2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ИКЕМДІЛІГІ МЕН МАШЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1. Оқу еңбегін ұйымдастыру кезінде икемділіктер мен машықтарды қалыптастыру.
Семинарда, методикалық бірлестіктер жиналысында, сабаққа талдау жасаған кезде шәкірттерде жалпы оқу икемділіктерін тез қалыптастыруға мүмкіндік беретін жайттарды анықтадық. Біздің пікірімізше, мұғалімнің бұл жүйені меңгеруі үшін оқушыларды оқу еңбегін қажетсінуге тәрбиелеп, оқыу принциптерін, әсіресе, оқушылар қызметі мен педагогикалық басшылық бірлігі принципін әрдайым сақтап отыруы шарт.
Жалпы оқу икемдіділіктері мен машықтарының қалыптасуына әсер ететін жағдайларға қықша тоқталып өтейік. Мұнда ең бастыыс – мұғалімнің жек басынығң үлгісі. Өйткені, ұстаз өз шәкірттерін білімге ғана баурап қоймай, оларға өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киінуі, сөйлеуі жағынан да ықпал етуге тиіс. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын мұғалімнің дан дүниесі тарқады. Ола өз ұстаздарына еліктейді, үлкендерге еліктеу- бала мінезінің қалыптасуына әсер ететін ең басты күш.
Жалпы оқу икемділіктері мен ашықтарын қалыптастыру ісінде нәтижеге жеьудің бір жолы – оқушылрадың оқу еңбегін қажет етуі және соған олады дайындау. Ал бұл қажеттілік олардың физиологиялық және психологиялық дамуының басты белгісі болып табылады. Оған тән қасиет – айнала қоршаған дүниеден әсер алу, білсем деген ұмтылыс. Бастауыш сынып оқушыларның осындай психологиялық ерекшеліктері жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеруге қолайлы жағдай туғызады.
Мұғалім бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескеріп, оларда оқу еңбегіне деген тұрақты ынтаны қалыптастыратын тәсілдер мен жолдарды табуы тиіс. Ол үшін ең алдымен оқушыларға оқу еңбегін тиімді пайдаланудың практикалық мәнін түсіндіруі керек.
Біз басшылыққа алған екінші бағыт – оқу құралдар мен оқу материалдарын пайдалану әдістерін жетілдіру. Қазіргі оқулықтардың мазмұны баланың құбылыстарды теориялық тұрғыда ұғына білуіне, жекелеген психологиялық қызмете (есте сақтау, ойлау, елестету, қабылдау т.б.) жаттықтыратын әңгіме, ереже, жаттығулардан құралған. Алайда оқулықтар мен оқу құралдарында оқушылардың жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеруіне бағыттайтын материалдар аз.
Тәжірибе жұмысы кезінде мұғалімдер оқу материалдарын кеңінен пайдаланып, шәкірттерді оқуға үйрететін әдіс-тәсілдерге үлкен мән берді. Мысалы, ІІІ сынып мұғалімі Р.Сакенова сабақ үстінде оқушылардың жалып оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыруға, атап айтқанда, сұраққа жауап беру, мәтінді бөліктрге бөлу, әңгіменің мазмұнын баядай білу, оқулықты пайдалану, мәнерлеп оқу т.б. икемділіктерді меңгеруге көп көңіл бөлді.
Мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері әдетте жеке жоспадың үш түрін жартыжылдық, календарлық, тақырыптық және сабақ жопарларын пайдаланады. Олардың қай-қайсысы болсын, ғылымилық, жүйелілігі, дәлділік және перспективалық принциптерге негізделіп жасалады.
Оқу жылы басталар алдында мұғалім оқу материалын бағдарлама бойынша жеке тақырыптарға бөліп, ерзімін белгілейді. Алайда, жарты жылға арналған календарлық жоспардың бір латын сабақ түрлерін және оқыу әістері мен тәсілдерін оған кірістіруге болмайды. Сондай-ақ календарлық жоспарда оқушыларға жалпы оқу икемділіктері мен машықтарының қай сабақта және қашан, қандай жүйеде берілетінін белгілеу де мүмкін болмайды.
Жоспарлауға кіріспес бұрын мұғалім сабақта іске асатын жұмыстың мазмұны мен құрылысын, мұғалім мен оқушы қызметінің бір ізділігін жүйелейді. Әр сабақтың және өтілетін тақырыптың жалпы мақсаты мен міндетін, көлемін, сабақ түрлерін, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстарын дидактикалық құралдар мен үй тапсырмасынң мөлшерін анықтай түседі. Осы аталған белгілер тақырыптық жоспарлау үлгісін жасаудың негізін құрайды.
Тақырыптың жоспарын болуы және қазіргі сабаққа қойылатын талап пен сабақтыың дидактикалық құрылысын методикалық, логиекалық-психологиялық ішкі құрылымын көз алдына анық елестетуі мұғалімге сабақтың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді, жаңа оқу материалын баяндаудың желісін еркін өзгертуге, оқу материалының түсінікті болуын қамтамаыз етуге, сабқтың құрылымдың бөлшектеріне қарайғы мұғалім ен оқушы іс әрекетін, әсіресе жалпы оқу икемділіктері мен қатар тақырыптық жоспарды пайдалану арқылы оқушылар алдына қойылатын мақсат-міндеттерді жеңілдетуге немесе күрделендіру түсуге болады. Мысалы, оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу, оқу мәтінін мазмұынана қарай бөлу, ат қою, тапсырманы жаднанама, ескертпе көмегімен орындау т.б. Мысалға аралас сабақтың мына жоспарын келтірейік:
І. Тақырып: Есімдік, 1, 2, 3 – жақ есімдіктері.
Сабақтың мақсаты. (жалпы білім бру, тәриелеу, дамыту) оқушыларды есімдіктің қолданылу ерекшелігімен таныстыру. Соынмен бірге оқушылрады сұраққа жазбаша жауап беру, қорытынды жасау, кітаппен жұмыс істеу, байланыстыра сөйлеу, өзін-өзі жәеөзара бақылау, тексеру сияқты икемділіктерге баулу.
Сабақ типі – аралас сабақ.
Әдістер: оқытудың ауызша және түрлі әдіс-тәсілдерін (оқулықпен, таблицамен, өздігімен, суретпен істелетін жұмыстар) пайдалану.
Сабақтың құрал-жабдфқтары: суреттер, «Есімдітер» кестесі, түсті бор, тақта.
2. Сабақтың барысы.
2.1. Өткен материалды қайталау (зат есім, сан есім, сын есім). Жаңа материалды түсіндіру.
Қосымша мақсаты: тез әрі байланыстырып жазу икемділігіне жаттығу. Байланыстыра сөйлеуді дамыту.
2.2. Сөздік жұмысы: күрделі сын есмідерді дұрыс жазу икемділігіне жаттығу. Түрлі түсті суреттерді көрсету арқылы ойлаған сөздерін вариант бойынша оқушылраға жаздырту: сан есідердің –ыншы, -інші жұрнақатыррыңғ жазылуын жаттықтыру.
І вариант ІІ вариант
қара ала қою қара
Оқушылар бірін-бірі тексереді. (мақсат: өзара бақылау, тексеру икемділігіне жатыықтыру)...
Оқушылардың білімін бағалау.
3. Сабақтың тақырыбын жариялау.
3.1. Жаңа ұғымды және іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру.
3.2. Сөз табының бірі – есімдікпен таныстыру. Оқушыларға тапсырма:
- Қай автордың кітабын жақсы көретіндердіңді жазыңдар.
- Ана тілі сабағында бұл автордың қай әңгімесін оқыдыңдар?
- Өз жолдастарының арнап бірнеше сұрақ жазыңдар.
- Сен деген сөздің орнына қай уақытта сіз деп атаймыз?
Бұл қойылған сұрақ-жауапарда «есімдік» деген ұғыммен таныстыру мақсаты қойылады. Сонымен қатар мұғалім сөзін тыңдау білу және сұраққа ауызша, жазбаша жауап беру икемділігін қалыптастыру сияқты жанама мақсаттар да ескеріледі.
Дәптерге мына тексті жазу: ерте кезде адам жабайы жануарларды қолға үйретті. Адам жануарларды өзіне қызмет еткізді (басқа да зат есім, сын есім сөздерді алмастыру үшін мысалдар жазылады). Мұғалім:
Қайталау болмас үшін екінші сөйлемдегі «адам» деген сөзді қандай сөзбен ауыстыруға болады (қосымша мақсат салыстыруға үйрету. Мысалдардың бірі осылайша салыстырылады).
3.3. Сөйлемдерді мен, біз, сен, сіз, ол, олар сияқты сөздерді теріп алыңдар. Олар қандай сөздер: «ол» сөзі ше?
- Қай сөз табы орнына қолданып тұр? Жауап: «ол» есімдігін зат есім – «адам» сөзі орнына қолдандық.
Ереже: Есімдік – сөз табы, ол затты атамайды, зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалады. (Сөйтіп, оқушылар жаңа білімнің белгілі бір бөлігін меңгеріп, қорытынды жасауға үйренеді).
1, 2, 3-жақ есімдіктерімен таныстыру.
– Мұғалім әңгіесі: Есімдіктер үш жақта айтылады, жекелеген, көпше түрі болады.
Тақтаға былай жазылады:
Жекеше Көпше
1-жақ – Мен Біз
2-жақ – Сен (сіз) Сендер (сіздер)
3-жақ – Ол Олар
Әңгіме.
1-жақ есімдіктері әңгіменің өзі туралы айыилғандығын көрсетеді, оны мен деп атаймыз; үш жақтағы есімдіктерждің мазмұны сипатталады.
4. Өз бетімен істелетін жұмыс.
Тақтадағы таблица дәптерге көшіріп жазылады. Орныдалған жұмыс өзара тексеріледі. Мұғалімнің көмегімен қоыртынды жасалып ереже оқылады.
4.1. Қолдану. Жаттығуды орындау. Өзара тексеру.
Творчестволық жұмыс. «Мдеу мұз айдынында» тақырыбына арналған сурет бойынша есімдіктерді қолданып, сөйлем құрау.
4.2. Сабақты қоыртындылау. Мына сұрақтарға жауап алу:
а) қай сөз табымен таныстық?
ә) 1, 2, 3 – жақ есімдіктерін атаңыз
б) есімдіктердің зат есімдерден айырмашылығы қандай?
Сабақтың бұл кезеңінде байоаныстырып сөйлеу, логикалық тұжырым, қорытынжы жасау, салыстыру, таодау сияқты икемділіктер қалыптастырылады.
5. Үйге тапсырма. 342-жаттығу. Есімдіктерді таблицаға түсіру. Ережені оқу.
Сабақты жоспарлау және оны жүзеге асыру кезінде мұғалімдер сабақты өткізуге, оны методикалық жағынан толықтыруға ерекше мән береді.
Біз зерттеу жұмысының барысында оқушылрадың жалпы оқу икемділіктері мен машықтаиын қалыптастыру үшін алдмен мұғадімдердің өздері бұл мәселені толық меңгеріп, оындау үлгісін көрсетуге лаяр болу керектігіне көз жеткіздік. Осы мақсатта бастауыш сыныптарда әрбір пән бойынша программада жүзеге асырылуға тиісті ескертпелер жіне оны қалыптамтыру мен дамыту жолдарына арналған нұсқау материал дайыдалды. Мысалы, оушыларды мұғалімнің айтқанын жолдастарының жауабын, өркем әдебиет және ғылыми-көпшілік әдебиет текстерін, радио-хабарды т.б. тыңдай білуге үйрету үшін мұғалімге бұл икемділіктің негізі – зейін екені түсіндіретін нұсқау материал ұсынылады. эПсихологтардың айтуынша, зейін дегенміз ақыл-й процесінң бағыты, тұрақталуын қамтамасыз ететтін адамның ішкі белсенділігі. Зейіннің екі түрі болады. ерікті және еріксіз. Мұғалім алдында І-ІҮ сынып оқушыларының «тыңдайтын боланы! Деген мақсат қойылған ерікі зейінін қалыптастыру міндеті тұрады. Ерікті зейін қиындықты жеңе білуге бағытталған ерік күшін қажет етеді. Соныме қатар, мұғалім бала зейін мен еркіні күшін, тұрақтылығын дамытуға көңіл бөлуге тиісті. Бала еркін қалыптастыру жеңіл жұмыстан ауырға қарайтындығы баланың көңіл күйіне, оқуға деген ынтасына байланысты қалыптасады. Сөйтіп, оқушы мен ұстаздың бірлескен қызметі арқасында тыңдау процесі нәтижелі болады.
Әсерлі де тартымды өткізлген сабақ оқушлардың зейініінеріксіз баурап алады.
Оқушыладың ақыл-ой белсенділігінің жеткілікіздігі – оладың сабаққа зейін қоймауының негізгі себептерінің бірі. Осыған байланысты әрбір оқушылармен жеке жұмыс жаау мәселесі туынлайды. Мұғалім лқушылаодың сабақты тыңдай білу икемділігін жаттықтыру жұмысын бастамастан бұрын, оладың жұмыс ісиеу қабілетіне қарай үш топқа бөлінетіндігін есте сақтауы тиіс. Бірінші топқа зейіні тұрақты, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын, екінші топқ жұмыс істеу қабеліті орташа, үшінші топқа зейіні тұрақсыз оқушылар жатады, соңғылардың саны аз, беленділігі де төмен. Сонлықтан үшінші топтқғаы оқушыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Мұғалім мына жайларды білуі тиіс:
жаңа материалды іріктеу үстінде алдымн оқушылоадың өткен материал бойынша білм-біліктері ескерілуі жіне жаңа сабақы тыңдау үстінде ойлау белсенділігін арттыру мақсатымен олардың өмір тәжірибесініғң деңгейі негізге алынуы тиіс;
әңгімені оқушылрадың жасына қарайғы ерекшеліктерін ескере отырып қрып, түсінікті етіп баянлау керек. Қайталау, дауыс ырғағын келтіре оқу, тақтаға жазу арқылы негізгі ойды нақтылай түсу қажет.;
оқушылардың оқу материалын қабылдау белсендігіні арттыру үшін мұғалім тіл байлығын пайдаланып, кейбір жайлардың ерекшелігін дауыс ырғағы арқылы білдіргені жөн;
тұрақты зйінді қалыптастыру жолында пысықтау үлкен оль атқарады. Қайткен күнд де оқушылраға «сылбыр» жұмыс істеуге мүмкіндік еруге болмайды;
оқушылар зейін бір объектіден екіншіге немесе бірнеше объектіге аудара ілу өажет. Мысалы, садарды І-ден 20-ға дейін, содан соң кері тәртіппен жаздырту.
Мұғалім жалпы оқу икемділіктері мен машықтарның практикалық мәні туралы және оның әрдайымғы қажеттіліг жайында айтады. Тәжірибе барысында проблемалық-ізденіс методын жүйелі түрде қолдану оқу материалының мазмұнына, мұғалмнің жеке басына, оның қабілетіне, оқушылады ынталандыра білуіне байланысты екендігі анықталды.
Осыған мысал ретінде мұғлім Ф.Аманжолованың «Жалқы және жалпы зат есімдері» өтуг аналған сабағын алайық. Онда оқушылар тек қана арнайы оқу икемділіктері мен ашыұтарын емес (жалқы есімдерідің бас әріппен жазылатындығы), жапы оқу икемділіктері мен машықтарына (хат жаза білу, конвер сыртына адрес жазу, логикалық қорытынды жасай білуі т.б.) үйретеді. Мұғалідердің көбі алдымен жаңа таырыпты өтіп, содан соң қайалау, сұрау, жаңа білімді бекітуді қолданып жүр.
А.Н.Леонтьев, Г.И.Щукина, Н.Ф.Талызиналардың (ісәрекеттік идеялары), А.В.Мудрин (қарым-қатынас идеялары) еңбектерін басмшылыққа ала отырып, бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегн бағалау моделін төмендегідей компоненттер: мақсатты-мотивациялық, мазмұндық-операционалдық, мінез-құлықтық тәжірибелік бірліктер құрайтынын анықтадық.
Мақсатты-мотивациялық компоненттің мәні пәндерге деген қыығушылғы артып, жаңалаққы саналы көзқараспен қарауы, оқу-іс әрекеттерінің маңызды құбылыстарны түсінуі, тануы, ұғынуы қалыптасады.
Мазмұндық-операциялық компоненттің мақсаты оқушылрадың икемділігін ойлау қабілеті, дамыта отырып, іс-жүзінде түсінуге бағытталады.
Мінез-құлықтық тәжірибелік-ізденімпадық қабілеттерін жетілдіре отырып, білім мен дағдыларын дамыту (кесте) көрсетілген.
Кесте 1. Мұғалімдер еңбегін бағалау моеделі
Компоненттер
|
Өлшемдері
|
Көрсеткіштері
|
|
Бастауыш сынып оқылатын пәндер бойынша терең де жан-жақты білімі бар, бағдарламадан ғылым түрлері бойынша арнаулы, әдістемелік әдебиеттерді еркін меңгеруі;
Сабақты бар ынтасы сала оқытады, оқу матералын жақсы білуі; Оқушыларға талап қоюдың, оларен қарым-қатынас жасаудың шектен тыс шықпайтынын түсінуі.
|
Бастауыш сыныпта оқылатын пәндер бойынша білім алуы; Өз жұмысында жаңаны сезіне білуі . Оқу жұмысын жоспарлай білу; . Педагогикалық әдептілік
|
|
Оқушылрадың оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру үшін әр оқушылмен жұмыс жасап, икемділіктер мен машықтарды мақсатқа сай, табандылықпен қалыптастырады.
Оқытудың форасы мен тәсілдерін, мазмұнын дамыту жолында еңбектенеді, оқушыларды материалды салыстырып, талдап жинақтап, қоыртынды жасай білуге үйретеді.
|
Оқшылардың оқу еңбегі икемділігін дамытып отыру
9. Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту; оқушылрадың оқу еңбегі икемділіг дамтытып отыруы;
Оқкшвлардың ойлау ьелсенділігі дамытуы
|
|
Оқшылардың оқу еңбегі икемділігін дамытып отыру
Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту, оқушылардың білім, кемділіг мен машығын бағалауы;
|
Оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін пайдалануы;
Баға
|
2.2. Оқу икемділіктері мен смашықтарын кезең бойынша қалыпттастыру әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |