Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет45/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   115
акушерство китап

Плацентарлық бөгет. Төлдің дамуына және буаздылықтың санына плацентаның морфологиялық құрылысы және функциональдық ерекшелісі плацентарлық бөгеттің негізінде жатады және маңызды мағыналы болып келеді.
Плацентарлық бөгеттің түсініктемесі ол плацентаның таңдамалы қасиеті төл және анасы оргаанизмдері арасында бір бірімен зат алмасуын қамтамасыз ететін, осының әсерінен бір қосымшылар бос өтеді, ал басқалары ұсталынып қалады немесе биохимиялық өңдеуден өтеді, содан кейін ғана жаңа жағдайында ұрықтың организміне түседі. Сонымен плацентаның ұлпаларында кейбір пигменттер шоғырланады. Плацента микроорганизмдердің, паразиттердің олардың жұмыртқаларының өтуіне кедергі жасайды, бірақ олардан ешқандай бөгетсіз гормондар кейбір фармацевтикалық препараттар (хинин, салицилқышқыл натрий, хлороформ, эфир, йодты калий, күшәлә, фосфор, метилен көгі, қант) өтеді. Плацента қолайсыз факторларға өте сезімтал. Сонымен, буаз қоянның және мегежіннің организміне Ауески ауруының қоздырғышы - вирус түскеннен кейін бір сағаттан кейін плацентаның функциональдық жағдайын бұзып онда нуклеиндік алмасуының ферменттерінде терең өзгерістер туғызады. Плацентарлық бөгеттің бұзылғанында одан жоғары молекулярлық заттар (молекуларлық салмағы 350-ден жоғары), антигендер, бактериялар және токсоплазмоздар өтуі мүмкін. Қоршаған ортаның экологияның улану қосымшаларымен ластануынан бұзылу салдарынан буаздылықтың ағымына қайшы әсерін тигізетінін ескеру қажет.
С витамині анасынан төлге бос өтеді, витамин А тек плацентада жеткілікті мөлшерде болғанда өтеді. Сонымен плацента витаминдік депоға айналады. Анасының организмінің қанымен жеткізілетін ақзаттар, көмірсулар, майлар плацентада төменгі молекулярлық қосымшаларға ауысады, сосын қайтадан синтезге ұшырап ұрықтың организміне түседі. Ірі қара малда, мегежіндерде, биелерде антиденелер плацентадан өте алмайды. Олар жаңа туған төлге уызбен бірге түседі.
Әр түрлі малдардың буаздылығының ұзақтығы. Аналық малдардың буаздылығының ұзақтығы олардың түр ерекшеліктеріне байланысты болады, сондайақ неғұрлым аналық ұсақ болса, соғұрлым оның буаздық мерзіміннің ұзақтығы қысқа болып келеді. (2-ші кесте). Сонымен бірге буаздық мерзіміне ұрықтың саны, жынысы, аналық малды ұстау, асырау, оның тұқымы, жасы және басқа факторлар әсер етеді. Кей жануарларда (бұлғын, суыр, елік т.б.) буаздылық айтарлықтай ұзақ мерзімге эмбрион дамуы тоқталуымен сипатталатын диаүзіліс есебінен ұзара алады. Диаүзіліс аяқталған соң қағанақтық (плацентарлық) байланыс қалпына келеді де ұрық дамуы аяқталады. Суырда диаүзіліс 2-45 күнге, бұлғында 7 айға созылады. Диаүзілістерді төлдің қалыпты жағдайда дүниеге келуін қамтамасыз ететін физиологиялық механизм ретінде қарастыру керек. Сиырлардың басым көпшілігінде буаздылық 270-290 күнге созылады, мегежіндерде 110-118 күн, биелерде311-350 күнге созылады. Аталық төл дамуы кезінде буаздылық ұзарады. Ерте жетілетін тұқымдарда ірі төл кезінде, егіздер мен үштеп туу барысында буаздылық аздап қысқарады. Жас жауарларда (әсіресе алғаш буаздылықтағы жануарларда) төл тасымалдау кезеңі қайта буаздардан көрі ұзағырақ. Тұқым аралық шағылыстыру және гибридациялау кезінде буаздылық өндірушілердің тұқымы мен жеке ерекшеліктеріне байланысты ұзаруы немесе қысқаруы мүмкін.
2-Кесте. Буаздылықтың орташа ұзақтығы



Малдың түрі

Күні

Малдың түрі

Күні









Бие

340(307-412)

Теңіз шошқасы

()

Есек

380(360-390)

Ақ егеуқұйрық

()

Сиыр

285(240-311)

Ақ тышқан



інген

()

Балық тектес



Саулық, ешкі

()

Жираф



Дала сиырының ұргашысы

()

Кит



Мегежін

()

Піл



Арыстан



Қызыл және ақ түлкі

()

Ит (қаншық)

()

Солтүстік бұғысы

()

Жолбарыс



Борсық

()

Тау ешкісі



Қасқыр



Мысық

 ()

Тиін



үй қояны

()

Қара күзен



Дала қояны

 ()

Дала күзені



Бұлғын

()

Көр тышқан



Аю



Ондатра



Құндыз

()







Туу уақытын анықтау үшін мамандар буаздылық күнтізбесін қолданады. ХХ ғасырдың басында Д.А.Черняеваның күнтізбесі үй малдарының буаздылық ұзақтығының мүмкіншілік ауытқуын есептеген. Бірақ кейінгі жылдары және қазіргі уақытта орташа есеппен қателік болжамдарының санын едәуір көбейтеді. Сонымен мегежіндерде орташа буаздылық мерзімі болып 114 күн саналады. Бірақ осы мерзімде тек 19,4-25,6% мегежіндерде туу процесі басталады, ал қалғандарында ерте немесе кешірек. Сонымен, орташа буаздылық мерзіміне ориентациялау мамандарды дезориентациялайды. Буаздылық барлық физиологиялық процестер секілді уақыты (минимальды және максимальды көрсеткіштері) бойынша ауытқиды. Осылардың негізінде тек болашақ туу үрдісін болжамдауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет