Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Өлген ұрықтың қуылуымен болатын іш тастау (түсік)



бет64/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115
акушерство китап

Өлген ұрықтың қуылуымен болатын іш тастау (түсік). Жиі кездесетін іш тастау соңы. Егер ұрық оның ағзалары мен ұлпалары құрастырылған мезгілде өлсе, организмге бөгде зат ретінде жатыр жағынан күшену тудырып алғашқы үш күн ішінде ұрық көпіршігімен сыртқа қуылып шығарылады. Әдетте жатыр іші асептикалық орта, сондықтан төл ірітіп шірітетін микробтар жоқ кезде өлсе, сонымен бірге жатыр жиырылуы нашар байқалса, онда төл жатыр ішінде 2-3 апта айқын шіру белгілерсіз қала береді.
Төлдің өлуін келесі белгілерге қарап анықтайды:
- төл қимылының байқалмауы;
- сүт бездері ұлғаяды және оларда уыз пайда болады.
Сауылатын малдарда сүт өнімділігі азаяды, сүт сапасы (қайнатқанда іріп кетеді, уыз қасиетіне ие болады) өзгереді.
Түсіктің толық қуылуы - буаздылық үзілуінің ең қолайлы соңы. Зоогигиеналық шараларды сақтағанда әдетте мал тез оңалады, сосын қайтадан буаз болады. Іш тастаудан кейін биені кем дегенде 7-10 күнге дейін жұмысқа салмайды.
Мумиеленген ұрықпен өтетін іш тастау (Mymificatio felus). Жатырдың атониясы кезінде өлген төл оның қуысында кешігіп мумифицирленеді.
Мумификация - төлдің қатып қалуы. Бұл көрініс жатырға ірітіп шірітетін микроорганизмдер енуінен болады. Мумификация көбіне жұқпалы іш тастауларда (бруцеллез, сальмонеллез және басқалары) байқалады.
Мумификация көбіне сиырлар мен саулықтарда сирегірек биелерде анықталады. Мегежіндерде мумификация әдеттегі өскіндердің дамуымен өтеді (толық емес іш тастау).
Мумификация үрдісінде төлдің өлуінен кейін, мүмкін өлмей тұрып ұрық маңы суларының сіңірілуі басталады. Содан кейін төл ұлпалары да сусызданады, олар көлемі жағынан кішірейеді, қатаяды. Мумифицириленген төлдердің беткейі әдетте жылтыр. Егер төлдерде түк өсе бастаса іш тастаудан кейін сақталынып мумифицириленген терімен жақсы ұсталынады.
Ұрық сулары азаюына орай біртіндеп жатыр да жиырлып төлді тығыз қоршайды. Төл қысылып қысқарады, пішінінің өзгереді, сондықтан төл бүкір тәрізді көрінеді.
Диагноз - келесі белгілеріне қарап қояды:
- туу белгісінің жоқтығы немесе буаздылық белгісі дамуының тоқталуы;
- аналықтың әдеттегі жалпы жадайында жыныс циклдарының жоқтығы;
- тік ішек арқылы зерттеу кезінде жатырда жатырмен тартылған қатты дене анықталады;
- бір аналық жыныс безінде жақсы көрінетін сары денені анықтау.
Мумифицириленген төл жатырда кейде жылдап қалуы мүмкін. Әдетте бұндай малдарды бедеу деп танып шығынға жібереді. Мумифицирленген төлдер көбіне жыныс циклының қозу сатысында шығарылады.
Емі. Жатыр мойынын кеңейту үшін (А.Д. Ноздрачев бойынша анестезия немесе сакральды) жатыр ішіне сұйық құю ұсынылады, синестрол, окситоцин немесе питуитрин инъекциялары қолданылады. Мумифицирленген төлді қуу кезінде акушерлік көмек жыныс жолдарын кілегейлі заттармен, сабынды сумен сулаудан және жатыр ішіне жатыр қабырғасы жағынан төлге қысымды азайту үшін сұйықтық құюдан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет