Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Сірі вагинит және вестибулит



бет108/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   115
акушерство китап

Сірі вагинит және вестибулит. Қабыну үрдісі кезінде сірі экссудат ұлпаға көп мөлшерде бөлінеді. Малдың жалпы жағдайы өзгеріссіз қалады: қабынған сірі қабығының бөлігі тырысқан, нүктелі немесе жолақты қан құйылуымен жабылған, бүктемелері тегістелген. Қабыну ошағы және қоршап тұрған ұлпалары диффузды ісінген, ауырсынады, бірақ кейде қатты қысымға мал жауап бермейді. Сірі қабынудың қатты айқын түрінде сарпайдың кілегей қабығында көпіршіктер, эрозийлер және әртүрлі көлемдегі некрозға ұшыраған жерлер пайда болады.
Емі. Вагиниттердің сірі қабыну түрінде жалпы қолданылатын заттар ішінен емдеуге жабысқақ және күйдіргіш ертінділерді (5-10-дық танин; 1:500-1000 аралығындағы калий перманганат) қолдану орынды. Бүркуді майлармен, дезинфекциелейтін тампондармен, сықпалармен алмастыру қажет.
Жіті және созылмалы катаральды вагинит пен вестибулит.
Аурудың жіті ағымы ісіктермен көрінеді, кілегей қабығының беткейі күңгірт, лайлы катаральды экссудатпен жабылған жыныс саңылауынан бөлініп теріде және құйрықта сүрғылт-сары қабыршақтар түрінде кебеді.
Жалқаяқты алған соң кілегейлі қабаттарда жолақты және нүктелі гиперемия байқалады. Созылмалы ағымда кілегейлі қабат тығыз және бозарған күйде болады. Жекелеген орындарда тығыздалған жерлер мен түйіндер сезіледі, олар айна арқылы қарағанда бозғылт түсті төмпешіктер түрінде шығып тұрады.
Болжам. Жіті ағымда қолайлы, созылмалы қабыну көбіне іріңдімен асқынады.
Емі. Жалқаяқты алып тастау үшін 1-2 қос көмір тотықты содамен сулап, қандай да бір асептикалық ерітінді себеді немесе сықпа май, сульфаниламидті препараттары салынған тампон, антибиотиктер, гинекологиялық сықпалар жағады.
Жіті және созылмалы іріңді вагинит пен вестибулит
(Vaginitis et vestibulitis pyrubenta acutca et chronica).
Әдетте сірі немесе катаралды қабыну асқынулары болып табылады; төлдеу немесе шағылыс кезіндегі жарақаттардан болады.
Клиникалық белгілері. Іріңді вестибуловагиниттің қабынудың өзге түрлерінен айырмашылығы көп мөлшерде ақ, сары немесе сарғыш-ақтүсті қан аралас ірің бөлінуі. Сарпай мен қынап кіреберіс қатты домбыққан және ауырсынатын болады. Дефекация және зәр бөлу акттері жануар ыңырсуымен, арқасын қатты бүкірейтеді. Көбіне ауру күйзелу, дене температурасы жоғарылауы, сиырларда гипогалактия түріндегі организмнің жалпы реакциясымен өтеді. Қабынудың созылмалы ағымында кілегейлі қабат ойықжаралануы, жабысулар, структуралар, тіптен қынап бітесіп өсуі байқалады. Кей жағдайларда кіреберіс тарылуына орай қынап қуысында көп мөлшерде іріңді катаралды жалқаяқ жиылып, кеңітеді қынапта тұрып қалған жалқаяқ көбіне ыдырайды да шіріген иіске енеді.
Болжам. Өмірі үшін қолайлы, ұдайы өндіру үшін күмәнді, өйткені үрдіс жатыр мойынына жеңіл өтеді де ұрықтану үшін қолайсыз жағдай тудырады.
Емі. Орта тұз гипертониялық ерітінділерімен және асептикалық ерітінділермен жиі сулайды, ихтиол-глицеринмен, йодглицеринмен, сульфаниламид препараттарымен, қиылысқан антибиотик эмульсияларымен тампондайды, сықпалар енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет