Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет2/56
Дата03.01.2024
өлшемі2.11 Mb.
#488437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
УМК Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар (Восстановлен)

Пәннің мақсаты: Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар курсының мақсаты - болашақ тарихшы- маман, тарихшы - зерттеушілерді тарихты оқыту әдістемесінің теориялық, әлістемелік аспектілерімен, тарих пәнін оқытудың заманауи инновациялық технологиялары және әдіс тәсілдерімен таныстыра отырып, қазіргі таңдағы тарихты оқыту барысында қордаланған, туындайтын өзекті мәселерлерді шешу жолдарын көрсету;


Пәннің міндеттері:
-Тарих ғылымының негізгі даму бағыттарын анықтау.
-Зерттеудің шынайылық дәрежесін білу;
-Жекелеген зерттеушілердің, әртүрлі ағымдар мен мектептердің ғылыми нәтижелерін бағалау;
-Тарихты зерттеудің принциптері мен әдіс-тәсілдерін қарастыру;
-Қазіргі дерекнамалық, тарихнамалық зерттеулерге талдау жасау;
-Ғылыми пәндердің дерекнамалық аспектілерін нақтылау;
.
Пәнді оқу барысында қалыптасқан құзыреттер: ______КҚ 1 - Кәсіби құзіреттілік______
БББ бойынша құзыретінің коды, нөмірі, атауы
- тарихи зерттеу құрылымы пәні бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін, теориясы мен практикасын талдай біледі.
- дербес ғылыми қорытынды жасай алады;
- ғылыми терминдер мен ұғымдардың негізгі мазмұнын түсіндіреді;
- тарихи деректермен жұмыс істей біледі;
- алған ғылыми дағдыларын, білімін практикалық негізде пайдалана алады.
- ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыс қызметінде негізгі әдістері мен тәсілдерін қолдана біледі;


Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер: Шетелдік тарихтағы жаңа бағыттар курсы кәсіби тарихшыны қалыптастыруды жетілдіреді. Білім алушы шетелдік тарихнаманың заманауи бағыттарын жетік біледі. Шетелдік тарихтың жаңа бағыттары бойынша алынған тарихи білім негізінде отандық тарихи оқиғалар мен өмірлік құбылыстарға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізе алады; Тарих ғылымының жаңа бағыттарының әдістері мен тәсілдерін қолданып, отандық тарихтағы кемшін тұстарын толтыра алады. Жаңа бағыттар бойынша алынған деректерді өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет