Ұрықтың мөлшері. Ұрықты анықтағанда шешуші рөлді жыныс актысының динамикасы ойнайды. Қалдан ұрықтандыру кезінде ұрықты қынаптан өтіп жатырға немесе жатыр мүйізіне енгізеді, сондықтан ұрықтарды табиғи ұрықтандыру кезінде қанша түссе, сонша жіберу қажет.
Мысалы, саулықтарда табиғи ұрықтандыру кезінде жатыр мойынына 100-150 млн ұрықтар шамасында түседі, басқаша айтқанда 1/20-1/30 шәует көлемі (М.П.Кузнецов) алады.
Сондықтан саулықтың жатыр мойынына 0,05 мл, ал сиырдың жатыр мойынына 0,5 мл ұрық енгізілуі ұсынылады.
Көп мөлшерлі ұрық әдетте артықшылығы жоқ, ал азайтылған ұрықтану көрсеткішін төмендетеді.
Саулықтарға қынап арқылы ұрықтандыру кезінде 0,1 мл сұйытылмаған, 0,2-0,3 мл сұйытылған, цервикальдық әдісте тиісінше 0,05-0,1 және 0,1-0,15 мл жібереді.
Сиырларға қынап арқылы ұрықтандыру кезінде 1-2 мл сұйытылмаған және 2-3 мл сұйытылған ұрық қолданады, цервикалдық әдісте тиісінше 0,3-0,5 мл және 1-1,5 мл.
Ұрықтандыру нәтижесі ұрықтың белсендігіне байланысты неғұрлым жылжуы белсенді болса, соғұрлым ұрық мөлшерін аз қолдануға болады.
Қазіргі уақытқа дейін бұқа ұрығын барлық сақтау әдістерінде сиырларды ұрықтандыру үшін бір дозада (1 мл) 25 млн. белсенділігі бар ұрықтармен ұрықтандыру ұсынылған. Ұрықтардың концентрациясын 12,5 млн-ға дейін кеміткенде, олардың ұрықтандыру көрсеткіші 11,9-20 пайызға төмендейді (А.В. Поздняков). Сондықтан мемлекеттік ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру станцияның ұсынысы бойынша сұйық азотта тоңазытылған бір дозада 10-15 млн. тура үдемелі жылжымалы бұқа ұрығын (жылжымалығы 3-4 балдан төмен емес) қолданылуы ұсынылды. Бір дозада осындай санды ұрықтардың жіберілуі тек жоғары ұрықтандыру қабілеті бар ұрықтарды қолданғанда болады.
Табиғи жатырлық жолмен ұрықтанатын малдарда ұрық жатыр мүйізінің санылауымен аналық жыныс түтікшелеріне жылжиды. Сондықтан қолдан ұрықтындыру кезінде ұрықтың аз мөлшері оң нәтиже бермейді.
Биелерге 20-40 мл ұрық қолданады.
Мегежіндерді фракциялық әдіспен ұрықтандырғанда ұрықтың дозасын олардың концентрациясына және белсенділігіне байланысты белгілейді. Бұл кезде негізгі аналықтарға бір дозада 3 млрд. және жас мегежіндерге 2 млрд санды жылжымалы ұрықтар болуы тиісті. Фракциялық емес әдісте ұрықтандыру үшін сұйытылған ұрықтар қолданаылады. Мегежіндерді бүкіл одақтық шошқа өсіру институтының әдісімен (ВИЖ) ұрықты мегежіннің 1 кг тірі салмағына 1 мл есептен жыныс жолдарына енгізеді, бірақ жалпы ұрықтың мөлшері 150 мл аспауы керек. Дозада 4-5 млрд-тан кем емес белсенді ұрықтар болуы қажет.
Құстарды 5-7 күнде пипеткалармен немесе арнайы шприцтермен бір рет ұрықтандырады. Аспаптарды сол аналық түтікшеге тереңдігі 4-5-см-ге енгізеді. Белсенділігі 7 балдан төмен емес ұрықты қолданады, тауық пен күрке тауыққа – 0,25-0,03 мл (100 млн-ге жуық тірі ұрықтар), қаздарға – 0,05-0,2 мл (30-50 млн жылжымалы ұрықтар).
Ұрықтандыруды түстен кейін құстар жұмыртқалаған соң жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |