Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Флегмонозды вульвит, вестибулит және вагинит



бет109/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   115
акушерство китап

Флегмонозды вульвит, вестибулит және вагинит
(Vulvitis, vestibulius et vaginitis phlegmonosa)
Сыртқы жыныс органдарының флегмонасы зақымдалуынан немесе жыныс науқасының іріңді қабуының шиеленісуінен пайда болады.Кейде үрдіс жыныс органдарының ауыр көлеміне жайылады.
Флегмона бұлшық ет аралығы және кілегей астындағы дәнекер ұлпаның жайылған іріңді инфильтрациясымен, кейде онда бірлік немесе көптілік абсцестердің пайда болуымен сипатталады. Соңғылары қынап кіреберісі және тік ішек аралығында орналасады; олар көлемі жағынан үлкен (2л ірің сиятындай болады) Кейде флегмона бір кілегей астындағы дәнекер ұлпаны қоршайды, кілегей қабатын ыдыратады және некрозға ұшыратады.
Клиникалық белгілері. Қынапта немесе оның кіреберісінде іріңді-ихорозды үзілген ұлпалар қоспалары бар массалар болады. Ұлпалар қатты домбыққан, ауырсынады; кілегейлі қабат гиперемиеленген; оның бүктемелері тегістелген (сглажены) әртүрлі жерлерінде ойықжаралар және гангренозды ыдырау байқалады. Аурудың созылмалы ағымында қынап салынуын тарылтатын күшті тыртық өсінділер және ойықжараланған беткейлердің жабысып өсуі. Биелерде флегмона пиосептицемиямен шиеленіседі.
Болжам. Анасы өміріне қолайлы, бірақ әдетте мал бедеу болып қалады.
Емі. Жақсы нәтиже піскен абсцеттерді жыныс түтік санылауында ашып кейіннен асептикалық ерітінділермен жиі бүрку, тампонациялау және эмульсиямен майларды қолдану береді, антибиотикотерапияда пайдалы.


ЖЫНЫС ФУНКЦИЯСЫН БЕЛСЕНДІРУ


Тақырып: Малдың өсіп-өнуін қарқындату.
Мазмұны: Малдың өсіп-өнуін қарқындату жолдары. Жасанды көп төлдік. Әр түрлі бедеуліктер кезіндегі жыныс органдары қызметін күшейтудің табиғи және жасанды әдістері. Гормондарды, ұлпалық және нейроттроптық препараттарды, простогландиндерді қолдануға болатын немесе қолдануға болмайтын жағдайлар.
Малдың өсіп- өнідің қарқындату жолдары.
Негізгі жолдары бөліп ол малдарды өндіруінің интенсификация саналады. Бұл негізгі проблема әртүрлі жолдармен шешіледі.
Тығыздалған төлдеуді ұйымдастыру – сиырларды, мегежіндерді және басқа аналық малдарды төлдеуден кейін бірінші айда ұрықтандыру. Бұл өндірудің интенсификациясының негізгі жолы және ауылшаруашылық малдардың бедеуліктерінің барлық түрлерінің алдын алу шара болып саналады: бұл бір жылда 100 сиырдан 110-115 бұзау, әрбір мегежіннен 2,5-2,7 рет және 25-30 торай алу, әрбір саулықтар - екі рет төл алу. Тығыздалған туу организмді жақсартады, аналық малдың жасын ұзартады олардың өнімділігін жоғарлатады, өйткені сау күндері жыл ішінде рационалды бөлінеді.
Жас аналықтарды дер кезінде ұрықтандыру
Малдарды көп жыл бойы пайдалану
Табиғи көптолдылық кейбір сиырларда егіз туады
Қолдан жасаған көптөлділік – ерекшелікті гонадотропиндерді (СЖК, КЖК,гравогорлюк) қолдануымен болады.
Аналық малдардың жыныс аппаратының морфологиялық және функционалдық бұзылуы аз төлділік пен бедеулікке әкеледі. Аналық малдың сексуалдық үрдісінің депрессиясы ұзақ уақыт бойы байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда сексуалдық жүйені белсендіру қажеттілігі туады. Белсендіру әдістерінің ішінен бірінші орынға қолдан емес табиғи факторларды қою қажет.
Жыныс аппаратының белсендіру функциясының маңызды әдістеріне: малдарды азықтандыру олардың ұстауы мен асырауын жақсарту, айтарлық рациондардың толық құнарлығы азықтарды, витаминдерді, минералды заттарды енгізу, таза қорамен қамтамасыз ету, белсенді серуенді ұйымдастыру және малдарды дұрыс пайдалану, бағу, инголяцияны жатқызу керек. Аналық малдың жыныс аппаратының күшті ерекшелікті белсендіруші болып аталық саналады.
Белсендіруші ретінде жоғары жыныстық потенциалды вазэктомияланған өндірушіні қолданған жақсы. Вазэкомияланған күйіттеушінің аналыққа әсері тек көру, сезу, иіскеу ғана емес, сонымен қатар оның жүйке жүйесіне қосалқы жыныс бездерінің секреттерімен жыныс аппаратының рецепторларын биохимиялық тітіркенуі арқылы болады.
Аталық мал әсерінен күйлеу және күйіт қысқарады, олардың байқалуы күшейеді, овуляция мерзімі тездетіледі, жатыр моторикасы жоғарылайды. Құнажындардың жыныс функциясын күйіттеуші-бұқамен белсендіргенде аналық жыныс бездерінің гормон өндіруші структурасы белсендіріледі, соған орай фолликулдардың ішкі қуысының тэки және гранулезаның қалыңдауымен көрінеді жатырдың кілегей және бұлшық қабаттарының қалыңдығы, аналық түтікшесінің барлық қабығының қалыңдығы, жыныс жолдарының өткізетін эпителий биігінің үлкеюі. Бұл ұрықтануға және өскіннің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Құнажындар және жас мегежіндер аталықтардан бөлек өскен жағдайда шағылыс кезеңі келген кезде олардың жыныс органдары өзінің оптималдық дамуына жетпейді, аналық жыныс бездерінің және жатырдың функционалдық бұзылуы пайда болады. (В.С.Шипилов)
Жиі жақсы нәтиже физиотерапия береді. Аналық жыныс безіне массажды тік ішек арқылы жүргізеді. Тік ішекті нәжістен босатқаннан кейін аналық жыныс безін саусақтармен ұстап, оларды саусақ арасында уқалайды. Қатайған бөлектерін саусақтармен белсенді сипалайды.
Тамырлар компрессиясын А.Ю. Тарасевич әдісі бойынша орындаған жөн. Аналық без жалғамын ондағы тамырлармен қоса саусақ арасында 30 секунд қысады. Компрессияны арасына 1-2 минут салып 3-4 рет қайталайды. Жыныс аппаратының қанмен қамтылуын күшейту үшін қолқа тамырын уақытша компрессиялау орындалады: орытқа денелері астында жеңіл сезілетін қолқаны 4-5 рет арасына 1-2 минут салып 20-30 секунд саусақпен басады. Бұл тәсіл жыныс жүйесін тамырларға механикалық әрекет ету арқылы ынталандырып қана қоймай, жиырлту әсеріне орай жыныс аппаратының жүйке элементеріне де әсерін тигізеді. Қазіргі кезде жыныс функциясын ынталандыру үшін түрлі препараттар ұсынылған: гонадотропиндер (ББҚС, КЖК, гравогармон, хориялды гонадотропин), нейротропты заттар (карбохолин, прозерин, фурамон), ұлпалық ынталағыштар ( бауыр, аталық жыныс бездері, көк бауыр сүзінділері мен сығындылары; цитрирленген қан, уыз) т.б. Алайда түрлі гонадотропиндерді қолдану киста туындауларына әкеліп соғатынын ескеру керек, ал ББҚС пайдаланылуы кезінде анафилаксиялар да мүмкін.
Сиырларды ановуляторлық жыныс циклына күдік туғанда сурфагон енгізу (гонадотропин-риллизинг гормонының синтетикалық аналогы) овуляцияны қамтамасыз етіп ұрықтануды жоғарылатты (Ю.Д.Клинский). Торайларын айырған мегежіндерге 1-2 күннен кейін амнистрон енгізу 97,5 пайыз аналықтарда күйіттеуді тудырған.
Жасанды ынталандырғыштар ішінен ұлпалық препараттарға көбірек көңіл қойған дұрыс. Н.А.Пантюшев пікірінше Ф.П.Филатов әдісі бойынша дайындалған көк бауыр ұлпалық препаратын тері астына 2 мәрте арасына 7 күн салып 5 мл мөлшерінде енгізу саулықтарда жыныс циклының толық құнды қозу сатысын тудырады. Өндіруші қошқарларда бұл препарат жыныс белсенділігін жоғарылатады. Өндірушілердің жыныс функциясын белсендіру үшін ұлпалық препараттармен қатар белсенді серуен(бұқа үшін 5 км., қабан үшін 3 км.), массаж қолданған жақсы нәтиже береді. Ұманы, аталық бездерін, ен сағағын, ен бауын алдын ала бөлме температурасындағы сумен жуып бұқа мен қошқарды 5-10 минут бойы массаждайды, қабандарда 1 минут массаждайды. Массажды бұқада шағылысқан 5 минут бұрын, қошқар мен қабанда 30-60 минут бұрын орындайды. Д.Д.Логвинов аталық жыныс бездерінен басқа ірі жануарларда қосалқы бездер мен жыныс-несеп жолының жамбас бөлігін де 15 күн бойы 5 минуттан массаждауды ұсынады. Массажды жұмсақ қолғапта орындаған дұрыс.
Жыныс органдарындағы қабынулар кезінде массаж жасауға болмайды.
Қозу сатысындағы аналық айтарлықтай ынталағыш аналықтың қатысуы әсер береді. Кезінде И.И.Иванов ұрық алу кезінде эякуляция тууын 4 ретке ұлғайтатынын, ұзақтығы 1,8 ретке созылатынын, көлемі 2 есеге, мөлшері 12,5 есеге таман көбейетінін атаған. Күнделікті қарау, есту, иіскеу де оң нәтиже береді. Ынталандырғыш-аналықтар ретінде нимфамандарды пайдалануға болады. Иістік тітіркендіргіштерді жыныстық феромондарпайдалануға болады, бұл үшін күйіттегі аналық қынабына мақтаны сулап алады да аталық тұрағы маңына қойып қояды.
Қалыпты азықтандыру мен ұстау жағдайында гонадотропты препараттарды қолдануға болады (арасына апта салып бұқалар мен айғырларға 3-5 мың ХБ, қошқарларға 1,2-1,8 ХБ, қабандарға 5 ХБ/кг 2-3 иньекция ББҚС егеді). Препаратты ішіне 1% ерді түрінде жылы сумен қосып күнделікті түрде 1 айдан асырмай, міндетті түрде жүрек қызметін бақылап беруге болады.
Аналықтар мен өнгдірушілердің жыныс функциясын медикаментозды ынталауды жеке тәртіпте, нақты көрсеткіштер бойынша орындау керек. Оптималды жарықпен қамту, азықтандыру, моцион, қарама қарсы жыныс өкілдерімен мөлшерлі қатынастар жасаудың еш кедергісі жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет