Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет62/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Топырақ режимдері. Топырақ қопсыған кеуекті дене бол-
ғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады. Ауаның мөлшері 
топырақ көлемінің 30-40%-на тең. Топырақ көптеген өсімдіктер 
мен микроағзалардың тіршілік ететін орны. Олар тыныс алады, 
органикалық заттарды ыдыратып ауаға ұшырады. Осының 
нәтижесінде топырақ ауасының құрамы, атмосферадағы ауаға 
қарағанда өзгешелеу. Мысалы, топырақ ауасындағы көмір 
қышқылының мөлшері 0,15-1,65% шамасында, ал атмосфера-
дағы оның мөлшері не бары – 0,03% ғана. Топырақ ауасындағы 
оттегінің мөлшері атмосферадағыдан анағұрлым аз. 
Ал топырақтың жылулық режиміне ауа райы, өсімдік, жер 
бедері, қар жамылғысы, топырақтың механикалық құрамы, 


ылғалдылық пен түсі әсер етеді. Әртүрлі топырақ күн сәулесінен
әртүрлі қызады. Ашық түсті топырақтарға қарағанда, қара 
шіріндіге бай қара топырақ пен қара қоңыр топырақ анағұрлым 
тез жылынады. Дегенмен ол топырақтар тез арада суиды. Ылғал 
топырақтармен салыстырғанда құрғақ топырақтар тез жылына-
ды. Ылғалды топырақтар баяау жылынады, өйткені ондағы суды 
жылытып, буландыру үшін көп жылу жұмсалады. Құм топырақ-
тар саз топырақтардан құрғақтау болғандықтан, анағұрлым тезі-
рек жылынады. Топырақтың жылулығына оның орналасқан 
жері де әсер етеді. Мысалы Оңтүстік баурайдағы топырақтар, 
солтүстік жағымен салыстырғанда жақсырақ жылынады. 
Топыраққа берілген жылу оның бөлшектерімен, су және
ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақтың қатты 
бөлшектері су, жылуды жақсы өткізеді, ал ауа жылуды нашар 
өткізеді. 
Түнде топырақ бетінен бастап салқындайды, ал күндізгі 
жылу толқыны тереңірек қабатқа өтеді. Жылудың толқындары 
осылайша күнбе-күн тереңірек қабатқа өтіп отырады. Топырақ 
бөлшектері жылудан біресе ұлғайып, біресе суықтан кішірейіп 
отырады. Бұл олардың тез және толық үгілуіне көмектеседі. 
Топырақтағы өсімдіктермен бірге тірі жәндіктердің дамуы үшін 
жылы топырақ қолайлы. 
Қыста топырақты қар басып, ондағы су қатқан кезде жылу 
толқындарының орнын суық толқындар басқанда топырақтағы 
өмір едеуір бәсеңдейді. 
Топырақтың жоғары сипатталған физикалық қасиеттері-
нен басқа кейбір топырақтарға тән және оның құнарлылығына 
едәуір нұқсан келтіретін жағдайлар да болады. Мысалы, топы-
рақтардың сортаң немесе сорланған болып келетін жағдайлары. 
Мұндай топырақтар тиімді пайдалану үшін оларды алдын-ала 
мелиорациялау қажет. 
Топырақтың сіңіру қасиеттері топырақ қопсыған 
кеуекті дене болғандықтан оның түрлерінің арасында әр уақыт-
та бос кеңістіктер болады. Топырақтың сіңіру қасиеттерін қа-
лыптасуда шешуші рөл атқаратын топырақ құрамындағы ең 
майда ұнтақталған көлемі 0,0001 мм-ден төмен коллойдты 


бөлшектер. Бұл бөлшектер топырақтың әртүрлі органикалық 
және минералдық қосылыстарынан тұрады. 
Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі 
ерітінділерінің кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған ми-
нералдарды және органикалық қосылыстарды, микроорганизм-
дерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап 
қалуын айтады.
Топырақтың сіңіру құбылысы жалпы топырақтың дамуы-
мен және топырақта өсетін өсімдіктерде күлді элементтерде 
(азот, т.б қоректік заттардың) жиналуымен қатар жүреді. Әсіре-
се, өсімдіктердің қоректік элементтерінің жиналуы топырақтың 
сіңіру қабілетімен тығыз байланысты. Осы қабілеті арқылы 
топырақта өсімдіктерге керекті элементтер жиналады. Бұл 
салада көп еңбек еткен орыстың ірі ғалымдары К.К.Гердойц, 
Д.И.Прянищников, А.И.Соколовский, И.Н.Антиков-Қаратаев, 
В.А.Чернов, И.И.Горбунов. 
Әртүрлі топырақтың сіңіру қабілеттері әр деңгейде 
болады. Ол көбінесе топырақтағы өте жоғары бөлшектерге 
(дисперсті), түйірлерге, коллоидты бөлшектердің мөлшеріне
байланысты. Топырақ неғұрлым қарашіріндіге бай және меха-
никалық құрамы ауырлау балшықты болса, соғұрлым оның 
сіңіру қасиеті де мол, ал топырақта қара шірінді аз, құрамы 
жеңіл құм немесе құмдық болса, оның сіңіру мүмкіндігі де 
шамалы болады. 
Топырақ коллоидтарының диаметрлері шамамен микрон-
мен есептелетін әр текті заттардың бөлшектерін құрайды: 1 мкр 
0,01 мм тең, оны миллимикрон дейді. Коллоидты бөлшектердің 
ірілігі 0,1 мкр 1мм. 
В.Оствальдонның тұжырымы бойынша коллойдтардың 
пайда болуының екі жолы бар: 1) бөліну арқылы, яғни зат-ардың 
бірнеше моекулаларынан қосылып үлкейіп шығуы. Сонымен 
топырақ коллойдтарының бір бөлігі минералдардан физикалық 
үгілу арқылы органикалық қалдықтардан өзгеріп, химиялық 
үгілу нәтижесінде түзіледі. Топырақта коллоидтар екі түрде
коллоидтық ерітінді және гель (коллойдты қоймалжың тұнба) 
күйлерінде кездеседі. Коллоидтар бір күйден екінші күйге көше 
береді. Олардың ерітіндіден тұнбаға көшуін коагуаляция (жиы-


ылу), керісінше тұнбадан ерітіндіге көшуін пептизация (быты-
ау) дейді. Коллоидтардың бір күйден екіншісіне көшуі қайта-
анатын немесе қайталанбайтын болады. Топырақтың қалыпта-
уына коллоидтар коагуляциясының маңызы үлкен. Өйткені 
коллоидтар топырақта тек золь (ерітінді) күйінде жылжып, 
жиыла алады да, гель (тұнба) күйінде топырақта бекиді. 
Коллоидтар топырақтың қандай жағдайы болса да, қызғанына 
немесе кепкеніне, суығына қарамай коагуляцияланады. Бірақ 
коагуляция үдерісінде электролиттердің де (тұздар, қышқылдар, 
негіздер) әсері зор. Электролит дегеніміз заттар суға ерігенде оң 
немесе теріс зарядты иондарға бөлінуі. Коагуляция электроит-
ердің ең аз «коагуляция босағасы» деп аталатын қоюлануында 
өтеді. Топырақтағы коллоидты бөлшектер электр зарядты (көбі-
есе олар теріс зарядты). Коагуляциялану қасиеті катиондардың 
валенттілігіне, оның атомды салмағына байланысты. Белсенді 
коагулянттарға үш валентті темір мен алюминий, содан кейін 
екі валентті кальций мен магний жатады. 
Топырақ сіңіру қасиетінің оның құнарлығына әсері өте 
зор. Топырақ әртүрлі заттарды өзіне сіңіріп, (әсіресе өсімдік 
тіршілігіне керекті заттарды ұстап қалу арқылы) құнарлығын 
арттыра түседі. Осы сіңірілген заттардың ішінде өсімдіктерге 
қажетті негізгі макроэлементтер: азот, фосфор, калий, кальций-
ермен қатар, аз да болса көптеген микроэлементтер кездеседі. 
Сондықтан да топырақтың физикалық қасиеттері де әртүрлі 
болады. Әдетте, құрамында кальций катионы бар топырақтар-
дың физикалық қасиеттері жақсы, ал құрамында натрий катио-
ны бар топырақтардың физикалық қасиеттері өте нашар, сортаң 
топырақ болып келеді. Ал топырақ құрамында CO3, CL, SO4 
иондары мол болса, ондай топырақтар өсімдіктер үшін улы, 
онда ештеңе өспейді. Олар сорланған, сор, тұзы мол топырақ-
тарға жатады. Бұл топырақтарды егістікке пайдалану үшін оның 
тұзын шайып, мелиорациялау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет