Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет94/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   115
акушерство китап

9.2. Желінсаулар
Желінсаулар. Таралуы. Желінсаулардың этиологиясы мен жіктелуі
Желінсау (сүт бездерінің қабынуы mastitis) - механикалық, термиялық, химиялық факторлар әсірінің натижесінен дамиды.
Желінсау сауын сиырда жылдың қай мезгілінде болмасын кейде тіпті сиыр суалған кезде де кездеседі, әсіресе сиыр төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерінде байқалады.
Себебі: Үрпі соғылуынан, жарақаттанудан, желін тканіне микробтар (стрептококк, стафилококк т.б.) енуден, желіндегі микробтардың ауру жұқтыру қабілетінің күшеюінен, ішек қарын аурулары салдарынан, уланудан, сауын стакандарының лас болуы, желінді лас сумен жуу, сиырды мезгілінде саумау, сауған кезде сүтін сарықпау, сауын аппаратының дұрыс жұмыс істемеуі, вакуум тәртібінің бұзылуы, стакандарды ұзақ ұстау, желінге салқын тігізу, малды дүрыс азықтандырмау, сапасыз азық беру осының бәрі желінсауға әкеп соғады.
А.П.Студенцов желінсауларды, олардың қабыну үрдістеріне байланысты бөледі.
А.П.Студенцов бойынша желінсаулар жіктелуі.
1.Сірі (сулы) желінсау.
2.Катаральды желінсау.
а) Сүт жолдарының және цистернаның катары.
б) Альвеолар катары.
3. Фибриндық желінсау.
4. Ірінді желінсау.
а) ірінді-катаральдық желінсау
б) желіннің абсцессі
в) желіннің флегмонасы
5.Геморрагиялық желінсау
6.Өзіндік желінсау
а) желін аусылы
б) желін актиномикозы
в) желін туберкулезі
желіннің асқынулары:
А. Желін индурациясы
Б. Желін гангренасы
Барлық органдардағыдай желінде қабыну үрдісінің барлық классикалық түрлері дамиды. Бұдан басқа ерекше процесстер дамуы мүмкін. Мысалы, аусыл, туберкулез, актиномикоз және басқада жұқпалы ауру қоздырғыштары әсерінен болатын желінсау түрлері.
Бұл үрдістерді тек желіннің қабынуы ғана деп қарауға болмайды. Осыны ескере отырып А.П.Студенцов оларды айрықша желінсаулар деп атаған.
Желінсаулар үш түрде өтеді: жіті (10 күнге дейін), жітілеу (үш аптаға дейін) және созылмалы (үш аптадан көп)
В.Г.Васильев (1996) желінсауларды себептеріне байланысты жіктеу кезінде, оларды келесі топтарға бөлуді ұсынады.
Туа біткен - желін даму кезіндегі аномалиясы мен кемшілігі. Бұл жағдайда табынды селекциялық жұмыстардың мәліметтері бойынша құрады (желіннің және үрпінің сауын аппаратына сәйкесі).
- Кәрілік жасының ұлғаюына байланысты организмнің және желін резистентілігінің төмендеуі. Сиырлар 15-20 жасар кезінде желінсауға жиі ұшырайды, сондықтан оларды осы кезде табыннан шығару қажет.
- Симптоматикалық - әр түрлі аурулар әсерінен (туберкулез, актиномикоз)болатын. Желінсаудың алдын алу үшін, ауруларды жоюда белсенді шара қолдану керек.
- Алиментарлық азықтандырудағы қате жіберушіліктен. Толық емес рационға витаминдік затар, тұздар жетіспейтін микроэлементтер қосады.
- Ауа райына байланысыты (климаттық) сыртқы ортаның колайсыз факторлары. Мал қораның пайдалану кезінде кемшіліктерін жою.

  • Эксплуатациялық өмалдарды пайдалану ережесінің бұзылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет