жатқан үдерістерге қатысады. Олардың
қалдықтарының кейбір
бөлігі толық минералданатын болса, басқа бөлігі қайтадан топы-
рақтың органикалық заттарының жаңа түрін – қарашірікті
(гумусты) құрайды. Топырақ қарашірігі негізінен өсімдіктердің
және топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жәндіктер
қалдықтарының қоспасынан тұрады. Қарашіріктің түзілуіне
жергілікті жерлердің климат ерекшеліктері, топырақ микро-
организмдері, адам әрекеті де үлкен әсер етеді.
Түрлі топырақта қарашірік мөлшері де түрліше болады.
Кейбір топырақта оның мөлшері топырақ салмағының жүзден
бір бөлігіндей (1 % шамасында) болса, екінші біреулерінде
оннан бір бөлігіндей (10 % шамасында), кейде одан да көбірек
болады. Мысалы, еліміздің еуропалық бөлігінің аса құнарлы
қара топырағының қарашірік мөлшері 12-13 %-ға дейін жетеді,
ал Орта Азия мен Қазақстан жерінің
кейбір сұр топырағында
оның мөлшері 0,6-0,8 %-дан аспайды.
Органикалық заттардың шіріуінде микроорганизмдер –
бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, балдырлар үл-
кен рөл атқарады.
Топырақ қарашірігінің қоректік маңызы зор. Өсімдіктер
өсіп-өну барысында топырақтан сумен бірге
қоректік заттарды
алады, ал бұл қоректік заттардың негізгі қоры осы қарашірік
болып табылады. Агротехникалық шаралар дұрыс қолданылып,
сапалы өңделген топырақтарда қарашірік қоры көпке дейін тау-
сылмайды, қайта ол өсімдіктердің,
жәндіктердің қалдықтары-
ның шіруінен және ыдырауынан жылма-жыл толығып отырады.
Кейбір шіру үдерістері тек аэробты немесе анаэробты
жағдайда жүреді. Мысалы, нитрификация үдерісі аэробты
бактериялар қатысуымен өтеді, соның нәтижесінде топырақта
азот қышқылының тұздары құралады.
Денитрификация үдерісі нитрификацияға қарама-қарсы
жүреді. Оның негізі – анаэробты бактериялардың азот қышқы-
лының тұздарынан оттегін тартып алып бос азотты шығаруын-
да, оны одан әрі аммиакқа айналдыруында. Сондықтан бұл үде-
ріс
ауасыз жағдайда өтеді, оған анаэробты бактериялар қаты-
сады. Егіншілікке керек топырақ құнарлылығының көрсеткіші –
топырақта нитрификацияның басым болуы; өйткені нитрат
тұздары өсімдіктердің қорек заттарының ең бастысы болып
саналады. Денитрификация – сол тұздарды ыдыратып, бос азот-
тың пайда болуы, ал бос азот ауаға араласып, өсімдікке бұйыр-
майды. Сондықтан бұл үдерістің өсімдікке пайдасы жоқ.
Азот ауадан тікелей топыраққа келуі мүмкін, оны азототы
бактериялар, бұршақ өсімдіктерінің тамырында өмір сүретін
түйнекті бактериялар құрады.
Шірінді заттар өздерінің ыдырауы мен минералдануы
арқылы топырақтағы өсімдіктерге керек заттардың қорын то-
лықтырып отырады.
Шірінділер топырақтың сулы, азотты, қоректік заттарды
сіңіру қабілетін арттырып, оларды топырақтың төменгі қаба-
тында шайылып кетуден сақтайды.
Шірінділер топырақ құрамының түйіртпектенуін, түйірге
байланысуын жоғалтады, топырақ қабатында ауаның алмасуын
жақсартады, соған байланысты топырақта қолайлы (оптималь-
ды) су режимі жасалады, ылғалды буға айналуын сақтайды, то-
пырақтың су сіңіру, су өткізу қабілетін көтереді.
Топырақ түйірлерінің өзара байланысын нығайтып, құм
түйіршіктерін байланыстырып,
оның физика-механикалық қа-
сиеттерін жақсартады. Шірінділер топырақтың жылу тәртібін
жақсартып, топырақ температурасының құбылысын бәсеңде-
теді. Шірінді заттар өсімдіктердің жалпы дамуына, тамырла-
рының өсуіне қолайлы әсер етеді.
Топырақтың ең негізгі пайдалы қасиеті – оның құнар-
лылығы болып табылады, тек құнарлы топырақтарда егілген
дақылдардан ғана мол да сапалы өнім алуға болады.
Құнарлы топырақта қоректік заттар көп болады, оның су,
ауа, микробиологиялық
тәртіптері бір қалыпты, топырақ реак-
циясы орташа және механикалық құрамы жақсы болады.
Барлық агротехникалық шаралар дұрыс және дер кезінде
жүргізілсе, мәдени топырақ құнарлылығының кемімеуін қамта-
масыз етуге әбден болады.
Аталған тәсілдер мен шараларды жер иеленушілер топы-
рақ құнарлылығына және өсімдіктер биологиясы ерекшелік-
теріне сай жүргізуге міндетті.