Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет97/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Кебірлердің қасиеттері. Кебірлердің өздеріне тән морфо-
логиялық ерекшелігі, ондағы иллювиалдық-кебірлі горизонт өте 
тығыз болады, далалық жағдайда кебірді көбінесе сол арқылы 
анықтайды. 
Кебірлердің физикалық және химиялық қасиеттері нашар. 
А горизонтының құрылымсыздығына байланысты ылғалдылық 
жоғары болғанда қатты ісініп кетеді, ал кеуіп кеткенде бетінде 
қабыршақ пайда болып, жарылып кетеді. 
B
i
горизонты — иллювиалдық-кебірлі, ылғалды күйінде 
өте тұтқыр, жабысқақ, су өткізбейді, сондықтан қар ерігенде, 
жауын жауғанда кебір бетінде су ұзақ тұрып қалады, су сіңбейді 
де ауаға буланып кетеді. Бұл горизонт кебу күйінде ешқандай 
өңдеуге келмейді. 
Кебірлердің физикалық және химиялық қасиеттерінің 
нашарлығына байланысты, олардың табиғи өнімділігі өте төмен. 
Онда тек ксерофит өсімдіктер: жусанның кей түрлері, изен, т.б. 
ғана өседі. Кебірлердің көп бөлігінде шөптесін өсімдіктер өс-
пейді, бірен-саран көк-жасыл балдырлар мен қыналар кездеседі. 
Кебірлердің жіктелуі. Кебірлердің жіктелуі олардағы 
элювиалдық горизонттың қалыңдығы, тұздану дәрежесі, грунт 
суларының орналасу тереңдігіне негізделген. 
Элювиалдық горизонттың қалыңдығына байланысты ке-
бірлердің жіктелуі мынадай: қабыршақты немесе таяз кебірлер
кебір үстіндегі А горизонтының қалыңдығы 10 см-ге дейін; ор-
таша бағаналы кебірлер 10-нан 18 см-ге дейін; терең бағаналы 
кебірлер –18 см-ден терең. 
Грунт суларының орналасуына байланысты кебірлердің 
жіктелуі мынадай: шалғынды – жер асты сулары 3 м-ге дейін, 
шалғынды-далалық және далалық – 6 м-ден терең. 
Кебірлерді тұздану сипатына қарай содалы және хлоридті-
сульфатты деп жіктейді. Содалы кебірлер орманды дала және 
шалғынды дала зоналарында, ал хлоридті-сульфатты құрғақ 
дала мен шөлейт зоналарында таралған. Содалы кебірлер шал-


ғындық кебірлер, ал хлоридті-сульфатты кебірлер далалық 
кебірлер болып табылады. 
Далалық кебірлердің өзіндік ерекшелігі – онда гипсті 
горизонт беткі қабатына жақын орналасқан. Сұр топырақтар 
зонасында кебірленген топырақтар таралған да, кебірлер өте аз 
кездеседі. 
Кей жағдайларда, кебірлерде далалық және шалғындық 
шөптесін өсімдіктер өскенде, олар кебірлерді органикалық 
заттармен, натрийді ығыстырып шығаратын кальциймен байы-
татындықтан, біртіндеп дараланады. Кебірдің В горизонтындағы 
бағаналы құрылымы біртіндеп жойылып, өз қасиеттері мен 
морфологиясы бойынша айналасындағы қара топыраққа, күрең 
топыраққа, т. б. жақындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет