Қазақстан республикасы білім және ғылым


Кебір топырақтардың белгілері және қаситеттері



Pdf көрінісі
бет71/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
Кебір топырақтардың белгілері және қаситеттері 
 
Кебір топырақ даму үдерісі барысында айқын бөлектене-
тін генетикалық қабаттар құрайды, топырақтың беті гумусты-
эллювиальды (кебір үстіндегі) А
1
, кебір иллюваильды В
1
, ке-
бірден төмен В

және аналық жыныс С қабаттардан тұрады. 
Гумусты-эллювиальды А қабат кесекті немесе плиткалы 
түйіртпекті, қабатты, қуысты тұнба бөлшектерге кедей, төменгі 
қабаттарға қарағанда механикалық құрамы жеңіл. Бұл қабаттың 
түсі әртүрлі кебірлерде әртүрлі болады. Шөл және құрғақ дала 
зоналарының кебірлерінің түсі ақшыл-қоңыр немесе қоңырлау-
сұр, ал қара топырақ зонасында қара-сұр кейде қара түсті бола-
ды. Гумусты-эллювиальды қабаттың қалыңдығы 2-2,5 см аралы-
ғында. Бұл қабатта суда жақсы еритін тұздар және карбонаттар 
кездеспейді. 
Гумусты-эллювиальды қабаттың астында кебір немесе 
иллювиальды В

қабаты қалыптасады. Оның түсі – қара-қоңыр, 
бағаналы кейде призмалы, жаңғақты, жақпарлы, түйіртпекті. 
Бағаналы түйіртпектер көбіне жаңғақты түйіртпекке ыдырап, 
бөлшек беттері жылтырлау түске ие болады. 
Иллювиальды қабат құрғақ кезінде айырмалы құрылымды 
болса, ылғалданса созылмалы сипатқа ие болады. Кебір қабат 
бір жарым тотықтармен тұнба бөлшектерге бай келеді. Кебір 
қабаттан төмен құрамында суда жақсы еритін тұздары және 
карбонаттары бар В

қабат кездеседі. Карбонаттар дақтар және 
ақ дөңгелек формалар түрінде жинақталады. Карбонатты қабат 

к
) ақшыл-қоңыр түсті, тығыз призмалы немесе жаңғақты 
түйіртпекті болады. Карбонатты қабаттан төмен гипсті (С
s

қабат орналасады, одан төмен суда жақсы еритін тұздар жинақ-
талған қабат (Сс) бөлінеді. Бұл екі қабат жоғары қабатқа тығыз 
емес, түйіртпексіз, гумусы жоқ, сондықтан көбінде бұл қабат-
тарды аналық жыныс (С) қабатына жатқызады. 


Кебірдің генетикалық қабаттары тек қана морфологиялық 
белгілері бойынша бөлектеніп қоймай, физикалық және химия-
лық қасиеттері бойынша да өте бөлек болып келеді. Өте қолай-
сыз қасиеттермен тұнба фракцияларға байыған және алмаспалы 
натрий катионы көп кебір қабаттар сипатталады. Кебірлердің В

қабатында алмаспалы натрийдің мөлшері топырақтың сіңіру 
сыйымдылығының 15-тен 60 % құрайды. Содалы гипспен 
тұзданған кебірлерде алмаспалы натрийдің мөлшері хлоридті-
сульфаттарға қарағанда әжептеуір көп болады. 
Кей жағдайға алмаспалы негіздердің құрамында көп мөл-
шерде магний кездеседі. Құрамында сода кездесетін кебірлердің 
реакциясы ортасы өте сілтілі болады (рН 8-11). Бейтарап тұздар 
бар кебірлердің реакция ортасы сәл сілтілі болып келеді. Кебір 
топырақтардағы гумустың мөлшері оның таралған зонасына 
және гранулометриялық құрамына байланысты кең көрсеткіш 
арасында ауытқиды. Қара топырақ зонасының кебірлері қара-
қоңыр топырақ зонасының кебірлерімен салыстырғанда көп 
гумусты болып келеді. Құмбалшықты кебірлерде гумус құмайт 
кебірлерге қарағанда көбірек болады. Кебір қабат гумусының 
құрамында гумин қышқылдарының фульво қышқылы басым. 
Кебір топырақтар нашар сулы-физикалық және физика-ме-
ханикалық қасиеттермен сипатталады. Су өткізгіштігі өте төмен 
өсімдіктер пайдалана алмайтын ылғал қоры жоғары болып 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет