Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет42/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
акушерство китап

Бақылау сұрақтары:
1. Спермиелердің өмір сүру ұзақтығы қанша және олардың аналықтардың жыныс ағзаларында қозғалуы неге байланысты?
2. Фолликулдан бөлінген соң аналық жыныс жасушасының қозғалу жолы қандай?
3. Ұрықтандыру кезеңінің ерекшеліктері неде?
4. Донор-сиырларды таңдап алу және суперовуляцияны ынталандыру принциптері?
5.Реципиент ретінде қандай аналықтар пайдалынады?
6. Донорлардан өскіндерді алып шығу үшін қандай тәсілдер пайдаланылады?
7. Реципиент-аналықтарға өскіндерді дұрыс қайта көшірмелеуді қалай орындау керек?


4 Тарау. Буаздылыҝ


Буаздылық /graviditas/ - аналық малдың буаз болған мерзіміндегі организмнің физиологиялық жағдайы. Ол ұрықтану уақытынан басталады да туумен аяқталады. Мал шаруашылық тәжирибесінде аналық малдың ұрықтанған соңғы күнін буаздылықтың басталуы деп санайды. Егер жатыр мүйізінде сәйкес бір немесе екі ұрық дамыса онда буаздылық бір немесе көп ұрықтылық болады. Буаздылық дамуы жағынан екі түрге бөлінеді. Бірінші - аналық малдың өмірінде бірінші рет буаздылық пайда болса және қайталанатын - егер буаздылық аналық малда қайталанса.
Даму жағынан буаздылық екі түрге бөлінеді:
1/ физиологиялық буаздылық - анасының және ұрықтың организмдерінің әдеттегі қарым-қатынасымен сипатталады.
2/ патологиялық буаздылық - бұл жағдайда анасының немесе өсіп жатқан ұрықтың организмінде физиологиялық процестердің бузылуымен өтеді.
Буаздылық - физиологиялық процесс болып саналады, бірақ ол аналық малдың организмінде бірнеше патологиялық процестермен шектелетін өзгерістерді қамтамасыз етеді, кейде ерекше ауруларды туғызады.
Сонымен қатар бірнеше көріністер буаздылықтың аналық малдың организіміне қолайлы әсер тигізетінін көрсетеді /бірінші рет буаз болған аналық мал денесінің тез жетілуіне жағдай тұғызады/. Буаздылық уақытында ұрық ешқашан аналық малдың организмін әлсіретпейді, өйткені өзі де осы түрге жатады және осы түрдің жалғасы болып саналады.
Әрбір буаздылық мерзіміне сәйкес ұрық анасының организіміне белгілі ерекшеліктерді талап етеді. Мысалы, қанның құрылуына темір және фосфор, сүйек тканіне, көмір қышқылы және фосфорлы-қышқыл кальций тағы басқа элементтерді қажет етеді.
Зерттеулер көрсеткендей, барлық ұрықтың организіміне барған заттар анасының организіміндегі заттармен біртектес болады. Әрбір белоктың минеральдық алмасуының молекуласы ең бірінші анасының тканьдерінде ассимиляцияға ұшырайды, содан кейін ғана ұрықтың организіміне барып түседі.
Сондықтан барлық ұрық элементтері анасының дене элементтерінен құрылған.
Егер бір жағдайға байланысты қорекпен бірге анасының организіміне ұрыққа керек заттар түспесе, онда осы құрамдар анасының организімінің тканьдерінің немесе органдарының азаюы есебінен қанағатталады.
Ұрықтың қажеттілігін қанағаттандыру процессі ұрық және оның анасының организімі арасында қайшылық тудырады. Ішкі қайшылықсыз ұрықтың дамуы мүмкін емес. Осы қайшылықтар ұрықтың өсуін және дамуын қамтамасыз ететін қозғаушы факторлар болады.
Егер ұрық пен анасының аралығында /белгілі шекке дейін/ күшті қайшылық туса, онда тығыз байланыс және олардың терең бір-біріне ықпал жасауы болады.
Буаздылық уақытында қайшылық ұрықтың өзінде, анасының ішінде ұрықпен анасында, анасының және сыртқы ауа аралықтарында туады.
Ұрықтың дамуы мен өсуі оның өмірсүргіштігіне және анасының жағдайына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет