Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет73/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
Зонасыз топырақтар 
 
ТМД елдерінде, бүкіл әлемдегі сияқты, зонасыз деп 
аталатын топырақтар да біршама территорияларды қамтиды.
Бұл топырақтар қатарына өзен бойларындағы жайылма, ойпаң-
ды жерлердегі батпақты, батпақты-шалғынды топырақтар, құм-
ды алқаптардағы жөнді дамымаған, тіпті жел күшімен ары-бері 
жылжып жүретін құмды топырақтар жатады. Бұлардың зонасыз 
аталуы олар табиғаттың барлық зоналарында өзен бойлары мен 
ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар жерлерде кезде-
седі. Бұлардың зонаарлық топырақтардан айырмашылығы осында. 
Жоғарыда сипатталған зонаарлық топырақтар (сорланған, 
сортаң, солодты) негізінен шөл, шөл дала, орманды дала, дала 
зоналарында кездеседі. 
Бұрынғы КСРО территориясындағы батпақты топырақтар 
көлемі 100 млн гектарға жетеді. Олар негізінен Батыс Сібір 
ойпаты, қиыр шығыста, Белорус, балтық бойы елдері мен 
Ресейдің терістік батысында орын алады. Өзен бойларындағы


жайылма жерлердегі шалғынды, шалғынды-батпақты топырақ-
тың көлемі 60 млн гектарға жетеді. Ал ТМД елдеріндегі құмды 
алқаптардың көлемі – 62 млн гектарға жетеді. Олардың негізгі 
көлемдері – Түркмениядағы қарақұм алқабымен Өзбекстан мен 
Қазақстан жеріндегі қызылқұм алқаптары. Бұл құмды алқаптар 
көне дәуірдгі Әмудария мен Сырдарияның суларымен келген 
аллювиалды су шөгінділері. Басқа кездесетін кішігірім құм 
алқаптары да шөгінді өзен бойларында көне аллювиальды 
жазықтарда орналасқан. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет