түрінің жалпы үлесі 34,3%. Күрең топырақ аймағы да бірқатар
зона тармақтарына бөлінеді. Солтүстіктен оңтүстікке
қарай
күңгірт-күрең топырақ
күрең топырақпен, ол
одан әрі ашық-
күрең топырақпен алмасады. Бұлар Қазақстан топырағының
10,5% - на дейінгі бөлігін қамтиды.
Күңгірт-күрең және
күрең
топырақ түрлері құрғақ зона тармағында, ал
ашық-күрең
топырақ шөлейт зоналарда қалыптасқан. 48
0
солтүстік ендіктен
оңтүстікке қарай
шөл зонасы басталады, мұнда
құба және
сұр-
құба топырақтар кеңінен таралған. Топырақ типтерінің бұлайша
алмасуы жауын-шашын максимумының көктемгі және қысқы
маусымдарға алмасуымен жусанды-астық тұқымдас өсімдік
жамылғысының жусанды-сораңды
өсімдік жамылғысына алма-
суына сәйкес келеді. Мұндағы құба және сұр-құба топырақтар
республика аумағының көп бөлігін қамтып (43,6%), Үстірт,
Каспий маңы ойпаты, Торғай төрткүлді өлкесі, Бетпақдалада
және басқа ірі ойпаттарда үлкен массивтер түрінде таралған.
Достарыңызбен бөлісу: