Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет84/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
Қаратопырақтың түзілуі 
Қаратопырақтарда топырақ қабаты генетикалық горизонт-
тарға баяу дифференциалданады (бүтіннен бөлшекке бөлінеді). 
Қаратопырақ морфологиялық құрылысына қарай 4 горизонтқа 
бөлінеді: 
А – аккумулятивті – қарашірікті; В – өтпелі
, В
к
– иллювиал-
ды – карбонатты; С – аналық немесе топырақ түзуші жыныс. 
Төменде кәдімгі қаратопырақ кескінінің жазбасы берілген: 
А 0-52 см қара-сұр түсті қарашірікті (аккумулятивті-қара-


шірікті) горизонт; құрылымы түйіршікті және кесекшелі; бор-
пылдақ; тың жерлерде астықтұқымдастардың тірі және қурап 
қалған шашақ тамырларымен кескіленген; олардың беткі 3-7 см 
тығыз шыммен жабылған; сазбалшықты; В қабатына өте баяу 
және біртіндеп өтеді. 
Өтпелі қабат. В – 52–79 см – қара-құба түсті, құрылымы 
кесекшелі, тышқан індері кездесіп қалады; тамырлық саны аз 
болатын псевдомицелий пішініндегі кальций карбонаттары 
кездеседі; В горизонтының төменгі бөлігі тұз қышқылының 
әсерінен шымырлайды; саздақ. 
В
к
79 – 124 см – иллювиальді – карбонатты қабат. Сұр – 
қуқыл түсті; құрылымы – призмалы; құрылымының орналасуы 
тығыз псевдомицелий, ақкөз жаңа түзілімдері пайда болған, 
тамыршалар жоқ, күңгірт топырақпен толған тышқан індері бар, 
тұз қышқылы әсерінен қатты шымырлайды. 
С
к
– 124 см-ден төмен – аналық жыныстың түсі ашық-
қоңыр, құрылымы призмалы; құрылымы тығыз; саздақ, кальций 
және магний карбонаттарына бай. 
А 
В 
В
к
С
к
 
 
 
 
VII. Қаратопырақтың қасиеттері 
Қаратопырақтың ең негізгі ерекше белгісі – құрамында 
қарашіріктің көп мөлшерде болуы. Қаратопырақ түрлерінің 
көбісіндегі қарашіріктің мөлшері орта есеппен 6 – 12%, кей 
кезде 18 %-ға дейін жетеді. 
Қарашірік құрамына негізінен гумин қышқылдары және 
оның тұздары кіреді, фульвоқышқылдар мөлшері өте аз болады. 
Сол себепті қарашірік заттары суда нашар ериді. Қарашіріктің 


суда еритін мөлшері 0,02 – 0,05%, бұл оның жалпы құрамының 
0,005 – 0,007%-ын құрайды. Қаратопырақтың қарашірікті гори-
зонтының қалыңдығы өте жоғары – 45-тен 150см-ге, кейде тіпті 
200 см-ге дейін жетеді. Құрамындағы қарашірік мөлшері терең-
деген сайын төмендейді. 
Қаратопырақтың қарашірік горизонтының қалыңдығы 
жоғары болғандықтан, ондағы күлдік және азоттық қор да өте 
жоғары. Өтпелі қабатта азот мөлшері 0,2 – 0,6%, Р
2
О
5
– 0,1 – 
0,2%, калий 2% аралығында болады. 
Қаратопырақ қатты сілтісізденбейді, сол себепті бірталай 
тереңдікке тек жақсы еритін КСl, NaCl, Na
2
SO
4
және басқа 
тұздар шайылады, ал магний және калций карбонаттарының 
шайылуы оларға қарағанда төмен. Сонымен қатар төменгі 
қабаттарда көп жылжымауға бейімделген. Тереңдеген сайын 
топырақ құрамындағы СаСО
3
мөлшері көбейеді. Оңтүстіктегі 
құрғақтығы жоғары далаларда магний мен калций карбонат-
тарының шайылуы өте төмен дәрежеде. 
Қаратопырақтардың шайылуы жеңіл ғана болатындықтан, 
оның механикалық құрамына әсерін тигізбейді. Сондықтан 
шымды топырақтарға қарағанда қаратопырақтарда жоғарғы 
горизонттардың құмдануы онша байқалмайды. 
Әртүрлі горизонттарды өзара салыстыра отырып, олардың 
механикалық құрамы арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ 
екенін байқауға болады. Аналық жыныстарда кальций мен 
магнийдің карбонаттары болуымен қатар, олар шайылмайтын су 
режимінің әсерінен негіздермен жоғары дәрежеде қаныққан 
болады. Қаратопырақтар негізінде калций және магний катион-
дарымен қаныққан, соның ішіндегі сіңірілген кальций катион-
дары 80 – 90%. Топырақтың жоғарғы горизонттарының сіңіру 
сыйымдылығы жоғары болады. Құрамында қарашірік көп 
болатындығынан және кальциймен қаныққандықтан, қара-
топырақтар суға төзімді түйіршікті және кесекшелі құрылымы-
мен және жақсы физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Каль-
циймен жоғары дәрежеде қаныққандықтан қаратопырақтардың 
реакциясы бейтарап немесе оған жақын жеңілқышқылдық не 
жеңілсілтілік болады. Қаратопырақтың құрамындағы суда 


еритін қосылыстардың жалпы мөлшері көп емес және кей жағ-
дайда ғана 0,1%-ға жетеді. 
Қаратопырақтарда жалпы бөлектену А қабатында – 60–
65%, терең қабаттарда – 48–55%. Кәдімгі және нақты саздақ 
қаратопырақтардағы капиллярлық суды сіңіру сыйымдылығы 45 
– 55%, ал аналық жыныста 25–35%. А горизонтындағы салыс-
тырмалы үлес – 2,31–2,58-ге дейін, ал көлемдік мөлшері 1,03 – 
1,16 г/см
3

Қаратопырақтың су өткізгіштігі кескіні бойында қатты 
өзгеріп отырады. Жоғары су өткізгіштік негізінен суға төзімді 
түйіршікті немесе кесекшелі құрылымды горизонттарға тән
егістік қабатын қопсытқан кезде су өткізгіштік төмендейді. 
Қаратопырақтарда тышқандар мен жауын құрттары өте көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет