Жалпы білім беретін мектептердегі әдеби-теориялық білім мазмұны. Егер де әдебиет теориясынан қазіргі қолданып жүрген әдебиет бағдарламасында келтірілген білім жиынтығын талдап қарағанда, онда кӛркем әдебиет, әдеби шығарма, әдеби үдеріс туралы білімнің әрқайсысынан мағлұмат берілген. Бұл әдеби-теориялық мағлұматтарды әр сала бойынша әр сыныпқа мӛлшерлеп бӛлгенде, тӛмендегідей 6 жүйемен жүргізіледі:
Бірішіден, ауыз әдебиет пен жазба әдебиетінің ерекшеліктері қарастырылады. Әуелі әдебиеттің ӛнердің бір саласы және оқу пәні ретінде сипатынан басталып, халық ауыз әдебиеті туралы түсінік 5,6 сыныптан бастап беріле бастайды. Халық ауыз әдебиетінің түрлері: тұрмыс-салт жырла- ры, олардың түрлері, ерекшелігі; жан-жануарларға және наурызға байла- нысты жырлар; мақал-мәтелдер, мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін аңғарту; жұмбақтар; ертегілер, оның жанрлық ерекшелігі; әдеби ертегілер, олардың халық ертегілерінен айырмашылығы аңыз-әңгімелер, шешендік сӛздер; әпса- налар (діни мифтік әңгімелер) батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, айтыс туралы ұғым түсінік 5-сыныптан басталып, 9-сыныпта кеңейтіле оқытылады.
Екіншіден, әдеби жанр туралы білім қалыптастыру кӛзделеді. Әдебиеттің тегі мен жанрлары: лирикалық жанр бойынша: ӛлең тілі туралы мәлімет, ӛлең пафосы, ӛлең ұйқасы; лирикалық қаһарман туралы түсініктерін дамыту; философиялық лирика туралы, азаматтық лирика туралы ұғымды кеңейту, лиризм, ақындық тіл; әдебиеттегі сопылық поэзия; жыр жанры туралы түсінік; жыр, толғау, терме, жыршы ұғымдары; тұрмыс-салт ӛлеңде- рінің жанрлық ерекшеліктері.
эпикалық тек бойынша: мысал ӛлеңдер, мысал ӛлеңдердің ерекшелігі туралы; мысал жанры туралы ұғымды кеңейту, әңгіме жанры, әңгіме туралы ұғымды кеңейту; батырлар жыры туралы түсінік; лиро-эпостық жырлар туралы түсінік; ертегілердің жанрлық ерекшелігі; аңыз туралы; миф туралы; баллада туралы ұғым; хикаят туралы, хикаят туралы ұғымды кеңейту; серкесӛз туралы ұғым; поэма туралы ұғымды тереңдету, тарихи поэма туралы ұғымды тереңдету; повесть туралы; деректі шығармалар туралы алғашқы түсінік; фантастикалық шығармалардың табиғаты туралы алғашқы ұғым; тарихи роман; роман туралы ұғымды тереңдету; роман-эпопея туралы ұғым т.б.
Драмалық тек бойынша: драмалық шығармалар туралы, драмалық тартыс туралы, трагедиялық образ туралы алғашқы қарапайым түсінік қалып- тастыру кӛзделген.
Үшіншіден, ӛлең сӛз және қазақ ӛлең құрылысы туралы ұғым қалыптастырылады. Ӛлең құрылысы: ӛлеңдегі буын, бунақ, тармақ, шумақ, ӛлең ұйқасы; қара ӛлең ұйқасы туралы білім беріледі.
Тӛртіншіден, шығарманың құрамды элементтері (кӛркемдік компо- ненттері туралы), троп пен фигураның түрлерін таныту мақсат етіледі: а) шығарманың кӛркемдегіш құралдары: метафора туралы ұғым, метафора- лық шендестірулер; эпитет, теңеу туралы ұғымдар; кейіптеу туралы; гипер- бола туралы ұғым, антитеза, аллегория; құбылту, дыбыс қайталау (ассо- нанс, аллитерация). ә) образ, образдылық ұғымы: типтік образ; романти-
калық образ; кейіпкер туралы; лирикалық кейіпкер, кейіпкерге мінезде- ме; типтік бейне, портрет туралы ұғымды дамыту т.б. қамтылады.
Бесіншіден, шығарманың тіл кӛркемдігі мен сӛйлем, стиль ерекше- ліктері туралы ұғым беріледі: шығарманың тілі, портреттік, мінездемелік суреттер; шығармадағы суреттеу, баяндау, мінездеу, сипаттау тәсілдері, портреттік суреттеу, психологиялық параллелизм, пейзаж, риторикалық сұраулы сӛйлем; ирония, сатира туралы ұғым, ішкі монолог. т.б. қарас- тырылады.
Алтыншыдан, кӛркем шығарма ерекшелігі, шығарманың сюжеті мен композициялық құрылысын таныту кӛзделеді: шығармадағы суреттеу, баяндау, сипаттау түрлері; кӛркем шығарманың тақырыбы мен идеясы; шығарма құрылысы, сюжет туралы, шығарма композициясы; кӛркем шығарма және тарихи дерек, кӛркем шығармадағы характер мен ортаның, жағдайдың ӛзара байланысы; әдебиеттің ӛмірмен, тарихпен байланысы; мотив; ӛмір және кӛркемдік шындық; сыншыл реализм т.б. мәселелер қарастырылады.
Байқап отырғанымыздай, жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сы- ныптарында қамтылатын әдеби-теориялық білім мазмұны осы. Әдеби білім қалыптастыруға мүмкіндік мол, әдеби-теориялық ұғымдар еркін қамтыл- ғанын байқауға болады. Әдеби білім мазмұны сыныптар бойынша жіктеліп, әдеби материалмен сабақтастырыла берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |