Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Қазіргі сабақ құрылысында оқу икемділігі мен машықтың ролі



бет3/4
Дата19.06.2022
өлшемі158.5 Kb.
#459350
1   2   3   4
kur -bastauysh-syynp-oqushylarynyn-oqu-ikemdiligi-men-mashygyn-qalyptastyru

1.2. Қазіргі сабақ құрылысында оқу икемділігі мен машықтың ролі.

Мұғалімдер сабақ типтері мен оның құрылысы жайында соңғы зерттулер нәтижесінен үнемі хабардар болуы қажет. Мектептің мұғалімдері мен өткізілген семинарлада сабақ жүйесі оның түрлері жөніндегі ғалымдар көрсекен нұсқаларды шебер, пайдаланады, оларды М.И.Махмутов ұсынған сабақ жүйесінің түрлері ғана емес, типтері де қызықтырады. [11]





Сабақ типтері



Сабақ түрлері

І. Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы (сабақты І типінің методикалық варианттары – кіріспе, байқаулар, материалдар жинау).
ІІ. Білім, икемділік пен машықты жетілдіру сабағы: меңгергенді мақсатты пайдалану.
ІІІ. Жүйелеу және жинақтау сабақтары.
ІҮ. Аралас сабақ.
Ү. Бақылау сабақтары (икемділік пен машықты бағалау).

а) әңгіме-сабақ; ә) кино-сабақ; б) өз бетімен жұмыс істейтін теориялық немесе практикалық сабақ; в) аралас сабақ; г) бір сабақта сабақтың бірнеше түрін біріктіру.
а) өз бетімен жұмыс істеу сабағы (ауызша немесе жазбаша жаттығулар) ә) практикалық жұмыс сабақ; б) экскурсия сабағы.
Бұған сабақтың негізгі бес типі кіреді: а) ауызша сұрау (жекеше, топтап, жалпылама), ә) жазбаша сұрау (жеке-жеке), б) бақылау (өз бетімен істелетін жұмыс); д) аралас сабақ (бірінші үш түрді біріктіру).

Бұл сабақ жүйелері жалпы педагогикалық мақсатқа негізделген материал мазмұнының сипаты мен оқушылар білімі деңгейіне байланысты. Психологтардың зерттеуі бойынша, бастауыш сынып оқушыларының жұмыстың бір түріне бағытталған зейіні 20 минуттай уақытқа созылады. Сондықтан, осы алғашқы 20 минут өте тиімді кезең болып есептеледі. Сабақтарға жүргізілген талдау бұл пікірдің дұрыстығын дәлелдеді.
Бастауыш сыныптардағы сабақтың негізгі белгісі – ода бірдей екі дидактикалық мақсат алға қойылып, шешіледі: жаңа материалды меңгеру және бұрын өтілген материалды меңгеру және бұрын өтілген материал бойынша сұрау.
Алайда бастауыш сыныптарда сабақтың дидактикалық мақсаты ооқушылар ғылым негіздерінен алғашқы түсінік алатын, өткенс сабақтарда алған білімін жинақтап, оқу ңбегіннің икемділігі мен машығын меңгеретін, үй тапсырмасын орындаудың жоспарын жасайтын, т.б. осындай жоғары сыныптарда жақсы білім алуға берік негіз қалайтын оқу-тәрбие процесмен тоғысады. Програмадағы оқу материаланың көлемі мұғалімге сабақ құрылысын шығармышылыұпен өзгертуге мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарда ең көп атаған түрі аралас сабақ болғанымен оқу процесінде сабақтың басқа түрлерін де пайдалануға болады. Мысалы, ІІІ, ІҮ сыныптарда табиғаттану сабағында мұғалім аралас сабақтың орнына жаңа материалды оқып-үйрену сабағын өткізуіпрактикада жиі кездеседі. Мұндай сабақта мұғалім 20 минуттық әңгіме жасамйды, эвристикалық ізденіс, әңгімелесу, түрлі ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызметін арттырады. Шәкірттердің оқулықпен өз бетінш жұмыс істеулері мұғалімнің жаңа материалды түсіндірумен ұштастырылады.
Мұндай сабақ типінде де, алдыңғыдағыдай, қабылдауға, ұғынуға, байыбына жетуге, есте сақтауға, мұғалімнің ауызша айтқанын тыңдай білугеқолайлы жағдайларды жасаудан бастап, пәндер, құбылыстар, оқиғалар және ойлау операциялары (салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау және жүйелеу) арасындағы себеп-салдар байланыстарын қалыптастырумен аяқталатын оқу икемділіктері дамытылады.
Бастауыш сынып мұғалімдері жұмысында білімді және икемділік пен машықты қалыптастыратын, жүйеге келтіретін бекіту сабағы жиі қолданылады. Кейбір ғалымдар сабақтың бұл түрін, мысалы, М.И.Махмутов, білім, икеділік пен машықты жетілдіру және жүйелеу сабағы деп біледі.
Сабақтың бұл түрін белгілі бір білім негізінде жаттығулар арқылы жалпы және арнайы оқу икемділігі мен машығын бекіту, оладың шығармашылықпен қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланған дұрыс. Мұндай сабақта жаттығулардың бірнеше түрін қолдануға мүмкіндік туады.
Бастауыш сынып мұғалімдері қолданатын сабақтың тағы бір түрі – оқушылар білімін бақылау және бағалау сабағы. Бұл сабақта да дидакткалық мақсат көзделеді. Оқушылар ауызша жауап немесе жазбаша бақылау жұмыстары кезінде бұрын меңгерген білімін қалыптасқан үйреншікті және өзгертілген жағдайда пайдалана алады. Сонымен оқушвлар білімін бақылау және бағалау сабағы білім, икемділік пен машықты іске асыру сабағымен ұштасады. Бұл қорытынды сабақта оқушылардың аталған немесе басқа жалпы оқу икемділіктерін қандай деңгейде меңгергендгі, тапсырма орынлаудың жүйесі, бірізділігі аныөталады. Мұғалім мен оқушылардың өзара осындай бірліктегі іс-әрекеті жалпы оқу икемділіктеімен машықтарын дамытудың келешекте іске асырылуға тиісті деңгейін болжауға мүмкіндік береді.
Тәжірибе жасауға қатысқан бастауыш сыныптардың мұғалімдері сабақтың осындай түрлерін тақырыптық жоспарлауды іске асырудың негізгі жағдайы деп есептейді. Оқу икемділіктері мен машықтары біртұта өтілетін сабақ жоспарын жасауға кіріспес бұрын мұғалім қазіргі сабақ талабын толық меңгеруі тиіс екендігі практика дәлеледеп отыр.
Соңғы кездегі педагогикалық әдебиеттерде қазіргі сабақ талаптарына көп көңіл бөлінген. Дидактикалық әдбиеттер авторлары бұл мәселе жайында түрліше пікір айтады. В.А.Онищук сабаққа қойылатын талапты тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, гигиеналық деп төрт топқа бөледі. Ал, Ю.Б.Зотов [12] сабақтың ұйымдастыру жағына ерекше мән береді де, талаптарды сабақ мазмұнына, оны өткізу техникасына байланысты бөледі.
Жоғарыда аталған еңбектердегі сабақ алдына қойылатын талаптар біздің тарапымыздан тиянақты зерттелді. Мұғалімдер оқу-тәрбие процесі барысында жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттары талаптары басшылыққа алып отарады.
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талап нақты тәрбиелік және білімді мақсаты, сондай-ақ жалпы оқу икемділігі мен машығын дамытуға байланысты сабақ құрылысын анықтау ісінде иімді әдістер мен тәсілдерді белгілей білуді, оқуды өмірмен байланыстыру, жүйелілік пен бірізділік, түсініктілік, саналылық, белсенділік сияқты сабақ өткізудің ғылыми принциптерін мүлтіксіз сақтауды, мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өө бетімен жұмыс істеулерін, сөз, көрнекілік пен практик, әдістер мен тәсілдердің тиімді жағын қарастырып, оқытудың сабақ және сабақтан тыс кезіндегі формаларын біріктіруді көздейді.
Сабақтың психологиялық талабына мыналар жатады: оқушының психологиялық, яғни ойлау, есте сақтау, ерік, эмоция, елестету ерекшеліктерін т.б. ескеру. Сондай-ақ мұғалімнің психологиялық көңіл-күйі де сабақ үстінде маңызды роль атқарады,. Оның жарқын жүзі, жайдары күлкісі бала психологиясына шөл даладағы адаға нәр берер бұлақтай, әсер етеді. Мұғалімнің мейірімділігі оның әділ талап қоя білуімен, педагогикалық әдептілігіен ұштасып жатуы керек.
Мұғалім оқушылрадың ақыл-ой және дене еңбегінің гигиенасына көңіл бөлуі тиіс. Жоғарыда аталған тааптарды бір сабақта іске асыру мүмкін емес. Олар бір тақырыпты немесе тарауды өткенде орындалады. Дегенмен, мұғалім әр сабақ кезінде мүмкіндігіне қарай бұл талаптарды орындауға талпынуы қажет. Мұның өзі сабақтың тиімділігін арттырады.
«Оқушы алдындағы басты міндет, - дейді М.И.Махмутов, ғылым негіздерін үйреніп, жаңа ұғымдар мен қызмет әдістерін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптатыру. Бұл үздіксіз процесс оқушыларда бұрын қалыпасқан түсініктер мен тәжірибелер жүйесін негізінде іске асады. Егер бұрын өтілген және меңгерілген білімнің қажеттілігін әрдайым ескертіп отыру, жаңаны қабылдаудың негізі болса, өтілген материалды практикада қолдану арқылы икемділік пен машықтың қалыптасуы оны қоыртындылайды». [11] М.И.Махмутовтың пікірінше, сабақтың негізгі кезеңдері, сабақтың дидактикалық құрылысы оынң методикалық (сыртқы) және логикалық-психологиялық (ішкі) құрылымдары негізінде анықталады, тиянақталады.
Сабақтың сыртқы материалды бөлігі, мтодикалық құрылысы тұрақты болады, бірақ оның элементтерінің саны үнемі өзгеріп отырады. Әрбір оқу пәнінің тек қана өзіне тән ерешеліггі болады. Мысалы, жаттығу, диктант жазу, сөйлем талдау, қазақ тіл сабақтарында кездессе, ауызша есеп, мысалдарды шығару, үлгі бойынша есептеу т.б. математикада ғана кезедеседі.
Сабатың методикалық ішкі құрылымы элементтерінің санын мұғалім сабақтың түрі, оның құрылысы, дидактикалық және жеке мақсатқа байланысты анықтауға тиіс. Ал бұл жұмыс мұғалімнен шығармашылық шеберлікті талап етеді.
Сабақтың дидактикалық және методикалық құрылымы арасындағы байланыс логикалық-психологиялық ішкі құрылымы арқылы жүзеге асады. Ол оқу-танымдық процесті көрсетеді (өткенді пысықтау және жаңа білімді меңгеру). Оның негізі – құбылысты немесе фактіні қабылдау және ұғыну, жаңа білімнің қажеттігіне түсіну, ойлай білу, өтілгенді жүйеге келтіріп жинақтау.
Әсіресе, І, ІІ сыныптарда материалды оқытып, өтілген материалды қайталау үстінде үлгі бойынша жұмыс істеуге үлкен мән беріледі.
Әр сабақтың басты мақсатынң бірі – оқушыынң өз бетімен ойлау қабілетін қалыптасытур. Ол үйренуден өз бетімен оқуға бірте-бірте көшу арқылы жүзеге асады. Ал мұндай нәтижеге жету үшін оқушы алдағы істі жоспарлап, оны өз күшімен орындауы және өзін-өзі бақылауы тиіс.
Әрине, мұғалім бұл іске бамшылық жасайды, оқушыларға нұсқау беріп, әр сабақта жалпы оқу машығын қалыптастыруға бағытталған жаттығуларды жоспарлап отырады. Сондықтан сабақтың дидактикалық құрылысына жалпы оқу икемділіктері мен машықтарының мазмұнын қалай кірістіру, сабақтастыру керектігін арнайы қарастыру қажет.
Бұрын меңгерілген білімді жетілдіру ұғымы, ең алдымен, оқушының өтілген материалды еске түсіруі, оқу материалын меңгеруі, өзін-өзі бақылауды іске асыруы, өткен білімінің жаңа жағдайға байланысын ұғынуы сияқты бөліктерден құралады.
Оқушылар қызметін жетілдіру әдісі деп біз арнайы және жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын дамыту, қалыптастыруды түсінеміз. Сабақтың бұл сатысында ең алдымен мынадай міндеттер қойылады: бұрын өтілген материалдарды жүйелеу, талдау, құрастыру, салыстыру және жинақтау, мұғалімнің сұрағына толық жауап беру, жауап бергенде жоспарды пайдалану, бұрын өтілген оқу материалы бойынша тез бағдар жасай білу, тексті мағыналық бөлімдерге бөлу, оқу мен жазудың нормасын орныдау жолдастарының жұмысын бақылап, оған көмек бере білу.
Жаңа түсінік, ұғымдар мен меңгерудің әреет-әдістерін қалыптастыру сабақтың жалпы дидактикалық құрылысының екінші бөлегі (компоненті) және оның ең басты сатысы болып есептеледі.
Енді осы мкомпоненттің бірінші бөлімі – жаңа түсінік, ұғымды қалыптастырудың мазмұнын қарастырайық. Түсінік, ұғымды қалыптастыру барысындағы ең маңызды, күрелі психологиялық-педагогикалық процесс – жаңа білімді меңгеру. Ол жоғарыда айтылғандай, негізгі үш компоненттен тұрады: 1) оқу матералдарын қабылдау және түсіну, құбылыстар мен заттар арасындағы объективті байланыстарды ұғыну (бұл есте сақтау, сөйлеу мен ойлау тығыз байланысты); 2) таблица, өлеңдерді қайалап бекіту арқылы есте сақтау; 3) жинақтау және жүйелеу (заттар мен құбылыстарды салыстыру, сабақта меңгерілген білімдібір жүйеге келтіру).
Жаңа түсінікті қалыптастыру процесінде оқушының назары, оқутанымдық әрекетке, жаңа оқу материалын меңгеруге бағытталады. Мұның да белгілі заңдылықтары бар. Психологтардың айтуынша, матеиалды жақсы есте сақтау үшін оқушы ол материалмен түрліше жағдайда ең кемінде алты рет кездесуі керек.
Жаңа түсініктерді қалыптастыру процесін оны меңгеруді әрекет-тәсілдерін қалыптасытру мен дамытудан (ол сабақтың дидактикалық компонентінің екінші бөлігі) ажыратып алып қарауға болмайды.
Шын мәнінде, оқушы мұғалімнің сөзін дұрыс түсііп, қабылдауы үшін, оның сөздік қоры мол болуы тиіс, байланыстырып сөйлеу дағдысын меңгеріп, мұғалімнің айтқанын түсініп тыңдай білуі керек.
Осыджан келіп, сабақтың екінші кезеңінде коммуникативтік топтраға жататаны көптеген жалпы оқу икемдііктері мен машықтарын қалыптастыру мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
Бірақ сабақтың бұл кезеңінде тек коммуникативтік икеділіктер дамытылуы қажет деегн түсінік тумайды. Мұнда, ең алдымен, логикалық икемділіктер-салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру қалыптастырып отырадлы. Оқушылрадың ойлау беленділігінң қамтамасыз ету үшн тәжірибеі мұғалімдер оқытудың бұл кезеңінде сабақ желісіне жалпы оқ шеберліктерінің: есте сақтау, жаң білімді меңгеру, мотивация сияқты іскеріктерді кірістіреді: негізгі ойды ажыратып ала білу, оқу материалын бөліктерге бөле білу, оқулықты пайдалана білу, сурет-сызбалармен жұмыс істей алу, тез оқып, жылдам жаза білу, сөдерді, ережелерді есте сақтау, өлеңдерді оқи білу т.б. сиқяты икемлітерге үйретеді.
Сонымен бірге, қорытындылау, жинақтау және жүйелеу – матеиалды жаңғырту мақсатымен қысқаша және толық бейнелеп суреттеп көрсететін тапмысырмалар жүесінорындау арқылы жүзеге асады.
Сабақтың басқа кезеңлеріне ақаоағанда мұнда төендегідей ғөптеген икеділікер ққаытастырылып, дамыталады: заттар мен құбылыстарды салытыру және олардың ұқсасығы мен ерешкелігін ауызша баяндап беру, диалог, монологг сөздерді меңгеру, жоспар бойынша жауап беру, оқу материалының негізгі сздерді табу, сутер бойынша диалог түрінде әңгіме құрастыру, өз жұмысн бақылау, себеп-салдар байдагысысн табу, тексті тұтас және бөліктерге бөліп мазсмұдау, есептер шығану жолдарын айта білу, тексті көмекші материалды пайдадалун арқылы баяндай білу т.б.
Сабақтың үшінші кезеңінде бекіту мен қайталау негізінде меңгерілген білміді қоддану арқылы арнайы жне жалпы оқ икемділыктер і мен машықтары қалыртасады.
Бұл жұмысты жүзегге асыруға оуқшылар ебегі сипатында өзі-ақ жағдай дасадй.ы Мұғалім оқушыладың ақыл-ой өрісін дамуты мақсатынла сабақта арнайы дайындаоған тапсырмалар, оларға өщ ибетімен орындату арқылы материалды беукітіп, мәселенің түйінді, өзекті жақтарын меңгеріге оқушылады қатыстырады. Осыған байланысты алгоритм, жаднама, үлгі бойынша және оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге үйрететін үй тапсырмасын орынлау барысында іс-әреке жүйеллегін анықтайтын, өз жұмысына баға бере біліуге , жазба жұмысатрының түрлерін (текстен көшіру, шығарма мазмұндама, тиктант т.б.) меңгер, өз жұмысын жоспарлай білу сияқты оқушыларды оқушыларды тияақтылыққа баулитын жұыстар негізінде қолайлымүмкіндік туады. Оған қоса сабақтың осы кещзеңінде оқушылардың білімінің бір бөлігін қалай меңгергендіктерін, арнайы жіне жалпы оқу икемділіктері мен ашықтарынның қандай деңгейде қалыптастқандығының ұорытындысы шығарылады. Мұнда бәрінен бұрын логикалық икемділік, әсіресе, бір ізді сұрақтар тізбегіне («Бізге не берілді?», «Бізге не керек?», «Біз нені үйрендік?», «Неге үйрендік?», «Алдағы уақытта нені қолдануға болады?») талдай жасай білу икемділігі қалыпасады. Сонымен қатар сұраққа дәл де қысқа жауап беру, өзінің және жолдастыраның жұмысыны бағалау, жауап бергенде қосымша материалдарды пайдадалун, өз назарын омсы мәселенің түйінді, негізіг жағына аудару, жоспа құра білу т.б. қамтылады.
Үй тапсырмасы сабақтың дидакткалық қрылысының тұрақты компоненті бола бермейді. Оның негізгі мақсаты – оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, шығармашылық ойлауын онан әрі дамыту. Сонлықтан оны метл\одикалықь құрылымның жеке элементі деп қарстырамыз. Мұндағы ең басты кемшік – мұғалім кітап бетін, есеп нөмірін, өай парграф екенін ғана айтады да \, орындалатын жұыстың сипатын қандай ееніне, тапсырма белгілі бір жйеліліктің жалғасы ма, ілде әйтеуір берілетіг тапсырмалар ма, ған мән бере бермейді.
Кейбір мұғалімдер үй тапсырмасын оқушыны сабақтағы жеткіліксіз жұымысн толықтыру әдісі деп қарайды. Ал мұндай көзұарас саақты мәнн төмендетеді, әрі оқушы еңегін ауырлатады. Бұл кемшіліктеріде болармау жолында оқушылоардың жалпы оқу имкемлділіг мен машығын дамытудың мән зор. Үй тапсырмасын берген кезде, логкалық икемділіктерді талдау, жинақтау, саоыстыру, қорытындылау, негізін таба білу т.б. қлыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Оқу – ұйымдастыру икемділіктері бойынша оқушыларды сапалы блім алу үшін өзіне тиімді жағдайлар (жұмысқа ынталы кірісу, оқу құралдарын дұрыс пайдлалау, еңбек түрін ауыстырып оыру т.б.) жасауға, белгілі жоспар бойынша тиянақты жұмыс істеуге, үй тапсырасын орындаған кезде қимыл-әрекет бір ізділігін анықтай білуге үйрету керек.
Коммуникативтік жәе информацуиялық икемділіктер саласы бойынша оқушылрады қойылған сұраққа нақты, қысқа жауап беруге, оқулық, сөздік және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге, тексті жүйелі мазмұндап, себеп-салдар байланыстарын таба білуге, жазба жұмыстарының жаңа түрлерін меңгеруге үреткен жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет