мүмкін. Сонымен қатар натрий тұздары жусан, сораң өсімдіктер
қалдықтарының органикалық заттарының ыдырауы кезінде де
жинақталады.
Кебірлердің пайда болу жолы мынадай: топырақ ерітін-
дісінде натрий тұздары көбейген сайын,
сіңіру кешенінен
кальций мен магний ығыстырылып, олардың орнын натрий ба-
сады. Топырақтың нашар коагулятор болып табылатын натрий-
мен қанығуына байланысты, органикалық және минералдық
коллоидтар гель күйінен золь күйіне ауысады, жылжымалы бо-
лып жоғарғы горизонттардан төменге шайылады да тығыз
иллювиалды немесе кебірлі горизонт түзеді. Жоғарғы горизонт-
та лайлы тұнба фракциясы азайып, төменгі горизонтта көбейеді,
құрылымы
бұзылады, топырақ күшті сілтілік реакцияға ие
болады.
Жер асты сулары кейбір себептермен тартылып кеткен
жағдайда, Са мен Mg еритін тұздары жауын-шашынмен топы-
рақтан оқтын-оқтын
шайылып отырады, ал топырақтың сіңіруші
кешені натрий катиондарымен қанығып, кебірлер түзеді.
Кебірлердің құрылымы. Кебірлердің топырақ кескіні
генетикалық горизонттарға жақсы бөлінеді. Онда үш горизонт
бар: А – элювиалдық горизонт, В –
иллювиалдық горизонт, С
горизонты – аналық немесе топырақ түзуші горизонт.
Төменде кебірдің топырақ кескінінің мысалы берілген:
А
0
– 10 см элювиалдық горизонт, ашық-сұр, құрылымсыз,
кейде қабыршақты құрылымды, тұзда еритін тұздар мүлде жоқ
немесе аздап болады, кейде бетінде үлбір түзіледі;
B
i
10–23 см иллювиалдық-кебірлі горизонт, күңгірт-сұр,
біржарымдық тотықтармен, қарашірік және лайлы тұнбамен
қаныққан, вертикаль
сызаттарымен бөлінеді, ылғалды күйде
тұтқыр, су өткізгіштігі нашар, құрғақ күйінде қатты жарылады,
NaHCO
3
, NaCO
3
бірталай мөлшерде болады, құрылымы тығыз,
ауыр саздақ;
B
2
23–58 см иллювиалдық
, кесекті-жаңғақты, күңгірт-құба,
құрылымы кесекті, тығыз,
құрамында СаСО
3
бар ауыр саздақ;
B
3
58 – 104 см иллювиалдық-тұзды горизонт, сұрғылт-
құба, тығыз,
құрылымы призмалы, аққөздер ретіндегі кальций
карбонаттары көп, кескіні бойында карбонаттар, хлоридтер,
сульфаттардың
ең көп мөлшері жинақталған;
С
к
– аналық жыныс 104 – 120 см тереңдіктен басталады,
құба-қошқыл түсті, Са карбонаттары көп, ауыр саздақ;
Достарыңызбен бөлісу: