Тұзданудың сапалық құрамы 20-кесте.
Аниондар бойынша (мг/экв)
Катиондар бойынша (мг/экв)
Тұздану түрі
Сl:S
O
4
HCO
3
:Cl+SO
4
Тұздану
түрі
Na+K
Ca+Mg
Mg:Ca
Хлоридті
> 2
-
Натрийлі
2
-
Сульфатты-
хлоридті
2-1
-
Магнийлі-
натрийлі
2-1
> 1
Хлоридті-
сульфатты
1-
0,2
-
Кальцийлі-
натрийлі
1-2
< 1
Сульфатты
<
0,2
-
Кальцийлі-
магнийлі
1
> 1
Карбонатты-
сульфатты
<
0,2
1
Магнийлі-
кальцийлі
1
< 1
Сульфатты-
содалы
-
2
Сор топырақтардың табиғатта тұздану сапасы басқаша да
болуы мүмкін. Мысалы, хлоридті-нитратты сор топырақтар да
кездеседі, сонымен қатар кең
тараған хлоридті-сульфатты-
натрийлі сор топырақтар да бар, бұлар негізінен құрғақ кли-
матты облыстада тарайды.
Карбонатты және содалы типпен тұзданған сор топырақ-
тар көбінде дала және орманды-дала зоналарында кездеседі.
Хлоридті-нитратты сор топырақтар
тек шөлді облыстарда ғана
пайда болады.
Тұзданудың сапалық құрамы сор топырақтың сыртқы
морфологиялық белгісіне де әсерін тигізеді. Сондықтан тұздану
сапасына байланысты сор топырақтарды келесідей текке бөледі:
қабыршықты, томпақ, ылғалды, қара және тақыр тәрізді.
Сор топырақ тұзының құрамында хлорлы-натрий басым
болса, оның бетінде қабыршықты қабат түзіледі, ал күкірт қыш-
қыл натрий көп болса, беткі қабаты томпақ сор топырақтар түзі-
леді. Гигроскопиялық қабілеттері зор хлорлы кальций және
магний
көп болса, ылғал сор топырақтар пайда болады. Тұз-
дардың құрамында сода көп кездескен жағдайда ол органикалық
заттарды жақсы ерітетін сор топырақ кескінінің түсі қара түске
боялады. Шөл зонаның гидротермиялық ерекшелігіне байланыс-
ты тақыр тәрізді сор топырақтардың беті тілімденген жарық-
шалы болады.
Гранулометриялық құрамы
бойынша сор топырақтар
құмды, құмайт, құмбалшықты және балшықты деп әртүрлілікке,
ал разрядқа аналық жыныс бойынша жіктеледі.
Сор топырақтардан басқа табиғатта әртүрлі деңгейде тұз-
данған топырақтар да кездеседі, оларды тұздану мөлшеріне бай-
ланысты тұзданбаған, әлсіз тұзданған,
орташа тұзданған және
өте көп тұзданған топырақтар деп бөледі. Тұздану деңгейін
топырақтың су сүзіндісінің құрғақ қалдығының мөлшері және
тұздардың құрамы бойынша анықтайды (8-кесте).
Топырақтарды тұздану деңгейі бойынша топтастыру 21-кесте.
Топырақтардың
тұздану
деңгейі
бойынша түрлері
Тұздардың
мөлшері
%
құрғақ
топырақ
салмағынан
Құрғақ қалдық
Cl
-
SO
2-
4
Хлоридті және сульфатты-хлоридті тұздануда
Тұзданбаған
< 0,3
< 0,01
-
Әлсіз тұзданған
0,3-0,5
0,01-0,05
-
Орташа тұзданған
0,5-1,0
0,05-0,10
-
Өте көп тұзданған
1,0-2,0
0,10-0,20
-
Сор топырақтар
> 2,0
> 0,20
-
Сульфатты және хлоридті-сульфатты тұздануда
Тұзданбаған
< 0,3
-
< 0,10
Әлсіз тұзданған
0,3-1,0
-
0,10-0,40
Орташа тұзданған
1,0-2,0
-
0,40-0,60
Өте көп тұзданған
2,0-3,0
-
0,60-0,80
Сор топырақтар
> 3,0
-
> 0,80
Содалы және аралас тұздануда
Тұзданбаған
< 0,2
-
-
Әлсіз тұзданған
0,2-0,5
-
-
Орташа тұзданған
0,5-0,7
-
-
Өте көп тұзданған
0,7-1,0
-
-
Сор топырақтар
> 1,0
-
-
Топырақ құрамындағы суда жақсы еритін тұздардың
жалпы мөлшері және сапалық құрамымен бірге олардың тұз жи-
нақталған қабаттарының тереңдігінің де маңызы зор. Егер суда
еритін тұздар (>2%) топырақта 150 см тереңдіктен
төмен жинақ-
талса, ол топырақ тұзданбаған деп саналады, 100-150 см терең-
дікте – терең тұзданған, 100-70 см – терең сортаңданған, 70-
30 см – сортаң және 30 см-ден жоғары (30-50 см) сор топырақ
деп аталады.