Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік


-параграф. Атмосфераға күшті әсер ететін улы, радиоактивті шығарындылармен авариялардың туындауы және биологиялық қауіпті заттар (КӘУЗ)



бет13/14
Дата23.08.2023
өлшемі85.75 Kb.
#476192
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
117 бүйрық каз

3-параграф. Атмосфераға күшті әсер ететін улы, радиоактивті шығарындылармен авариялардың туындауы және биологиялық қауіпті заттар (КӘУЗ)
53. Басшының іс-әрекеті:
бұл туралы 112 нөмірі бойынша бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;
объектінің қызметкерлері мен оқушылары арасында жұқтыруды болдырмау, эвакуациялау және құтқару бойынша қолдан келген шараларды қабылдау;
қажет болған жағдайда ғимараттың терең жертөлесінде жасырынуға;
өртке қарсы автоматты қорғау жүйелерінің жұмысқа қосылуын тексеру (өрт кезінде адамдарды хабардар ету);
жұқтыру бұлтының таралуын болдырмау үшін желдету жүйелерінің жұмысын тоқтата тұру;
жұқтыру бұлтының дамуын алдын алуға, ықпал ететін басқа іс-шараларды орындау;
мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
объектінің ғимаратына кіруді шектеу;
ғимараттан қауіпсіз қашықтықта жинау орнын анықтау;
қызметкерлер, педагогтер және білім алушылармен тілдесуді ұйымдастыру.
54. Персоналдың іс-қимылы (қызметкерлер, педагогтер):
сабақты тоқтату, электр приборлары мен жабдықтарын тоқтан ажырату, жарықты сөндіру және терезелерді жабу;
оқушыларға кабинетте бар қорғаныс құралдарын (мақта-дәке таңғыштар) беру;
сабырлық пен ұстамдылықты сақтай отырып, үрейленуге жол бермей, білім алушыларды бірінші қабатқа шығаруға және одан әрі бекітілген эвакуациялау жоспарына сәйкес мектептен негізгі немесе қосалқы шығу орындарына шығару;
мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.
Ғимараттан эвакуациялау кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
жылдам қозғалып, бірақ жүгірмей және шаң көтермеу;
қабырғаға сүйенбеу және айналадағы заттарға қол тигізбеу;
жол бойында кездесетін сұйықтық тамшыларына немесе белгісіз заттардың ұнтақ тәрізді шашырандыларын баспау;
жеке қорғаныс құралдарын алуға болмайды;
тамақ ішпеу, су ішпеу;
ғимараттан қауіпсіз қашықтықта орналасқан жиналу орнына бару;
білім алушылармен тілдесу және білім беру ұйымының басшысына есеп беру.
55. Білім алушылардың іс-әрекеттері:
білім алушылар КӘУЗ шығарындылары туралы құлақтандыру сигналын естігенде, педагогтың нұсқауларын орындауы тиіс;
мақта-дәке таңғышын тағу;
эвакуация кезінде үрей тудырмай және қысым жасамау;
мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.
Ғимараттан эвакуациялау кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
жылдам қозғалып, бірақ жүгірмеу және шаң көтермеу;
қабырғаға сүйенбеу және айналадағы заттарға қол тигізбеу;
жол бойында кездесетін сұйықтық тамшыларына немесе белгісіз заттардың ұнтақ тәрізді шашырандыларын баспау;
жеке қорғаныс құралдарын алуға болмайды;
тамақ ішпеу, су ішпеу;
ғимараттан қауіпсіз қашықтықта орналасқан жиналу орнына бару;
жанында отырған сыныптасы жиын орнында болмаған жағдайда, міндетті түрде дереу педагогқа, қызметкерге немесе білім беру ұйымының басшысына хабарлау.
56. Білім беру ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-қимылы:
объектінің мекенжайы мен нөмірін және болған оқиға туралы ақпаратты атай отырып, басшылыққа, сондай-ақ 112 нөмірі бойынша бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;
объектінің ескерту жүйелерін іске қосу және КӘУЗ шығарындылары туралы хабардар ету;
объектінің әрбір бөлігінде адамдардың бар-жоғын тексеріп, адамдарды объектіден уақтылы эвакуациялауды бастау;
мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
құтқарушылардың кездесуін ұйымдастыру, оларға объектіге кіру орындарын көрсету, өрт гидранттарының люктерін орналастыру, эвакуациялау жоспары және жоспарға шығару орны;
құтқарушылар келгеннен кейін ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенге дейін аумақты қоршау керек және оған зарарсыздандыру жөніндегі іс-шараларға қатысы жоқ адамдардың кіруіне тыйым салу қажет.
5 тарау. Білім беру ұйымдарының білім алушыларды, тәрбиеленушілерді және қызметкерлерді техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі қорғау тәсілдерімен іс-әрекеттерді оқыту бойынша практикалық іс-шаралар
57. Білім беру ұйымдарының білім алушыларды, тәрбиеленушілерді және қызметкерлерді техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі қорғау тәсілдерімен іс-әрекеттерді оқыту тыңдаушыларда мақсатты және арнайы ұйымдастырылған процесс: адам жағдайында туындайтын қауіп-қатерлерлерден қорғану үшін қажетті білім, дағыдылар мен дағдыларды қалыптастыру. Төтенше жағдайлар немесе төтенше жағдайлардың қайталама зақымдайтын факторларының әсері сондай-ақ апаттар мен табиғи аппаттар.
58. Білім беру ұйымдарының қызметкерлерін, білім алушыларды, тәрбиеленушілерді техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда қорғану әдістері мен әркеттері келесі болып табылады:
1) мінез-құлық ережелерін, төтенше жағдайлар кезінде қорғаныс және іс-қимыл әдістерін зардап шеккендерге алғашқы мединалық көмек көрсету әдістерін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану ережерін үйрету;
2) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;
3) жаттығулар мен жаттығулар барысында техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі, сондай-ақ құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу,
59. Төтенше жағдайларда алдын алуда басшының іс-қимылы:
азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құжаттардың талаптарын білу және білім алушылардың, қызметкерлердің назарына жеткізу;
әртүрлі төтенше жағдайға әрекет ету мәселелері бойынша ішкі істер, азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2-шілдедегі №494 "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 15 сәуірде № 20990 боп тіркелген) бұйрығына сәйкес қызметкерлердің, педагогтердің, білім алушылардың және қажет болған жағдайда олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қатысуымен іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау бойынша практикалық жаттығуларды тұрақты өткізу;
білім беру ұйымында азаматтық қорғау шараларын іске асыруға жауапты лауазымды тұлғаны анықтау.
60. Жауапты лауазымды тұлғаның іс-қимылы:
білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен, педагогтарымен және білім алушыларымен жыл сайын азаматтық қорғау мәселелері бойынша сабақтар жоспарлау және өткізу;
қауіп төндіретін төтенше жағдай туындаған жағдайда мекеме аумағында және үй-жайларында іс-қимыл жасау бойынша қызметкерлермен, педагогтармен және білім алушылармен жартыжылдықта екі реттен кем емес жаттығуларды жоспарлау және өткізу;
басшыға азаматтық қауіпсіздік шараларын жетілдіру және қызметкерлердің, педагогтар мен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар беру;
күн сайын білім беру ұйымы объектісінің жағдайын бақылауды жүзеге асыру.
61. Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарының (ӘШЖ) іс-әрекеті:
білім беру ұйымы аумағының қараңғы уақытта жарықтандырылуын қадағалау;
білім беру ұйымының аумағына арнайы және авариялық-құтқару құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету;
білім беру ұйымының аумағынан қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету;
қорғаныс құралдарының дұрыс күйін қамтамасыз ету (өрт гидранттары, өрт сөндіргіштер мен электр панельдер).
62. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының іс-әрекеті:
тәрбие жұмысының жылдық және айлық жоспарларына білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымы, құқық қорғау органдары және азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі органдар қызметкерлерінің қатысуымен іс-шаралар өткізуді енгізу.
63. Сынып жетекшілері мен педагогтердің іс-қимылдары:
төтенше жағдайларды жою алгоритмдерін әзірлеу бойынша практикалық сабақтарға белсенді қатысу;
эвакуация бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, жеке стресске төзімділікті және дағдарыс жағдайында басқару қабілетін арттыру.
64. Вахтерлердің әрекеттері:
шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін білу;
күн сайын педагогтерге оқу үй-жайларының кілттерін беруді және сабақ аяқталғаннан кейін және оқу үй-жайларында тәртіп орнатылғаннан кейін кілттерді тапсыруды бақылауға;
65. Кезекші әкімшінің іс-әрекеті:
білім беру ұйымдарына сабақ басталардан кем дегенде 30 минут бұрын келуге;
кезекші педагогтардың жұмысын бақылауды жүзеге асыру және білім алушыларды білім беру ұйымына жіберу;
66. Білім беру ұйымы тұрақты құрамының іс-қимылы:
өздерінің жұмыс орындарына сабақ басталардан 15 минут бұрын олардың жай-күйін бөгде және күдікті заттардың, заттардың болмауын тексеру мақсатында және оларды сабаққа (жұмысқа) дайындау үшін келу;
оларға бекітілмеген оқу үй-жайларында (сыныптарда, кабинеттерде) сабақ өткізетін педагогтерге кілттерді алу және вахтерге тапсыру;
сабақ аяқталғаннан кейін оқу бөлмесін тазалауды бақылау.
67. Білім алушылардың іс-қимылы:
сабақтың басталуына уақтылы дайындық мақсатында мектепке алдын-ала келу.
68. Негізгі және қосалқы ғимараттарға қойылатын міндетті талаптар:
1) білім беру мекемелері ғимараттарының шатыр, жертөле, қосалқы бөлмелері мен апаттық шығулар жабық және мөрленген, сондай-ақ олардың жолдары сол немесе басқа бөлмеге кедергісіз кіру үшін қоқыстанбаған;
2) апаттық шығулар мен басқа да қосалқы үй-жайлар кілттерінің екінші нұсқасы белгілі бір жерде (күзет бекеті, қарауыл) орналасқан;
3) барлық өрт крандары, өрт сөндіргіштер және электр қалқандары мөрленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет