сортаңдаған қабатта байқалады.
Кебірді көпжылдық шөп егіп
жақсартқанда, оның фосфатаза белсенділігі артқан, маусымды
анықтағанда оның қарқыны көктемнен жазға қарай бәсеңдеген.
Инвертаза болса, топыраққа жаңа түскен өсімдік қалдық-
тары құрамындағы азотсыз
органикалық қосындылар ыды-
рауын жылдамдатады да, ондағы сахароза молекулалық глюкоза
мен фруктозаға бөлшектейді. Іле Алатауы топырақтар арасында
бұл фермент белсенділігі таулық қара типінен (44-24 мг/г) тау
етегіндегі құба типке қарай басылады (12-10 мг/г), яғни оның
(инвертаза) қарашіріндіге тәуелді екенін дәлелдейді (парлы
г=0,84). Кейбір топырақта бұл қасиет физикалық балшыққа
тәуелді (Кузнецова, 1974 ж). Инвертаза көрсеткіші күңгірт қара-
қоңыр топырақта тым аз (23,4 мг/г). Орталық орында кебірдің
шайылған (элювийлік А
2
) жиегі тұр (16-20мг/г) және инвертаза
белсенділігі В
1
-де күрт төмендейді.
Шабындық дала кебірін
өңдегенде оның белсенділігі артқан.
Уреаза азот айнымалында үлкен орын алады, оның мөл-
шері топырақтағы қарашірінді (г=0,84) мен азот қорына (г=0,87)
корреляцияда өзгереді. Сондықтан оның белсенділігі тау қара
топырағының гумустік жиегінде көтеріңкі (4-67мг NH
3
),
басқа-
ларда төмен (2-3мг); карбонаттар уреаза әрекетін басады.
Депадрогеназа тыныстық алмасу реакциялары мен гумус
құралу биохимиясына қатысады. Онда топырақтағы қарашірін-
діге тәуелді (г=0,84), яғни жоғары саны қара, қарақоңыр (9,3 -
4,2), төменгі саны құба (2,2мг) топырақтарда анықталған. Ерек-
ше кебір топырақ тың және мелиорацияланған түрлерінде (ке-
бірлік жиек үстіндегі қабатта) дегидрогеназалық белсенділік
100г топырақта тәулігіне 33 -тен -38,5 мг үш фенолмермазан
(ТФФ) -ға жетеді. Кебірде тотығу - шалатотығу үдерістері
үдеген.
Жалпы шолғанда гидролитикалық ферменттер (инвертаза,
уреаза, фосфатаза, АТФ-аза)белсенділігі қарақоңыр топырақтар-
да,
қара типпен салыстырғанда , 1,3-1,8 есе бәсеңдеген. Топы-
рақтардың ферменттер мне қанығу дәрежесі инветразада орта-
ша (тек құба типте төмен),каталазада таудың қара типінен бас-
қасында шамалы, дегидрогеназада құба типтен басқасында
орташа, уреазада шамалы, фосфатазада -тек қаратопырақтан
басқасында орташа сәйкес біріншісінде 12 мг Р
2
О
5
болса, қалған
Іле Алатауы топырақтарында фосфатаза саны 2 мен 4-тің ара-
сында. Қара топырақта АТФ-аза белсенділігі жоғары-21, қалған
типшелерде төмен 6-2 сан мөлшерінде.
Тағы бір ерекшелік -
егістік топырақтарда ферменттік белсенділік бәсеңдеу, бірақ
АТФ-аза (қара, күңгірт қарақоңыр типтерде), интертаза (құба)
ферменттері топырақтарды өңдегенде белсенділігін жоғалтпа-
ған. Топырақтар
кескіні бойы шолғанда, ферменттер саны жо-
ғарыдан (гумустік жиек) төмен қарай (ләстік жыныс) азаяды,
тіпті жоғалып кетеді, яғни олардың белсенділігі қарашірігіне
тәуелді.
Қорыта айтсақ, Іле Алатауы
топырақтарында ферменттер
белсенділігі топырақ түрлеріне және құнарлыққа тығыз байла-
нысты. Ферменттер әрекетін игерген жағдайда топырақ құнар-
лығын көтеріп, қалаулы және сапалы өнім алуға мүмкіндік
туады. Кебірлілік қасиет көбінесе топырақтағы ферменттер әре-
кетін баспайтыны көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: