Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Мацерацияланған ұрықпен өтетін іш тастау



бет65/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115
акушерство китап

Мацерацияланған ұрықпен өтетін іш тастау (aceratio felus) Ұрықтың мацерациясы жатырда оның ұлпаларының босаңсуымен және сұйылуымен сипатталады. Көбіне мегежіндерде, сиырларда сирегірек биелерде байқалады. Көп жағдайда төл өлуі ірітетін микроорганизмдер болмауында жатырдың катаральды немесе іріңді-катаральды қабынуы кезінде өтеді. Кейде жатырдың қабынуы біріншілікті болады ол төлдің өлуімен және оның ұлпаларының мацерациялануымен сипатиталады. Мацерация ферментативті үрдіске жатады. Ұлпалар еруі ұрық қабықтарынан немесе ас қорыту ағзаларынан бастау алады.
Мацерация әдетте төлдің барлық жұмсақ ұлпаларының толық еруімен аяқталады; жатыр қуысында сарғыш-буырыл, кейде ақ түсті ұнамсыз иісті төлдің сегменттерінен тұратын масса жиналады. Егер малда күйлеу басталса онда жатыр ішіндегі сұйықтықтан босайды, бұл әсіресе оны бүркігенде байқалады. Көбіне мацерацияланған төлдің жұмсақ ұлпалары әлсін-әлсін сыртқы жыныс ағзаларынан бөлінеді.
Кейде мацерация қабыну үрдісімен шиеленесіп жатырдың барлық қабаттары қамтиды. Кейде іріңді-шірітетін микроорганизмдердің енуі малда септицемия немесе пиемия тудырады.
Қос төлділікте бір төл мацерацияға ұшырап, екінші төл әдеттегідей дамиды (толық емес іш тастау).
Диагноз қою қиындық тудырмайды. Мацерацияның басты симптомы буаздылық белгілері дамуының тоқталуы. Тік ішек арқылы жатырдың флюктуациясын сезуге болады.
Әдетте мацерация көрсеткішіндегі белгі жыныс органдарынан малдың жалпы жағдайы нашарлауымен қатар ақ немесе қоңыр түсті сұйықтық бөлінуі.
Болжау - анасының өміріне күмәнді, ал төл үшін әдетте қолайсыз, өйткені кейіннен мал ұрықтанбайды немесе онда үйреншікті іш тастау дамиды.
Емі. Сиырлардың тері астына 2-5 мл 1%-ды синестролдың майлы ерітіндісін, 8-10 мл питуитрин, 50-60 ЕД окситоцин немесе басқа жатырлық заттар егеді, жатыр мойынына анестезия жүргізеді. Жатыр мойынын жасанды жолмен кеңейтеді де жатыр қуысын асептикалық ерітінділермен жуады. Жатыр ішінен төл қаңқасы сегменттерін және еріген ұлпаларын жуып шығару үшін ас тұзының гипертоникалық ертіндісін (5-10%-дық) қолдану орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет