«Тағам биотехнологиясы» пәні бойынша практикалық сабақтарға Әдістемелік нұСҚаулық



бет1/33
Дата06.12.2023
өлшемі306.12 Kb.
#485628
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Әдістемелік нұсқаулық Тағам бт


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы


6В05102-Биотехнология білім бағдарламасының
3 курс білім алушыларына арналған
жоғары білім (бакалавриат) оқыту бағыты бойынша
«Тағам биотехнологиясы» пәні бойынша
практикалық сабақтарға


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Ақтөбе, 2023 ж.


Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.
Студенттердің практикалық жұмыстарды өз беттерінше және сабақ үстінде орындауын ескере отырып жазылған.


Құрастырған: Бақытжанқызы Б., жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Кафедра мәжілісінің отырысында мақұлданған.


Хаттама ____ «___»___________ 20__ ж.


Кафедра меңгерушісі ____________ Г.Б. Адманова




АЛҒЫ СӨЗ


Биотехнология ғылымының маңызды салаларының бірі – тағам биотехнологиясы. Қазіргі таңда Жер шарын мекендеуші тұрғындар санының жылдам қарқынмен өсуіне байланысты, адамзат баласын азық-түлікпен қамтамасыз ету, күнделікті тұтынатын тағам өнімдерінің сапасына қадағалау жасап, тиісінше жоғарылату, тағам биотехнологиясының басты міндеті, өзекті зерттеу мəселелерінің болып табылады.
Өткен ғасырға дейін əлем халқы əзірлеу, өңдеу, өндіру, сақтау сияқты тағам биотехнологиясының əртүрлі тəсілдерін барынша кең көлемде қолданып келді. Ғылым мен нанотехнологиялар ғасыры атанып отырған, үстіміздегі ХХІ ғасырдағы əлем өркениетінің сұраныс-талабы тағам өнімдерін əзірлеу, өңдеу, өндіру технологияларының жаңа деңгейлерін игеруді қажет етуде. Тағам биотехнологиясына деген осындай қоғамдық сұраныс биотехнологтар, биологтар, тағам технологтары мен ауылшаруашылығындағы азық-түлік өндірушілерге аталған сала бойынша белгілі дəрежеде теориялық, тəжірибелік білім негіздерін игеруді, осы салада арнайы мамандар даярлауды қажетсінуде.
Қазіргі тағамдық биотехнологияда екі бағытты қарастыруға болады: биотехнологиялық әдістер арқылы жасалған заттар мен қосылыстарды (мысалы, органикалық қышқылдар, аминқышқылдар, дәрумендер) және биотехнологиялық процесстер негізінде тағамдық өндірістегі интенсификация
Қазіргі кезде тағамдық өндірісте биотехнологиялық әдістер кең қолданыс алуда. Тағамдық қоспаларды қолдану аясы кеңеюде соның ішінде микроб жасушаларының көмегімен алынған: органикалық қышқылдар, ферментті препараттар, дәмдеуіштер, қоюландырғыштар және т.б.
Тағамдық биотехнологияның екінші бағыты – тағамдық өнімдерде биотехнологиялық процестердегі интенсификация.
«Тағам биотехнологиясы» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық жоғары білім (бакалавриат) оқыту бағыты бойынша 6В050102– Биотехнология білім бағдарламасының студенттеріне арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет