Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет85/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
Қаратопырақтар классификациясы 
Қазақстандағы қаратопырақтарды сілтісізденген, нақты, 
шалғынды, шалғындау және оңтүстіктің қаратопырақтары деп 
бөледі. 
Сілтісізденген қаратопырақтар орманды дала және ылғал-
дылығы жоғары дала аймағында кездеседі. А горизонтының түсі 
қара-сұр, қарашірік мөлшері (А+В) – 80 – 100 см, (Украинада 
120 см және одан да жоғары, ал шығыс аудандарда 70 см).
А горизонтының құрылымы кесекшелі-түйіршікті, ал В қабаты – 
кесекшелі-жаңғақты. Шымырлау тереңдігі өзгеріп отырады, 
кейде ол 80 – 120 см-ге тең болады. Ылғалды орманды дала ай-
мағында 150 – 200 см. СаСОз псевдомицелий ретінде кездеседі.
Сілтісізденген қаратопырақтардың төменгі А қабаттарында 
оттекпен қаныққан кремний ұнтақтары кездеспейді. Топырақтар 
кальций, магний катиондарымен және аз мөлшерде сутегімен 
қаныққан, топырақ ерітіндісінің реакциясы жеңіл қышқылды. 
Шымырлау тереңдігі мен сутегі мөлшеріне байланысты 
сілтісізденген қаратопырақтар жеңіл, орта және қатты сілтісіз-
денген болып бөлінеді. Сілтісізденген қаратопырақтардың фос-
форы аз болады, сондықтан бұнда да фосфор тыңайтқыштарын 
енгізу қажет. 


Нақты қаратопырақтар дала аймағында таралған. Олар 
қаратопырақ аймағының ортаңғы бөлігін қамтиды. Климаттың 
құрғақтығына байланысты бұнда қарашірік горизонтының 
қалыңдығы да, (60 – 80 см) қарашірік мөлшері де төмен (6 – 
9%). Шалғынды дала аймағының солтүстік бөлігінде нақты 
қаратопырақтардың қарашірік горизонтының қалыңдығы 90 см-
ге дейін артады, ал құрғақ далаға ауысқанда 60 – 70 см-ге 
төмендейді. А горизонтының құрылымы түйіршікті, ал В гори-
зонтында кесекшелі. Шымырлау 50 – 60 см тереңдікте болады. 
Нақты қаратопырақтарда СаСО
3
көбінесе ақкөздер немесе 
псевдомицелий ретінде кездеседі. Бұл топырақтар Са
+
2
, Мg
+
2
катиондарымен қаныққан, реакциясы бейтарап, А горизонтының 
түсі қара-сұр болады. 
Оңтүстіктің қаратопырағы шалғынды-дала аймағының ең 
құрғақ, оңтістік бөлігін қамтиды. Топырақ терең ылғалдан-
байды. А горизонтының түсі қою қарасұр, қарашірік мөлшері 4–
6% (А+В) қарашірік горизонтының қалыңдығы 40–60 см. А 
горизонтының құрылымы көбінесе кесекшелі, кей жерлері 
түйіршікті, В горизонты – нығыздау. 
Оңтүстіктің қаратопырағы Са, Мg катиондарымен қанық-
қан, бірақ сіңірілген катиондар құрамында топыраққа азғана 
сортаңдық беретін, аз көлемдегі қаныққан Na
+
болуы да мүмкін. 
Реакциясы жеңіл сілтілі. Шымырлау жердің бетінде немесе 20 
см тереңдікте болады. 
Шалғынды дала аймағында жоғарыда сипатталған қара-
топырақтардан басқа шалғындау, шалғынды, карбонатты, солод-
танған каратопырақтар да кездеседі. Шалғынды қаратопырақтар 
грунт сулары 3-5м тереңдікке жататын жерлерде дамиды. Олар 
қарашіріктің жоғары дәрежеде болуымен сипатталады. (18% 
дейін). 
Грунт суларының шалғынды қаратопырақтардың барлық 
горизонттарынан мезгіл-мезгіл капиллярлармен жер бетінде 
көтерілуіне байланысты, біраз мөлшерде еритін тұздар пайда 
болуы мүмкін; ол топыраққа кебірлену, сортаңдану және солод-
тану қасиеттерін де енгізуі мүмкін. 
Карбонатты қаратопырақтар әктастарда, әкті құмдарда
мергельдерде және олардың элювийінде қалыптасады. Бұл 


қаратопырақтар жер бетінде шымырлайды және олардың бүкіл 
кескіні бойында бірталай көлемде карбонаттар болады. 
Сортаңдау қаратопырақтардың сіңіру кешенінде 5% 
натрий негіздері бар. А горизонтының құрылымы мықты емес, 
В горизонты өте тығыз және құрылымы кесекті немесе кесек-
шелі. Топырақ ерітіндісінің реакциясы жеңіл сілтілі, ылғал-
данғанда олар ериді, ал құрғағанда қабыршақпен жабылып қала-
ды. Қаратопырақтар басқа топырақ типі тармақтарына қарағанда 
су және ауалық қасиеттері төмендеу болып келеді, кішігірім 
ойпаңдарда кездеседі. 
Қарашірік горизонтының қалыңдығы бойынша қара-
топырақтар: өте қалың қабатты (120 см артық); қалың қабатты 
(120 – 80 см); орташа қабатты (80 – 40 см); жұқа қабатты (40 – 
25 см) және қысқарған қабатты (25 см-ден кем) болып бөлінеді. 
Қарашіріктің құрамына қарай қаратопырақтар: тығыз (9% 
артық); орташа қарашірікті (9% – 6% дейін); аз қарашірікті (6% 
– 4%) және шамалы қарашірікті (4% кем) болып бөлінеді. 
Қаратопырақтардың арасында біраз жерде сорлар
сортаңдар, кебірлер және солодтар кездеседі. 
Жоғарыда айтылып кеткен барлық қаратопырақтардың 
зона тармақтары механикалық құрамы бойынша балшықты, саз-
балшықты, саздақ, құмдауыт, құмдақ және т.б. болып бөлінеді. 
Осылардың ішіндегі ең көп тарағандары – сазбалшықтар, ауыр 
сазбалшықтар және балшықтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет