бойынша жүргізілетін агрономиялық іс-шаралар кешенінің
маңызы өте жоғары. Топырақта
ылғалды жинап ұстау және
сақтау әрекеттері әртүрлі, олар: егістікті қорғайтын орман жо-
лақтары, топырақтың құрылымын қалпына келтіру, терең жыр-
ту
, қопсыту, тегістеу, арамшөптерді жою, қар тоқтату, суару, т.б.
Ылғал үшін күресте егістіктерді қорғайтын орман жолақ-
тарының үлесі зор. Орман ағаштары
егістіктерде қардың
жиналуын және бірқалыпты тегіс таралуын қамтамасыз етеді.
Егістікті қорғайтын орман жолақтары қар суының жер бетімен
ағып кетуіне кедергі жасай отырып, жыралар пайда болуынан
және топырақ шайылуынан сақтайды. Егістіктерді қорғайтын
орман жолақтары желдің
жылдамдығын азайту арқылы, құрғақ
желдің зиянды әсерінен, егілген дәндерді боранның ұшырып
кетуінен сақтайды. Орманды зоналардағы топырақтар атмо-
сфeралық жауын-шашынды
көп мөлшерде жинақтайды, жер
асты суларының қорын жасауға қабілетті, сонымен қатар жер
асты суы деңгейін орман жолақтары астында да, олардың
аралықтарындағы егістіктер астында да көтере алады. Орманды
жолақтардың арасында
ауа ылғалдылығы ашық далаға
қарағанда жоғары, ол ауылшаруашылық дақылдарын өсіру жағ-
дайын жақсартады. Қаратопырақтардың қолайлы су режимін
қамтамасыз етуде егістікті қорғайтын орман жолақтарымен
қатар ирригациялық құрылымдар салып, жергілікті су көздері
арқылы суару да ерекше орын алады.
Терең жырту арқылы ылғалдың
топырақта сақталуын және
өсімдіктерге қажетті қоректік заттың жинақталуын қамтамасыз
етуге болады, сол арқылы алатын өнім мөлшері де жоғары-
лайды. Терең жырту арамшөптермен күресудің сенімді жолы
болып табылады.
Қаратопырақтың құнарлылығын жоғарылату мақсатында
тыңайтқыш енгізу де маңызды.
Қандай топырақ болсын, өнім-
ділігіне минералдық және органикалық тыңайтқыштар қосу
арқылы ықпал етіп отырмаса, үнемі жоғары өнім бере алмайды.
Қаратопырақтарға минералдық тыңайтқыштардан фосфор, азот
және калий тыңайтқыштарын қолданады. Органикалық тыңайт-
қыштардың топырақтардың физикалық және биохимиялық
қасиеттерін, құрылымын жақсартудағы үлесі зор. Топыраққа
органикалық
заттарды көң, қи, т.б. түрінде оқтын-оқтын салып
тұру қаратопырақ құнарлылығын арттырып отырудың нақты
жолы.
Достарыңызбен бөлісу: