Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет55/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

элементтерге – Mn, B, Cu, Zn, Ba, Tі, Lі, Br, Mo, Co, т.б. 
жатады. 
3) Мөлшері оданда аз ультрамикроэлементтерге – Cs, Se, 
Cd, Hg, Ag, Au, Ra т.б. жатады. Өсімдіктердің минералды қо-
ректенуіне керекті (қажетті) элементтер топырақта байланысқан 
және ерітінді күйінде болады. Топырақтағы барлық элементтер 
қорының шамамен 0,2%-ы ғана ерітінді күйінде кездеседі, ал 
негізгі бөлігі (98%) органикалық қалдықтар, гумус (қара шірін-
ді), нашар еритін органикалық емес қосындылар және мине-
ралдар құрамында жинақталған. Бұлар қоректік заттардың қоры. 
Топырақ түзілу үдерісінде қара шіріндінің гумус минерализа-
циялануы, қосындылардың біртіндеп еруі, минералдардың 
үгілуі нәтижесінде топырақтың құнарлылығы өте баяу артады. 
Өсімдіктер үшін топырақтың негізгі қасиеттері: Химиялық 
құрамы (қоректік элементтер мен шірінді (гумус) мөлшері, 
қышқылдылығы, сілтілі, т.б.), физикалық қасиеті, құрылымы, 
механикалық құрамы, топырақ түзілу бағыты, тұздылығы, 
топырақ түрлерінің экологиялық маңызы үлкен. 
Топырақ горизонттарының бір-бірінен айырмашылықтары 
бар және де тік (вертикальды) бағыттағы топырақ профилін құ-
райды. Бұл өсімдік тамырларының өсуіне және жанама топы-
рақтардың пайда болуына әсері бар. 
Топырақта бұзылмаған, шала шіріген органикалық заттар 
бар. Осы органикалық заттардың біртіндеп шіруі және ыдырауы 
нәтижесінде қара шірінді (гумус) топырақтағы минералды 
бөлшектерді бір-бірімен байланыстырып, топырақтың құрылы-
мы, физикалық қасиетін жақсартады, құнарлылығын арттырады. 
Өсімдіктердің жақсы өсіп дамуына мұның әсері зор. Мысалы 


Орта Азиядағы, сұр топырақта қара шірінді мөлшері
1-2%, ал құнарлы, кәдімгі қара топырақтарда 7-8%. 
Құнарлы, қара топырақты жерлерде өсетін өсімдіктерді – 
эутрофты (немесе эвтрофты), ал құнарсыз топырақта өсетін-
дерді олиготрофты өсімдіктер деп атайды. Бұлардың арасында 
аралық мезотрофты түрлері бар. 
Жасыл өсімдіктердің өсіп дамуына азоттың әсері орасан 
зор. Бірақ өсімдіктер ауадағы инертті газ күйінде болатын азот-
ты (N
2
) пайдалана алмайды. Өсімдіктер топырақтағы аммоний 
(NH+) және нитрат (NO
3
) тұздарын сіңіре алады. Бірақ, топырақ 
ерітіндісінде нитраттардың мөлшері өте аз. Осыған сәйкес, 
топырақта азоттың көбірек болғанын қалайтын, талап ететін 
өсімдіктерді – нитрофилдер, ал топырақта азот аз мөлшерде 
болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді – нитрофобтар деп атай-
ды. Нитрофильді өсімдіктер орман таңқурайы (Rubus іdaeus), 
қызыл аюбадам (Sambucus racemosa), құлмақ (Humulus lupulus), 
адамзат мекеніндегі органикалық қалдық бар жерлерде өсе-
тіндер: сүйелшөп (Chelіdonіum majus) меңдуана (Hyoscyamus 
nіder), қалақай (Urtіcfa dіoіca), тәжігүл (Amaranthus retroflexus), т.б. 
Калций (Са) топырақ құрылымын (структурасын) жақсар-
тады, ауыр металдар мен хлоридтердің зиянды әсерін залал-
сыздандырады. Карбонатты топырақтарда Са 3 % және одан 
жоғары болса оны кальцийге бай топырақтар деп атайды. Осын-
дай жағдайда өсетін өсімдіктерді – кальциефилдер деп, ал кал-
ций аз (әк аз) топырақта өсетіндерді – кальциефилсізденгендер 
деп атайды. 
Жер шарындағы топырақтардың шамамен 25%-ы, ал 
Қазақстандағы топырақтардың көпшілігі тұзданған. Тұздардың 
ішіндегі ең зияндылары, оңай, жылдам еритін NaCl, MgCl
2

CaCl

тұздары. Нашар еритін CaSO
4
MgSO
4
CaCO
3
тұздарының 
зиянды әсері аздау. 
Топырақтағы тұздар құрамына және мөлшеріне байланыс-
ты тұздылық деңгейі анықталады. Тұздардың құрамына байла-
нысты топырақтың тұздану түрлері (типтері) төмендегідей: 
сульфатты – содалы, хлорлы – сульфатты, сульфатты – хлорлы 
және хлорлы. 


Егер топырақ қабаттарында оңай еритін тұздар мөлшері 
0,25% -дан төмен болса, ол тұзсызданған топырақ. Егер топы-
рақтың жоғарғы қабаттарында тұз мөлшері 1% және оданда 
жоғары болса – бұл күшті тұзданған (қара сор) топырақ. 
Осындай тұзданған топырақты жерлерде бұған бейім-
делген галофит өсімдіктері өседі, ал тұзсыз жерлерде өсетін-
дерді – гликофиттер (галофобтар) деп атайды. 
Топырақтардың тұздылығына бейімделген және морфо-
физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес галофиттер бірнеше 
топқа бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет