Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет33/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115
акушерство китап

2.8. Малдарды ұрықтандыру
Ұрықтандыру уақыты. Ұрықтандыру уақытын дұрыс таңдау – жоғары ұрықтанудың негізгі бір шарты. Бұл барлық мал түрін әсіресе сиырларды қолдан ұрықтандыру кезіндегі жауапты және күрделі мезгіл ұрықтандыру кезіндегі жауапты және күрделі мезгіл өйткені оларда басқа малдарға қарағанда жыныстық күйіт қысқа және көбіне толық емес жыныс циклдары кездеседі.
Нәтижелі ұрықтануға тек жыныс циклының қозу сатысының барлық феномендері келгенде сенуге болады.
Ұрықтандыруды аналық жыныс клеткасы және ұрықтардың кездесуіне қолайлы жағдай болғанда жүргізу қажет. Сиырларда жыныстық күйіт ылғи күйлеуден кейін, бірақ уақыты бойынша жыныстық қозумен сәйкес бола бермейді. Сондықтан сиырларды тек күйлеу белгілерінің және жыныстық қозудың есебінің негізіне сүйеніп ұрықтандыру аз нәтижелі, өйткені осы жағдайда ұрықтар аналық жыныс клеткалардың шығуын күтпестен өледі.
Жыныс саңылауынан бөліну – күйлеудің үнемі белгісі емес, олар жыныс органдарында қабыну үрдісі кезінде және буаздылықтың 4-5 айларында сиырлардың әдеттегі жағдайында байқалады. Малдың ұрықтануға нақтылы дайындығы болып жыныстық күйіттің және күйлеу белгілері саналады. Осы уақытта ұрықтануға бағытталған барлық процесстер өзінің максимальдық даму денгейіне жетеді. Ұрықты жатырға сорып алуға маңызды рөл атқаратын жатырдың антиперистатикалық жиырылуының едәуір күшеюі байқалады. Бөлінген кілегейдің жоғары бактерицидтік, эластикалық, төменгі жабысқақтығы және қышқыл ортаға ие болуы қасиеті ұрықтардың өмірсүргіштігін жақсартады және олардың жылжуын тездетеді. Жатыр мойыны жолы толығымен ашық, ол ұрықты дұрыс енгізуге ықпал жасайды. Аталған белгілер малдарды тек жыныстық күйіті келген кезде ұрықтандыру қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан күйіті дер кезінде анықтау ұрықтанудың сапасын жоғарлатады.
Табиғи жағдайда аналық малдардың күйітін күйіттеушілер арқылы анықтайды. Кейбір мамандар аналық малдардың күйітін күйіттеушілерсіз де анықтауға болады деген тұжырым айтады. Ондай көзқарас дұрыс емес. Жалпы тек күйітті ғана емес қозуды, күйлеу феномендерін байқауға болады, өйткені күйіт - ерекше феномен (рефлекс), аналықтың аталыққа реакциясы.
Рефлексологиялық әдіс - күйітті анықтайтын нақтылы әдіс.
Кейбір ғалымдар аналық малдардың ұрықтандыру уақытын таңдау үшін жалпы реакциясын оны күйітпен теңестіріп көзбен қарап анықтауды ұсынады. Бірақ күйіт күйлеу феноменінен кешірек келеді. Міне, сондықтан бұл кезде қателіктер жіберіледі, ал қолдан ұрықтандыру орындарына 30%-ға дейін күйіті келмеген сиырларды әкеледі.
Аталық күйіті келген аналықты ерекше иістер (жыныстық феромондар: эпагондар, гонофиондар және гамофиондар) арқылы қабылдап анықтайды. Бұл иістер ешқандай өзге жолдармен қабылданылмайды.
Сиырдың күйтін күйіттеуші арқылы анықтау үшін қолдан ұрықтандыру орыны және сиыр тұратын қора қасында арнайы бөлім бөліп қояды. Оны биік қоршаумен қоршайды. Бұндай орында сиырлардың күйітін және күйіттеуші арқылы олардың жыныс функциясының белсендіруін жылдың қай мезгілінде болмасын жүргізуге болады.
Қамаудағы күйіттеуші бұқаға төлдеуден кейін 4-5 күн өткен (жыныс функциясын белсендіру үшін) және ұрықтандырылған (10-шы күннен 30-шы күніне дейін) сиырларды қосады. Күйіттеуші-бұқаны сиырларға 2 рет таңертең және кешке 1,5-2 сағаттан соң жібереді. Осы кезде малдардың ара қатынастарын бақылайды. Күйіттеушінің аналық малдың арасында көп уақыт болуы, олардың жыныстық рефлекстерін тежейді.
Күйіттеуші басқа күйіті келген аналықтарды табу мақсатында күйіті анықталған сиырды немесе құнажынды табыннан бөліп қоршаудан шығарады.
Кейбір мемлекеттерде маркері бар күйіттеуші-бұқаларды кеңінен қолданады.
Саулықтарда күйіттеуші қошқар ретінде вазэктомия жасалған аталықтар пайдаланылады. Олар тез арада күйітті анықтайды және сенімді болып саналады. Алжапқыш киілген күйіттеуші-қошқарларды қолдану орынсыз, өйткені оларда жыныс рефлекстерінің тежелуі жылдам байқалады және вазэктомия жасалған қошқарларға қарағанда 12-15% күйіті келген саулықтарды кем анықтайды.
Отарға күйіттеушілерді ауыстырып жіберіп отырады. Бұндай күйіттеушілер 18 күн ұрықтандыру маусымда 93-98% саулықтардың күйіттерін анықтайды.
Кейбір шаруашылықтарда күйіттеушілер ретінде жақсы нәтижемен крипторхидті қошқарларды қолданады. Крипторхидті қошқарлар күйіті келген саулықтарды тез арада тауып алып, олардың жыныс функциясын қатты белсендіреді, бұл аналықтардың қолдан ұрықтандыру кезінде ұрықтану көрсеткішін жоғарлатады.
Жас биелердің күйітін күйіттеуші-айғыр арқылы жоспарлық ұрықтандырудың басынан, ал құлыны еміп жүрген биенің күйітін құлындағаннан кейінгі 3-ші күннен жүргізеді.
Х.И. Животковтың зерттеулері бойынша күйіттеуші-айғырлармен қолдан күйіттерін тексеру кезінде биелер соңғыларын жолатпауға тырысады, ал үйірде өздері күйіттеуші-айғырға жақындап шағылысуға барады. Сондықтан ең жақсы әдіс болып, биелердің күйітін операция жасалған айғырлар арқылы анықтау.
Мегежіндердің күйітін басқа малдардағыдай секілді күйіттеуші-қабан арқылы анықтайды. Кейбір мамандар мегежіндердің күйітін анықтау үшін күйттеуші–қабанды мегежіндер тұрған станок арасынан өткізуді ұсынады, бірақ бұл қате. Өйткені бұл уақытта күйіттеуші-қабанға, күйіті келген мегежіндер ғана емес, сонымен қатар басқалары да көңіл аударады.
Ұрықтандыру саны.
Сиырларды күйітін анықтасымен бірден ұрықтандыру қажет. Ұрықтандыруды 10-12 сағатқа кешіктіруге болмайды. Бұл жағдайда айқын ұрықтандыруға және ұрықтануға қолайсыз жағдай туады, өйткені күйіт тоқталады, жатыр мойыны жабылады, жатыр жиырылуы әлсірейді. Ұрықтардың жыныс жолдарымен жылжуы нашарлайды. Осының барлығы аналық малдың ұрықтануын төмендетеді.
Қолдан ұрықтандыру кезінде негізгі фактор болып ұрықтандыру саны емес, ал бірінші ұрықтандыру уақытын дұрыс таңдау болып саналады. Күйіттеуші арқылы күйітін анықтаған сиырды бір рет ұрықтандыру көзбен қарап уақытын анықтау аралығы 10-12 сағаттан кейін екі рет ұрықтандыруға қарағанда тиімділігі жоғары. Сиырдың күйітін вазэктомияланған бұқа арқылы анықтағаннан кейін оны тез арада және бір рет ұрықтандырады. Бұл жағдайда шағылысу нәтижесінде күйіт қысқарады, овуляция тездетіледі, екінші рет ұрықтандыру артық болады.
Егер сиырдың күйітін шағылысқа бармайтын күйіттеуші-бұқамен (жыныс мүшесін бір жаққа бұрған, алжапқыш кигізген) анықтаса, онда күйіті созылады. Сондықтан бірінші ұрықтандырғаннан кейін 10-12 сағаттан соң сиырдың күйітін күйіттеуші-бұқамен тағы бір тексеру қажет. Осы уақытқа дейін көпшілік сиырларда күйіті аяқталады, тек онша көп емес малдарда сақталады. Осындай сиырларды екінші рет ұрықтандыру төлдің шығуын жоғарлатады.
Саулықтардың күйітін белгісі бар вазэктомияланған–күйіттеушілермен екі рет анықтағасын оларды күйітті анықтау жұмысы аяқталғасын қолдан 4-5 сағаттан кейін бір рет ұрықтандырады. Егер әдетте алжапқышы бар күйіттеушілерді қолданып жыныстық күйітін бір рет анықтаса, онда саулықтарды екі рет: бірінші рет – жыныстық күйіті анықталсымен және екінші рет – 24 сағаттан кейін ұрықтандырады.
Е.Ф. Лютовтың мәліметі бойынша жақсы нәтиже саулықтардың күйітін екі рет анықтағанда және екі рет аралығы 12 сағаттан кейін ұрықтандырғанда болады. Қайталандырып ұрықтандырған төлділікті жоғарылатады және әсіресе саулықтардың егіз, үш төл тууына әкеледі.
Саулықтарда қолдан ұрықтандыру ұзақтығы әдетте 15 күн, ал жайылым нашар жағдайда – 25-30 күн. Қолдан ұрықтандыру жұмыстары аяқталғасын ұрықтандырған аналық отарына еркін саулықтармен шағылысу үшін қошқарларды жібереді.
Таңертең күйіті анықталған мегежіндерді бірінші рет кешке, ал кешке анықталғандарды – келесі күннің ертесіне ұрықтандырады. Қайтадан ұрықтандыруды 10-12 сағаттан кейін жүргізу қажет. Жыныстық күйітін бір рет анықтағанда мегежіндерді қолма-қол ұрықтандырады, содан соң 24 сағаттан кейін ұрықтандыруды қайталайды.
А.В. Квасницкий мегежіндердің жыныстық күйітін үш рет анықтауын ұсынады, ал ұрықтануын бір рет: негізгі мегежіндерді – 24 сағаттан соң, жастарды – күйітін басталуынан 30 сағаттан соң. А.В.Квасницкийдің мәліметтері бойынша мегежіндерді бір рет және уақытында ұрықтандыру екі рет әртүрлі варианттармен ұрықтандыруға қарағанда жақсы нәтиже береді.
Биелерді бірінші рет қолдан ұрықтандыруын екінші күнде (кешке) және 48 сағаттан кейін қашқақтауға дейін, ал айқын күйітін белгілері байқалғанда, 24-36 сағаттан (3 реттен көп емес) кейін жүргізеді. Ұрықтандыру саның қысқарту ұрықтарды рациональды пайдалану және ұрықтану пайызын жоғарлату мақсатында биелерді ұрықтандыруын тік ішек арқылы фолликулдары бақылаумен жүргізу қажет.
Х.И. Животков бірінші рет жылқы шаруашылығында тік ішек арқылы фолликулдарды бақылау әдісін қолданып, әрбір 100 үш реттен көп емес ұрықтандырған биелерден 89-93% ұрықтану көрсеткішіне жетті.
Мегежіндерді қандай әдіспен ұрықтандырса да ұрықты қолданудың алдында дене температурасына дейін жылытады. А.Г. Блюзниченко зерттеулері көрсеткендей жатырға енгізген ұрықтардың 40%-ы ұрықтандыру әдісіне байланысты емес жыныс жолдарынан бөлінеді. Бірақ А.В. Квасницкий ұсынған әдістің арқасында жатырдан бөлінген сұйық мөлшері 1,5-2 есе аз сондықтан фракциялық әдісте өндіруші-қабан саны аз мөлшерде қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет