Болжам қолайлы. Жатырдың қалыпты жағдайында және малджы дұрыс ұстап, азықтандырғанда сары дене кері дамуға шалдығады, жыныс циклдары мен оның ырғақтары қалыптасады. Алайда бедеулік шаруашылық жоспарын бұзады, сол себептен түрлі емдік шаралар қажет.
Емі. Персистентті сары денелер кезінде ең алдымен ималды ұстау кезіндегі ақаулықтарды жояды. Аналықтардың күйттеуші-бұқалармен араласып жүргені, инсоляция пайдалы. Эндометритте осы ауруды қарқынды емдеу сары дененің кері дамуын жылдамдатады. Ішіне 15 мл ихтиол мен скипидар қоспасын тең мөлшерде енгізу жақсы нәтиже береді.
Бірқатар авторлар Ғ2 альфа (эстрофан, эстуфалон т.б.), гонодотропинмен қиылыстырылған прогестерон, ББҚС енгізуді ұсынады. Бқл препараттарды нұсқамаларын қатаң ұстана отырып қолдану керек. Тері астына овариолизат егу жақсы нәтиже береді. М.П.Тушновтың ловариолизатын бір мәрте 20-30 мл енгізгеннен кейін 15-18 күннен соң персистентті сары дене әрдайым дерлік кері дамуға шалдығады да малдың жыныс циклдары қөалыпқа келеді. Овариолизат енгізілуін і күн бойы аналық безін 3-4 рет массаждаумен (сеанс ұзақтығы 3-5 минут) қиылыстыру жыныс циклы қалыптасуын жылдамдатады. Новакаин терапиясы да сары дене таралуына смептігін тигізеді. Сары дене энуклеациясы оның қанталаумен, оофаритпен және периоофаритпен асқынуына орай мүмкін емес. Дәл осылай сары денені пункция инесімен бұзу жайында да айтуға итермелейді: мұндай операциядан соң көбіне (50%) жыныс циклдары қалпына келмейді
Аналық безі сары денелерінің энуклеациясы Кей мамандар бұл операция көрсеткіші ретінде персистентті сары дене болуын, сондай-ақ жасанды іш тастау қажеттігін, ем қонбайтын эндометриттерді, кейде жыныс аппараты қызметін ынталандыру керектігін атайды. Егер малды пиометритте, жақын органдармен аналық безінің жабысуында операцияға жүгіндірсе ол қан кетуінен өлуі мүмкін. Сары дене энуклеациясы салдарының ауыр болатынын арнайы жүргізілген зерттеулер де көрсетеді. Сондықтан оны сары дененің беткейлік орнығуында болымсыз шара ретіңнде ғана орындау керек.
Сиырды жақсылап байлап, тік ішегін құрамынан босатады. Ішектің краниалды бөлігінде қолмен аналық безін бас және сұқ саусақ арасына бекітіп ұстайды. Қысым әсерінен соңғысы үзіледі. Қолда үзілген күйінде тағы пальпациялануы керек. Кейде сары денені үзу үшін біршама күш қажет, онда операцияны кейінге қалдырады. Жақсы өткен операция белгілері: 1) үзу сәтінде өзіне тән дыбыс білінуі; 2) қысылған сары дене орынында ойпаң қалуы. Қан ағуын азайту үшін операциядан соң бірнеше минут аналық безі тамырларын қысу ұсынылады. Кейде мал операцияға мазасыздық танытады, энуклеациядан соң жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, сүт өнімділігінің төмендеуі байқалады. Көбіне байқалатын операциядан кейінгі асқынулар – қуысты органдардағы қан ағулары, жіті анемия, дегенмен қуыстық үлкен қан ағуларының өзі айқын клиникалық белгілерсіз өте алады. Әдетте, операция асептикалық оофарит пен периоофарит түріндегі асқынулармен аяқталады.
Қан ұйындылары аналық бездерін жақын орналасқан ұлпалармен жабыстырады; уақыт өткен соң ұйындылары тығыз дәнекер ұлпаға айналып кейде сыртына капсула пайда болып, аналық безінің сыртын қаптап бедеуліктің пайда болуын туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |