4 тарау. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі білім беру ұйымы қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібі 1-параграф. Өрттің (жарылыстың)пайда болуы
45. Білім беру ұйымы басшысының іс-әрекеті:
бұл туралы Мемлекеттік өртке қарсы қызметке (бұдан әрі - МӨҚ) 101 нөмірі бойынша телефон арқылы немесе 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;
адамдарды құтқару және эвакуациялау, өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау бойынша қолдан келетін шараларды қабылдау;
өртке қарсы автоматты қорғау жүйелерінің жұмысқа қосылуын тексеру (өрт кезінде адамдарды хабардар ету);
қажет болған жағдайда электр энергиясын өшіру (өрттен қорғау жүйелерін қоспағанда), желдету жүйелерінің жұмысын тоқтату;
ғимарат үй-жайларында өрттің және түтіннің пайда болуын болдырмауға ықпал ететін басқа да іс-шараларды орындау;
МӨҚ бөлімшесі келгенге дейін өрт сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асыру (объектінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып);
өрт сөндіруге қатысатын қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;
МӨҚ бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыру және өрт ошағына кіру және өртке қарсы сумен жабдықтау үшін ең қысқа жолды таңдауға көмек көрсету.
Өрт сөндіру бөлімшесі келгеннен кейін білім беру ұйымының басшысы өрт сөндіру басшысын объектінің, іргелес құрылыстар мен құрылыстардың конструкциялық ерекшеліктері, сақталатын заттардың саны мен өрт қауіпті қасиеттері және өртті ойдағыдай жою, қауіпсіздік үшін қажетті басқа да мәліметтер туралы хабардар етеді.
46. Персоналдың іс-қимылы (қызметкерлер, педагогтер):
объектінің мекенжайы мен нөмірін, өрттің шыққан жерін, өзінің тегі мен лауазымын атай отырып, басшылыққа, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметке (бұдан әрі-МӨҚ) 101 нөмірі бойынша немесе 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;
сабақты тоқтату, электр аспаптары мен жабдықтарды тоқтан ажырату, жарықты сөндіру және терезелерді жабу;
білім алушыларға кабинетте бар қорғау құралдарын беруге;
сабырлық пен ұстамдылықты сақтай отырып, үрейленуге жол бермей, өрт кезінде эвакуацияның бекітілген жоспарына сәйкес оқушыларды бірінші қабатқа және одан әрі мектептен негізгі немесе қосалқы шығуға шығару;
мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кездесуін ұйымдастыру, оларға мектепке кіру орындарын көрсету, өрт гидранттарының люктерін орналастыру, эвакуациялау жоспары мен өрт шыққан жерді жоспарда көрсету;
журнал бойынша білім алушыларды көшіруді жүзеге асыру, оның нәтижелері туралы білім беру ұйымының басшысына баяндау және ата-аналарды хабардар ету;
тәрбиеленушілерді киіндіріп, топтан шығарады, балаларды түгендейді.
47. Білім алушылардың іс-әрекеттері:
өрт туралы дабылды естіген білім алушылар оқытушының нұсқауы бойынша эвакуациялау жоспарына сәйкес кабинет пен ғимараттан шығуы тиіс;
эвакуациялау барысында үрейленбеу және итермеу;
қатты түтіндеген кезде тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану міндетті;
эвакуациялау жоспарында көрсетілген бір жиын орнына жиналуға асықпай;
жанында отырған сыныптасы жиын орнында болмаған жағдайда, дереу педагогке немесе білім беру ұйымының қызметкеріне хабарлаңыз.
48. Білім беру ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-қимылы:
объектінің мекенжайы мен нөмірін, өрттің шыққан жерін, өзінің тегі мен лауазымын атай отырып, басшылыққа, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметке (бұдан әрі-МӨҚ) 101 нөмірі бойынша немесе 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;
объектіні хабардар ету жүйесін іске қосу және тұтану туындағаны туралы хабарлау;
объектінің әрбір бөлігінде адамдардың бар-жоғын тексеріп, адамдарды объектіден уақтылы эвакуациялауды бастау;
өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен оқшаулау және сөндіру бойынша шаралар қабылдау;
мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кездесуін ұйымдастыру, оларға объектіге кіру орындарын көрсету, өрт гидранттарының люктерін орналастыру, эвакуациялау жоспары және жоспарда тұтану орны;
өрт сөндірушілер келгеннен кейін Ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенге дейін аумақты қоршау керек және оған өртті сөндіруге қатысы жоқ адамдардың кіруіне тыйым салу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |