Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет35/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115
акушерство китап

Бақылау сұрақтары:
1. Мал шаруашылығы тәжірибесінде аналықтарды табиғи түрде ұрықтандырудың қандай әдістері қолданылады?
2. Әр түрдегі үй жануарлары аталықтары ұрықтарының қандай физиологиялық ерекшеліктері бар?
3. Аталық организмінен тыс жағдайларда ұрықтарға сыртқы орта факторларының әсері қандай (жарық, температура т.с.с)?
4. Өндірушілерден ұрық алудың қандай әдістері бар?
5. Ұрық сапасын бағалау жіктемесінің мәні неде (макро-және микроскопиялық бағалау)?
6. Ұрықты араластыру және сақтау үшін қандай әдістер мен құралдар қолданылады?
7. Аналықтарды қолдан ұрықтандырудың түрлі әдістерінің артықшылықтары мен айырмашылықтары неде?
8. Сиыр, жылқы, шошқа, қой, құс шаруашылықтарында қолдан ұрықтандырудың қандай әдістері қолданылады?
9. Қолдан ұрықтандыру тиімділігіне қандай факторлар әсерін тигізеді?
10. Асыл тұқым кәсіпорындары мен қолдан ұрықтандыру бекеттерінің жұмыс мәні неде?
11. Қолдан ұрықтандыру кезіндегі өндірушілерге ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктері қандай?
3 Тарау. Ұрықтану және өскіндердi трансплантациялау


3.1. Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Жыныс актісімен ұрықтану үрдісі жүзеге асырылады. Бірақ ұрықтану тек аналық клеткамен ұрықтар кездескенде ғана болады. Бұл жағдайға организм тиісті болуы қажет: одан басқа ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарында белсенді қозғалуы үлкен маңызды болып саналады.
Жыныс үрдісінің эволюциясы өзінің көрінісін ұрықтың морфологиясы және физиологиясында тапты, әсіресе ол малдардың ұрықтарының жылжыуының ішкі және сыртқы ұрықтандыруларын салыстыру кезінде айқын байқалды.
Сыртқы ұрықтандыру кезінде ұрықтардың жылжуы айналым бойынша өтеді. Ол ұрықтардың аналық клеткамен кездесуін жеңілдетеді. Керісінше ішкі ұрықтану мал ұрықтарының айналымды жылжуы орынды емес, өйткені оларда ұрықтармен аналық клетка кездесу үшін ұрықтар аналық малдың жыныс жолдарымен аналық клетка жағына ауысуы қажет. Сонымен, сүтқоректі жануарлардың ұрықтарына әдеттегідей болып тураүдемелі жылжу саналады.
Ұрықтардың жылжуы оның құйрығының бүгілуімен және тез арада түзелуімен өтеді, осы қимылдардың нәтижесінде ұрықтар оны қоршап тұрған сұйықтықтан итеріледі. Құйрықтың жиырылуы бір сызықта өтеді. Бірақта ұрықтар басының дөңестіойысты беткейіне байланысты өзінің бойлау білігінің айналысында бұрылады.
Ұрықтардың жылжуы құйрығының соғуының қарапайым итеруі емес, ол күрделі, әрі жұмбақ үрдіс. Әрбір құйрықтың соғуында ұрық басында сұйық жүйесі пайда болады, сол жылжуы пайда болған сүйық қабатына жағалай сырғиды. Ұрық құйрығы олардан өтіп құйындау кезінде жиналған айналу кинетикалық энергия бөлігін алады. Құйындау ұрықтарды алға итереді.
Ұрықтар өте белсенді қозғалады. Бишоп пен Греяның зерттеулері бойынша бұқа ұрығы С температурада құйрығымен секундына  соғу жасайды, әрбір соғуда , мкм жылжиды. Сонымен секундына ұрықтар , мкм, минуттына   мкм, бұл дегеніміз бір минут ішінде ол өзінің ұзындығынан  рет көп қашықтықты өтеді. Кейбір малдардың ұрықтары бұдан да тез жылжиды.
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарында жылжуы реотаксиспен (сұйықтық жүйесіне қарамақарсы жылжу қасиеті) түсіндіріледі. Ұрықтардың реотаксисі экспериментальды жолмен дәлелденген. Үй жануарларының ұрықтану мерзімі әдетте күйлеу феноменімен сәйкес келеді, бұл кезеңде жыныс органдарына аналықтың жыныс аппаратының бездерінің секреті бөлінеді. Жатыр құрамының ағуы қынаптағы ұрықтардың реотаксистік жағдай туғызады, ал эпителийдің түктерімен және перистатикалық жиырылуымен аналық без түтікшелерімен қуылатын сұйық жүйесі сол реотаксистің нәтижесінде ұрықтарды жатырдан аналық без түтікшелерінің жіңішке санылауына бағыттайды.
Бірақ ұрықтардың тез арада аналық без түтікшелеріне түсуін тек бір реотаксиспен түсіндіруге болмайды. Ұрықтардың жатыр мүйізінің жоғарғы бөлігіне аз уақытта жетуі кейбір малдардың шағылыс ерекшеліктеріне (жатыр арқылы ұрықтану) байланысты.
Шағылыс актісі кезінде айғырдың шәуеті қынапқа құйылады және жартылай жатыр мойынын сулайды. Жыныс актісінің ерекшеліктеріне байланысты негізінен алғанда қынаптық топқа жататын биені жатырлық ұрықтану тобына жаткызады, өйткені қосылу уақытында айғырдың жыныс мүшесінің басы қатты ісініп қынап қабырғасына тығыз келеді, сосын поршень принципімен шәуетті қынаптан жатырға итеріп жібереді.
Мегежінде жіңішке қынап шұғыл шекарасыз жатыр мойынына өтеді соған байланысты жыныс мүшесінің штопор тәрізді басы жатыр жолына кіреді және шәует жатырға тікелей ағады. Шәует көп көлемді ( мл) болғандықтан мүйіздердің саңылауын толтырады, сонымен ұрықтар аналық безі түтікшелеріне біршама жақындайды.
Қынаптық тобына жататын малдарда ұрықтар тек қынапқа түседі, кей жағдайда ғана жатыр мойынының сағасына күйіс қайыратын малдардың ұрықтары олардың жыныс актісінің қысқа мерзімдігі, шәует көлемінің аздығы ең бастысы жатыр мойынының кілегей қабығынындағы көлденең бүктемелердің жақсы байқалуынан жатыр қуысына ағылмайды.
Г.В.Сидоркинаның зерттеулері көрсеткендей сиырлар мен құнажындардың қынабына вазэктомия жасаған бұқаның қосалқы жыныс бездерінің секреттерін енгізгенде жатыр моторикасы белсенеді.
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы келесі факторлармен ) ұрықтардың реотаксисімен ) жыныс актісі динамикасымен ) жатырдың жиыруларымен ) аналық без түтікшелері эпителийі түктерінің жылжуымен ) құрсақ қабырғасының қысымымен түсіндіріледі.
Сонымен, ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарында жылжуы ұрықтандыру түрінен, ұрықтардың жылжу белсенділігінен, мойын тітіркінуінен болған жатыр реакциясынан, ұрықтың болуынан және жалпы жыныс актынан немесе қолдан ұрытандыру кезіндегі манипуляцияларға байланысты.
Әрбір сүтқоректі жануарлар ұрықтарының шәует түсу орнынан аналық без түтікшелеріне дейінгі жылжуы  секундттан  сағатқа дейін өтеді.
Саулықтарда ұрықтар аналық без түтікшелеріне , сағаттан (кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша  минуттан кейін) кіреді.
В.Д.Нагаев сиырдың аналық без түтікшелерінде ұрықтарды  сағаттан кейін тапқан, басқа ғалымдардың мәліметтері бойынша ұрықтар аналық без түтікшелеріне , минутте жетеді.
Биелерді ұрықтандырғаннан кейін ұрықтар аналық без түтікшелеріне  минуттан соң жетеді.
Ұрықтардың жылжу шапшаңдығына шағылыс өз әсерін тигізеді. Мегежіндерді табиғи ұрықтандыру кезінде ұрықтар аналық без түтікшелеріне  минуттан соң түседі, ол оларға , сағаттан соң енеді, қолдан ұрықтандыру кезінде ұрықтар аналық без түтікшелеріне  минуттан кейін жетеді, сосын ұрықтандырғаннан кейін , сағаттан соң олардың саңылауында байқалады.
Бұл фактілер малдарды қолдан ұрықтандырудың вазэктомия жасаған аталықпен шағылысқа жіберуді байланыстырып отырғанда жақсы нәтиже беретінін түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет