздері. Екологиялық құқық негіздері. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік



Білімдер:

мемлекет пен құқықтың қалыптасуына әсер еткен қоғамдық тарихи жағдайлар;

ҚР Конституциясы, ҚР заңдары;

Қазақстандағы сайлау жүйесі, азаматтардың сайлауға қатысуы;

әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жазалар;

еңбек келісімшарты, ұжымдық шарт, еңбекақы, еңбек тәртібі;

қоғамды демократияландыру, құқықтық мемлекет құру ісі;

Іскерліктер:

мемлекеттің негізгі заңын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімін қалыптастыру;

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалану;

құқық бұзушылық фактілерін талдау;

қылмыс заңына, қылмыс құрамына анықтама беру;

нормативтік құқықтық актілерді қолдану;

құқықтық тәрбиелеу әдістерін таңдау мен дұрыс қолдану;

құқықтық құжаттар мазмұнын талдау.


БҚ 1,2,3,4, 5,6

ЖКП.00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП.01

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Кәсіпорындар мен ұйымдарда іс жүргізуді ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық- үкімдік, нормативті-құұықтық, қаржы-есептік және анықтымалық құжаттар. Қызмет хатының әдістемесі, АБС іс жүргізуде пайдалану. Істерді рәсімдеу, сақтау және мұрағатқа өткізу.



Білімдер:

- Құжаттар мен қызмет хаттарының негізгі түрлері мен формалары, мемлекеттік тілде іс жүргізу терминологиясы.

Іскерліктер:

- қызмет хаттарын қазақ тілінде іс жүргізу.



БҚ 6

БҚ 8


КҚ.3.5.9

ЖКП. 02

Инженерлік графика

Геометриялық сызу; сызбаларды рәсімдеу ережелері; техникалық бұйымдарды контурларын тұрғызу және сызу ережелері; проекциялық сызба; Техникалық сурет салу; конструкторлық құжаттаманы жетілдіру мен рәсімдеу ережелері; машина құрылыс сызбасы; инженерлік графика құралдары; мамандық бойынша сызбалар мен бұйымдар сұлбаларын сызып орындаудың амалдары мен тәсілдері; графикалық ақпаратты бейнелеудің техникалық құралдары,компьютерлік графикалық жүйе түсінігі.



Білімдер:

геометриялық және проекциялық сызудығ амалдары мен тәсілдері;

конструкторлық және технологиялық құжаттаманы жетілдіру, рәсімдеу және оқу ережелері

- графикалық мәселелерді шешу әдістері;

Іскерліктер

мен көшірмелердің негізінде бөлшектер сызбаларын және жалпы түр сызбаларын орындау;

конструкторлық және технологиялық құжаттаманы рәсімдеу ережелері


БҚ1

КҚ 3.5.3


ЖКП 03

Техникалық механика

Теориялық механика. Статика. Динамика. Материалдар кедергісі. Деформация түрлері. Созылу және қысылу, иілу, деформацияның күрделі түрлері. Беріктік есептері. Машина бөлшектері. Қосылыс түрлері. Беріліс түрлері. Біліктер мен осьтер. Үштіректер. Муфталар.



Білімдер:

- статика, кинематика мен динамиканың негзігі түсініктері, деформацияның күрделі түрлері, элементтерді беріктікке есептеу, машина бөлшектері туралы жалпы мәліметтер.

Іскерліктер:

- беріктік есептерін, механикалық берілістер мен редукторлар есептерін орындау



КҚ 3.5.1

КҚ 3.5.2



ЖКП 04

Материалтану

Материалтану негіздері. Металл және оның қасиеттері. Металлдарды сынау. Шойын өндірісі. Болат өндірісі. Түсті металл өндірісі. Қоспалар. Термиялық өңдеу негіздері. Металлдарды химия-термиялық өңдеу. Металлдар коррозиясы. Металл емес материалдар. Құю өндірісі. Металлдарды қысыммен өңдеу. Пісіру өндірісі. Пісірудің арнайы тәсілдері. Металлдарды кесумен өңдеу. Металл кескіш станоктардың жіктелуі мен негізгі механизмдері. Түрлі станоктарда жұмыс жасау. Механикалық өңдеу технологиялық процесін жобалау негіздері.



Білімдер:

қара және түсті металлдардың маркировкасы;

қоспа теориясының негізін;

металлдарды өңдеу тәсілдері;

бөдшектерді металл кескіш станоктарда өңдеу.

Іскерліктер:

машина бөлшектерін жасау үшін материал таңдау;

бөлшектер мен саймандарды термиялық және химия-термиялық өңдеу;

маркісі бойынша қоспа құрамын анықтау

материалды өңдеудің ең тиімді тәсілдерін таңдау.



КҚ 3.5.5

КҚ 3.5.6


ЖКП 05

Стандарттау мен метрология негіздері

Стандарттау негіздері. Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Өнім сапасы мен оны стандарттау. Өзара алмасудың жалпы принциптері. Техникалық өлщеулер. Негізгі Негізгі метрологиялық түсініктер анықтамалар. Әмбебап және арнайы өлшеу құралдары. Сызықтық шамаларды өлшеу құралдарын таңдау.




Білімдер:

стандарттау, сапа өнімін және экономикалық тиімділікті жоғарлату саласындағы негізгі ережелер, түсініктер мен анықтамалар;

өзара алмасу мен техникалық өлшеулердің негізгі мәселелері;

конструкторлық және технологиялық құжаттаманы рәсімдеу ережелері.

Іскерліктер:

конструкторлық және технологиялық құжаттаманы рәсімдеу ережелерін анықтайтын стандарттарды пайдалану;

өлшеу мен бақылау құралдарын дұрыс таңдау және пайдалану


КҚ 3.5.7

ЖКП 06


Электротехника и электроника

Жалпы электротехника. Трансформаторы. Электрические машины. Электроника негіздері. Жартылай өткізгіш аспаптардың физикасы. Электровакуум аспаптар. Фотоэлектрлі және оптоэлектронды аспаптар. Электронды генераторлар. Электронды-есептеу машиналарының және микропроцессорлардың электр құрылғылары.. Электронды аппаратураның электр қоректендіргіштері. Электр энергиясын салада пайдалану.



Білімдер:

- тұрақты және ауыспалы тоқтың электр тізбегінің негізгі сипаттамалары, өлшеу аспаптарының, трансформаторлар мен жартылай өткізгіш аспаптардың типтері мен сипаттамалары.

Іскерліктер:

- электр тізбегінің негізгі сипаттамаларын, электр машиналарының типтері мен параметрлерін анықтау.




КҚ 3.5.4

ЖКП 07

Ақпараттық технологиялар

Ақпарат, ақпарат түрлері, ақпаратты кодтау. ЭЕМ құрылымы, оның функциялары. ЭЕМ-ды программалық қамтамасыздандыру.. Операциялық қамтмасыздандыру. Файл және оның құрылымы түсінігі. Каталог және файлдармен жұмыс. Графикалық редактор AutoCad.

ЭЕМ-ды куртсық жобалауда қолдану.


Білімдер:

- жоғары деңгейдегі тілдерде алгоритмдеу мен бағдарламалау негіздері;

- компьютерді қолданушыға реттеу;

- офистік бағдарламалармен жұмыс жасау;

Іскерліктер:

- операциялық жүйені реттеу;

- мәтінді редакциялау және форматтау;

- кестелерді жасау және форматтау;

- жергілікті және Ғаламторды ақпаратты алу және жөнелту үшін пайдалану;

- сызбаны жасау және форматтау;



КҚ 3.5.9

ЖКП 08

Суыту және жылыту техникасының теорияық негіздері

Техникалық термодинамиканың заңдары. Термодинамиканың II және I заңдары. Газдардағы термодинамикалық процестер

Жылу беріліс негіздері: жылу алмасу, оның түрлері, жылу тасымалдау тәсілдері. Гидралика негіздері, гидростатика мен гидродинамиканың негізгі заңдары мен түсініктері. Насостар мен желдеткіштер. термодинамикалық негіздері.


Білімдер:

-идеал газ заңы, негізгі термодинамикалық процестер,;

- жылу тасымалдау түрлері, Паскаль заңы.

Іскерліктер:

- диаграммалармен жұмыс жасау және циклдар мен жұмысшы процестерді құру;

- диаграммалар мен формулалар арқылы жұмысшы зат күйінің параметрлерін анықтау;

- қарапайым құбырды есептеу;

- жылу алмасу прцесінде бастапқы және соңғы температураны анықтау;

- насос пен желдеткіштерді таңдау мен есептеу.


КҚ 3.5.13

КҚ 3.5.14



ЖКП 09

Нарықтық экономика негіздері

Негізгі өндірістік қорлар

НӨҚ түсінігі, жіктелуі, көрсеткіштері. НӨҚ атозуы мен амортизациясы. Жалақыны ұйымдастыру. Жалақы түрлері мен формалары. Өнімнің өзіндік құны мен кәсіпорын табысы. Нарықтық экономика негіздері. Кәсіпорын туралы заң. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы. Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру. Өндірістік процесс Жалақы мен еңбекті жоспарлау, еңбек өнімділігі. Салық жүйесі. Салық түрлері және салық салу. Өндірістік тиімділік. Жаңа техниканы енгізу тиімділігі.


Білімдер:

- қазіргі экономиканың қызметі, экономикалық реформаның бағыттары, кәспорындарды қаржыландыру, негізгі және айнымалы қорларды қолдану, кәсіпорында менеджмент принциптері.

Іскерліктер:

- өнім бірлігі өндірісіне кететін шығындарды анықтау



КҚ 3.5.12

ЖКП 10

Еңбекті қорғау

Еңбек Заңнамасы туралы жалпы мәліметтер. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбекті қорғау бойынша үздіксіз бақылау жүргізу. Санитария мен гигиена негіздері. Өрт қауіпсіздігі негіздері, өрт сөндірудің техникалық құралдары. Қоршаған ортаны қорғау.




Білімдер:

- Қазақстан Респубикасының еңбек туралы заңдары мен заң актілері;

- еңбек пен демалысты ұйымдастыру түрлері мен формалары.

- әртүрлі құрал-жабдықпен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының жалпы талаптары;

-өндірістік санитария ережелері, жеке қорғаныс құралдары.

Іскерлік:

- әртүрлі жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру;

- алғашқы медициналық көмек көрсету;

Қауіпсіздік техникасының нормалары мен талаптарының орындалуын қадағалау.


КҚ3.5.10

КҚ 3.5.11

КҚ 3.5.18

КҚ3.5.19


АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Тоңазытқыш-компрессорлы машиналар мен қондырғылар.

Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық негіздері. Тоңазыту агенттері және суық тасымалдағыштар. Жылулық диаграммалар. Бір және көп сатылы қысу схемалары мен циклдері. Тоңазыту жабдықтары: компрессорлар, жылу алмасу аппараттары, көмекші жабдық арматура, құбырлар. Тоңазытқыштарды өнеркәсіпте жасау негіздері. Тоңазытқыш қондырғылардың жылулық есебі.



Білімдер:

-төмен температураларды алу тәсілдері;

- тоңазытқыш жабдықтардың техникалық сипаттамалары мен аппараттардың құрылымы;

-тоңазытқыштардың құрылыс-изоляциялық конструкция­ларын;

- бөлмелерді салқындату тәсілдері;

- тоңазытқыш қондырғылардың схемаларын, тоңазытқыш көліктің тағайындалуы мен конструкциясы.

Іскерліктер:

- тоңазытқыш жабдықтар бойынша нормативтік және техникалық құжаттамамен жұмыс жасау;

-тоңазытқыштардың жылулық есебін жасау;

- тоңазытқыш қондырғының циклін диаграммаларда көрсетуді және түйіндік нүктелерде параметрлерді анықтау.



КҚ 3.5.13

КҚ 3.5.14

КҚ 3.5.25

КҚ 3.5.26




АП 02

Кәсіпорындардың тоңазытқыш жабдықтары және ауаны кондиционерлеу жүйелері

Жүк көтеру және тасымалдау көлігінің жіктелуі және конструкциялық ерекшеліктері. Тоңазытқыштардағы тиеу –түсіру жұмыстарын механикаландыру. Тиеу-түсіру жұмыстарының түрлері. Тоңазытқыш технологиялық жабдықтар. Ауалы, конвейерлі мұздатқыш аппараттар. Контактілі және контактісіз мұздату аппараттары. Ауаны кондиционерлеу жүйелері. Ауаны кондиционерлеу жүйелерінің жіктелуі мен құрылымдық схемасы



Білімдер:

- Жүк көтеру машиналардың тағайындалуы, жіктелуі және конструкциясын;

- мұздату аппаратарының конструкциясы мен жұмыс істеу принципі;

-өнімдерді жылу-ылғалды өңдеу процестері;

-ауаны кондиционерлеу жүйелерінің жіктелуі;

- кондиционерлердің құрылымы мен жұмыс істеу принципі

Іскерліктер:

- жүк көтеру және тасымалдау машиналарының түйіндері мен механизмдерін есептеу және таңдау;

- жүк көтеру және тасымалдау жабдықтары мен тараның қажетті мөлшерін есептеу;

- суытудың ең оңтайлы тәсілдерін таңдау;

- ылғалды ауа диаграммасымен жұмыс жасау;

- кондиционерленетін бөлмедегі жылу-ылғалдылық жүктемелерді есептеу



КҚ 3.5.15

КҚ 3.5.16

КҚ 3.5.17

КҚ 3.5.18

КҚ 3.5.23

КҚ 3.5.27



АП 03

Тоңазыту технологиясы

Салқындатылған өнімдердің физика-химиялық қасиеттері. Салқындатушы орталар. Өнімдерді салқындату мен мұздату тәсілдері. Салқындатылған және мұздатылған өнімдерді сақтау мерзімдері. Жылыту және еріту. Суықты көлікте қолдану. Суықты өнеркәсіптің түрлі салаларында қолдану.



Білімдер:

тоңазытып өңдеу кезінде тамақ өнімдерінің жылу-физикалық қасиеттерінің өзгеруі;

салқындату мен мұздату тәсілдерінің жіктелуі;

өнімдердің кебуін төмендету тәсілдері;

еріту тәсілдері;

тамақ өнімдерін сақтау режимдері.

Іскерліктер:

i-d диаграммасы бойынша ылғал ауаның параметрлерін анықтау;

салқындату мен мұздату процестерін жылулық есептеу.


КҚ 3.5.30

КҚ 3.5.31

КҚ 3.5.32

КҚ 3.5.33

КҚ 3.5.34

КҚ 3.5.35



АП 04

Тоңазытқыш қондырғыларын автоматтандыру

Автоматика және кибернетика ненгіздері. Заттың деңгейін, шығындалуын және химиялық құрамын өлшеу, бақылау және автоматты реттеу. Қысым мен температураны өлшеу, бақылау және автоматты реттеу. Тоңазытқыш қондырғыларын автоматтандыру. Тоңазытқыш қондырғыларын автоматты реттеу, өлшеу және бақылау аспаптары мен құралдарын пайдалану. Тоңазытқыш қондырғыларының процестерін автоматты басқару жүйелері.



Білімдер:

- автоматтандыру саласындағы жетістіктер;

-автоматтандырудың теориячлық негіздері, құрал-жабдықтың негізгі түрлерін басқару мен автоматтандырудың электр схемалары;

- қысым, температура мен басқа да параметрлерді сипаттайтын бақылау мен өлшеу аппараттарының конструкциялық ерекшеліктері, олардың жұмыс істеу принципі

-тоңазытқыш қондырғыларының процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері туралы негізгі түсініктер;

Іскерліктер:

- тоңазытқыш қондырғыларының автоматандыру электр схемаларын оқу;

-аспаптарды реттеу;

- тоңазытқыш автоматтандыру сұлбаларында ақауларды табу


КҚ 3.5.8

КҚ 3.5.21

КҚ 3.5.22


АП 05

Тоңазытқыш жабдықтарды орнату, пайдалану және жөндеу.

Орнату жұмыстарын ұйымдастыру. Тоңазытқыш- компрессорлы агрегаттарды орнату. Құбырлар мен көмекші аппараттарды орнату. Тоңазытқыш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету. Жүйені тоңазыту агентімен және маймен толтыру. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Тоңазытқыш қондырғыны жөндеуден кейін іске қосуға дайындау. Орнату және жөндеу жұмыстары кезінде құжаттаманы рәсімдеу



Білімдер:

- орнату жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін;

- қажетті құжаттама тізімін;

- тоңазытқыш қондырғының негізгі элементтеріні тағайындалуы мен құрылымын;

- құбырларды орнату технологиясын;

- тоңазытқыш-компрессорлы жабдықты пайдалану мен жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуын;

- тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін.

Іскерліктер:

- тоңазытқыш жабдықты орнатуды;

- сызбалар мен схемаларды оқуды;

- жабдықты орнату мен жөндеу кезінде өндірістік процестерді ұйымдастыруды;

- алдын ала жоспарлы жөндеу графиктерін құрастыруды, жабдықты жинау, бөлшектеу және сынауды..



КҚ3.5.15

КҚ3.5.16


КҚ3.5.17 КҚ3.5.18

КҚ3.5.23


КҚ3.5.24

КҚ3.5.27

КҚ 3.5.28

КҚ3.5.29

КҚ 3.5.30


АП 06

Жобалау негіздері

Құрылысты техника-экономикалық негіздеу. Ғимапрат пен имараттарға қойылатын талаптар. Ғимарат пен имараттардың архитектурасы мен конструкциясы. Өнеркәсіп кәсіпорындарының түрлі цехтарын орналастыру принциптері. Құрал-жабдықты есептеу. Аудандарды есепиеу.



Білімдер:

- ғимарат пен имараттарды жобалаудың жалпы ережелері;

- құрылысты техника-зкономикалық дәлелдеу негіздері;

-ғимарат пен имараттарқға қойылатын талаптар,

- құрал-жабдық пен өндірістік аудандарды есептеу принциптері .

Іскерліктер:

- кәсіпорынның жобалық қуаттылығын анықтау;

- кәсіпорынның орналасуы мен құрылысқа арналған ауданды таңдауды дәлелдеу;

- шикізат пен жабдықтарды, өндірістік аудандарды есептеу.


БҚ1

БҚ2


КҚ 3.5.3

КҚ 3.5.9



КП.00

Кәсіптік практика және өндірістік оқыту

КП 01

Оқу практикасы






ПП01

Слесарлық практика

Металды слесарлық өңдеу

Жазықтықта және кеңістікте белгі қою. Металды түзету және иу, кесу және шабу. Бөлшек дайындамасын егеу. Бұрғылау, зенкерлеу және саңылауды кеңейту саңылауларды өңдеу, бөлшектерді үйкеліспен өңдеу. Бөлшектерге резьбі кесу. Шегендеу. Материалдарды желімдеу. Шаберлеу және үйкелеу. Металды пісіру. Металды газбен пісіру. Слесарьдың жұмыс орнын ұйымдастыру.


Іскерліктер:

слесарлық учаске жабдығының құрылысы және тағайындалуы, операцияларын орындау

- материалды кесу әдістері;

- слесарлық учаскеде операцияларын орындаудың қауіпсіздік техникасы;.

- слесарлық және пісіру жұмыстарын орындаудың қауіпсіз амалдарын пайдалану;

- дағдылар

металдарды пайілеу және пісіру;

- бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.5.5

КҚ 3.5.6


КҚ 3.5.10

КҚ 3.5.36



КП02

Механикалық практика

Металл кесуші станоктарында жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Токарлық-винт кесуші станогында операцияларды орындау. Токарлық станоктарды конус­ты және фасонды беттерді өңдеу. Жұмыстарды жалпақ қырнау және домалақ қырнау станоктарында орындау.



Іскерліктер:

- станоктық жұмыстар барысында қауіпсіздік шараларын білу;

- сыртқы цилиндрлік беттерді өңдеу және кесу барысында операцияларды орындау;

- саңылауды бұрғылау, зенкерлеу;

- фрезерлік станокта беттерді дайындау операцияларын;

- дағдылар

сыртқы және ішкі резьбілерді өлшеу, кесу;

- токарлық станокта кескіндеме бұйымдарын жасау;

- ажарлау жұмыстарын жасау;


БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.5.37

КҚ 3.5.38

КҚ 3.5.30


КП 03

Жылулық практика

Электр пісіру жұмыстары. Газбен пісіру жұмыстары. Құбырларды дәнекерлеу және дәнекермен қаптау. Металлдарды термиялық және химия-термиялық өңдеу түрлері: күйдіру, нормализация­лау, шыңдау, жидіту, цементациялау, цианироваттау. Болатты термиялық және химия-термиялық өңдеу



Іскерліктер:

металдарды түрлі тәсілдермен пайкілеу;

болаттан жасалған конфигурациясы қарапайым бұйымдарды пісіру;

дағдылар

болаттын қызу температурасын түсі бойынша анықтау


БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.5.10

КҚ 3.5.39

КҚ 3.5.40

КҚ 3.5.41



КП 04

Жұмысшы кәсібін алу практикасы

Тоңазытқыш-компрессорлы жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, кіші, орташа жөндеу жұмыстары, тексеру, реттеу және сынау. Слесарь жөндеушінің бақылауымен компрессорларды толық жөндеу. Жылуалмастырғыш аппараттарды монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау.



Іскерліктер:

слесарлық және арнайы саймандармен, құралдармен жұмыс істеуді, еңбектің қауіпсіз әдістерін қолдануды;

нормативті-техникалық құжаттамаларды қолдануды;

анықталған ақауларды уақытында жоюды;

тоңазытқыш-компрессорлы жабдықтарды монтаждау әдістерін меңгеру;

жөндеу аралық қызмет көрсетуді, тоңазытқыш-компрессорлы жабдықтарды жөндеуді;

дағдылар

құбырларды жұмсақ дәнекермен дәнекерлеуді;

бөлшектерді жасау технологиялық операцияларын және тоңазытқыш-компрессорлы жабдықтарды жинақтауды;


БҚ 1

БҚ2


КҚ 3.5.10

КҚ 3.5.11

КҚ 3.5.15

КҚ 3.5.16

КҚ 3.5.17

КҚ 3.5.20

КҚ 3.5.21

КҚ 3.5.22



КП 05

Өндірістік технологиялық практика

Жабдықты жөндеуге қабылдау. Компрессордың буындарын және бөлшектерін жөндеу. Компрессор бөлшектерін жинақтау. Компрессорларды жинақтау. Конденсаторларды жөндеу. Компрессорларды бөлшектеу. Компрессорлардың құрылымы. Тұмшаланған компрессорлардың электрқозғалтқыштарының құрылымын зерделеу.



Іскерліктер:

тоңазытқыш жабдықтарды жөндегенде еңбектің қауіпсіз әдістері мен машықтарын қолдану;

жабдықтарды қабылдау және тасымалдау операцияларын орындауды, тельфермен жұмыс істеу

компрессорлардың бөлшектері мен тораптарын жөндеу операциялары;

өлшеуді орындау және тораптарды жинақтау сапасын тексеру;

дағдылар

әрбір компрессор үшін бөлшектер жинағын таңдау;

компрессорларды жинақтау және жүріспен тексеруді, жинақтау сапасын тексеруді және ақауларын анықтау;

конденсаторларды жөндеу, оларды сынауды, еңбектің қауіпсіз әдістерін қолдану


БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.5.10

КҚ 3.5.11

КҚ 3.5.42

КҚ3.5.43


КҚ 3.5.44

КП 06

Өндірістік диплом алдындағы практика

Кәсіпорынның тағайындалуы, өндірістік қуаты. Қауіпсіздік техникасының, еңбек қауіпсіздігінің, өрт қауіпсіздігінің, қоршаған ортаны қорғау ережелері. Нұсқаулардың түрлері, оларды өткізу тәртібі.Суықтың шартты бірлігінің құнын есептеу тәртібі. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру және жоғарғы нәтижелі шараларды еңгізу. Еңбекақыны ұйымдастыру. Толемақының түрлері, оларды қолдану тиімділігі. Өндірістегі еңбекақының жүйесі. Жабдықты жөндеу, монтаждау, тағайындалуы, түрлері, құрылымы, жұмыс принципі, негізгі техникалық сипаттамасы. Еңбек өнімділігін жоғарлату, материалдарды үнемдеу шаралары. Қондырғының суық өнімділігі жұмысшы жағдайға тәуеділігі. Тоңазытқыш қондырғысының автоматтандыру жүйесі.



Іскерліктер:

кәсіпорынның өндірістік процесстегі учаскенің тағайындалуы;

кәсіпорынның ұйымдық структурасы;

учаске ерекшелігін ескере отырып қауіпсіздік техникасының ережелер;

еңбекақы түрлері;

өндірісті жоспарлаудың негізгі сұрақтары;

материалдармен, қосалқы жабдықтармен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру;

дағдылар

жұмысшы ұжымды басқару әдістері.

жабдықты жөндеуге және техникалық қызмет көрсету;

құжаттамаларды ресімдеу;

орындалған жұмыстарға нарядтарды хаттау және жабу;

жұмыс орнында нұсқаулар өткізу.


БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.5.12

КҚ 3.5.18

КҚ 3.5.19

КҚ 3.5.20

КҚ 3.5.28

КҚ 3.5.29

КҚ 3.5.42

КҚ 3.5.43

КҚ 3.5.44

КҚ 3.5.45

КҚ 3.5.46

КҚ 3.5.47

КҚ 3.5.48





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет