Ќазаќстан Республикасы Білім жѕне ѓылым министрлігі


Зертханалық жұмыс құрылымы



бет12/33
Дата23.12.2022
өлшемі1 Mb.
#467824
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Лекция 15 са ат Зертханалы -т жірибелік саба 11 са ат С Ж 64

Зертханалық жұмыс құрылымы:

  • Сабақ тақырыбы;

  • Сабақ міндеттері;

  • Базалық білім;

  • Терең білім: тақырып туралы ұғымдар; тақырыпқа байланысты тәжірибелер; Ұйымдастырылуы, құралдары, әдістері.

  • Кіріспе әңгіме;

  • Сурет бойынша жұмыс;

  • Оқулықпен жұмыс;

  • Таратып берілген материалдармен жұмыс;

  • Оқулықпен жұмыс;

  • Сабақты қорыту;

  • Мәтіннен кейін берілген тапсырмаларды орындау: үйге тапсырма(мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу).



Бақылау сұрақтары:

  • Сабақ құрылымы дегеніміз не?

  • Қандай сабақ түрлері болады және олардың құрылымы туралы түсіндіріңіз?

  • Сабақ түрлерінің құрылымында қандай айырмашылықтар бар?

  • Венн диаграммасы” бойынша салыстыру жүргізіңіз?




8 -лекция. Тақырыбы: Сабақ типтері


Лекция мақсаты: сабақ типтері туралы ұғым, және олардың түрлері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Жоспары:
1. Аралас сабақты өткізу әдістемесі
2.Зертханалық-практикалық сабақтар.
З.Экскурсия және семинар сабақтары .
Лекция мәтіні:
1. Аралас сабақты басқаша жалпы сабақ деп те атайды.Ол сабақтардың ең жиі кездесетін түрі. Сабақтардың қазір қолданылып жүрген жүйесін М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер ұсынған. Онда мынадай элементтер болуы мүмкін:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыладың сабаққа әзірлігін тексеру, сабақ тақырыбын таныстыру, мақсатын анықтау. Бұл бөліснің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын туғызу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру әртүрлі түрде орындалады. Кейде оқушылардың жұмысын көріп шығу да жеткілікті болады. Кейде ішінара тексеру жүргіземіз немесе оқушылардың өзара тексеруін өткіздіреміз.

  3. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін ауызша тексеру жүргізілуі мүмкін. Ол жеке дара, жаппай сұрау арқылы жүргізіледі.

  4. Жаңа білімді баяндау, жаңа материалды талдау.

  5. Өтілген тақырыпты бекіту. Ол әртүрлі формада жүргізілуі мүмкін (жаттығу, пысықтау, практикалық жұмыс т.б.) Жаттығу жұмыстарында оқушыға мұғалім көмектесуі мүмкін.

  6. Өтілген материал бойынша оқушылар білімін анықтау (өзіндік жұмыс) 5-6 минут.

  7. Үйге тапсырма беру.

Озат мұғалімдер В.Шаталовтың, В.Давыдовтың, Л.Зориннің ұсынған нұсқаларын аралас сабақтарда қолданып, уақытты үнемдей отырып жаңа материалды терең игеруге негізделген. Олар: ақпаратты ірілеп беру, структуралық схеманы жетілдіру, ақпаратты модельдеу, тірек схемаларын пайдалану, сабақ үстінде оқушылармен кері байланысты жетілдіру, оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру т.б.
Оқушылардың оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру керек: сыныптың белсенді оқушылар тобын құру, ауыспалы жұптық, өзара жарыса оқитын топтық ұжымдар өзіндік жұмыстар орындау керек.
Бағалау қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болуы үшін оны тек мұғалім ғана емес оқушылар да қолдана алатындай болуы керек. Жаңа материалды бекіту үшін:

  1. Жаңа материал бойынша 4-5 минуттық жаттығу жұмыстарын жүргізіп жаңа материалды бекітіп алу.

  2. Өтілген материал бойынша деңгейлік тапсырмалар беру.

Үй жұмысын орындағанда оқушылар оқи білуге, өзіндік жұмыс істеуге үйренеді. Ол жайлы озат мұғалімдердің ұсынысы мынадай:

    1. Оқушыларға аяқталмаған, бекітілмеген материал бойынша үй тапсырмасын беруге болмайды.

    2. Үй жұмысы негізінен келесі жаңа материалға дайындық түрінде болғаны жөн.

Оқушылардың дәптерін тексеруге оқушылардың өзін жұмылдырудың оқушылардың пәнге қызығуын арттырады. Тіпті оқушылардың өзіндік жұмыстарын да белсенді оқушыларға тексертуге болады.
2. Зертханалық-практикалық сабақтар

Зертханалық, практикалық сабақтар оқушылардың жаңа білім алуы мақсатында немесе теориялық білімді бекіту мақсатында жүргізілуі мүмкін. Бұл жұмыстар теориялық білімдерді анағұрлым сапалы түрде және берік игеруге жәрдемдеседі. Бұл сабақтардың құрылымы шамамен мынадый:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Мұғалімнің түсіндіруі және тапсырма беруі

  3. Оқушылардың сұрақтарына жауап беруі

  4. Оқушылардың тапсырманы орындауы

  5. Орындалған жұмыстың жазбаша есебін өткізу

  6. Үйге тапсырма беру

  7. Сабақтың аяқталуы

Эксперимент, зертханалық және практикалық жұмыстардың орындалу барысы немесе қорытындысы жазылып, оны мұғалім тексереді.
Танымжорық ол орыс тілінде экскурсия ( лат excursion- сапар, серуен)-ғылыми, білім беру, мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға ұйымдастырылатын коллективтік сапар және жорық.
Танымжоықтың мазмұны зерттеу обьектісіне байланысты ( табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар орны) тақырыбы бойынша мәдени-тарихи , ғылыми, жаратылыстану, өндірістік, өлкетану т.б танымжорықтар болады. Танымжорық оқушылардың жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайда танымжорық оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімделген оқу программалық және мектептен тыс танымжорық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет